Секциялық отырыстар жалғасуда
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде өтіп жатқан «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында түстен кейін секциялық отырыстар жалғасуда.
Конференцияға қатысушылар алты бағыт бойынша ұйымдастырылған секцияларда жұмыс істеуде. Атап айтқанда, филология ғылымдары, физика-математикалық және техникалық ғылымдар, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, экономика және құқық ғылымдары, педагогикалық ғылымдар, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары секциялары бойынша ғылыми баяндамалар тыңдалып, өзекті мәселелер талқылануда.
Секциялық отырыстар барысында қатысушылар өз зерттеулерін таныстырып, пікір алмасуда.
📷 Дополнительные изображения