Колледж студенттеріне бағдар беру жұмыстары жүргізілді
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің мамандары Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледждің бітіруші курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға оқу үдерісі, білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, студенттік өмір және университеттің заманауи инфрақұрылымы туралы толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар білім беру гранттары жөнінде мәлімет берілді.
Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, университет өкілдерінен толық жауаптар алды. Сондай-ақ оларға білім беру траекториясын және болашақ мамандығын таңдауға қатысты практикалық ұсыныстар берілді.
Кездесу нәтижелі өтіп, бітіруші түлектердің жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттану деңгейін арттыруға ықпал етті.