Media Image
09.04.2026 9

Жасанды интеллект пен тарих ғылымына арналған ғылыми семинар өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының бастамасымен «Жасанды интеллект дәуіріндегі тарихшының рөлі: дерек көзін талдаудан этикалық жауапкершілікке дейін» тақырыбында ғылыми семинар ұйымдастырылды. 

Семинардың басты мақсаты – жасанды интеллекттің тарих ғылымындағы мүмкіндіктерін саралап, цифрлық дәуірдегі деректану мен ғылыми этика мәселелерін талқылау. Жиында ғалымдар, оқытушылар, жас зерттеушілер мен студенттер бас қосып, ЖИ-дің тарих саласына әсері туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында қатысушылар жасанды интеллекттің тарихты зерттеудегі рөлі, Big Data мүмкіндіктері, цифрлық архивтермен жұмыс істеу, сондай-ақ deepfake технологияларының этикалық қырлары сияқты өзекті тақырыптарды қозғады. Сонымен қатар, ЖИ-ді білім беру үдерісінде қолданудың тиімділігі мен шектеулері де жан-жақты талқыланды.

Семинар соңында қатысушылар ұсыныс-пікірлерімен алмасып, ғылым мен білім беру саласында жасанды интеллектті тиімді әрі жауапкершілікпен қолданудың маңыздылығын атап өтті.

📷 Дополнительные изображения