Академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің оқытушы-профессорлары мен жас ғалымдары халқымыздың ұлы перзенті, академик Қаныш Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.
Қаныш Сәтбаев атындағы көшеде орналасқан академик Қаныш Сәтбаев ескерткішіне гүл қою рәсімі – университеттің жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын тағылымды шараларының бірі. Бұл күні ғылым жолын таңдаған жандарға құрмет көрсетіліп, жас буынға үлкен өнеге беріледі.
Іс-шара аясында қазақ ғылымының көрнекті өкілі, академик Қаныш Сәтбаевтің тағылымды мұрасы мен өнегелі өмір жолы кеңінен насихатталды. Ғалымның «Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз» деген нақыл сөзі бүгінгі жастар үшін де өзектілігін жоймай, оларды білім мен ғылымға адал болуға, биік мақсаттарға ұмтылуға үндейді.
Сонымен қатар, аталған шараға өңіріміздің колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысып, ғылымға деген құрметтерін білдірді.
Ғылым – ел болашағының кепілі. Барша ғылым қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, тың жаңалықтар мен толағай жетістіктер тілейміз!
📷 Дополнительные изображения