«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы»
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде.
Аталған шараға отандық және шетелдік зерттеушілер, оқытушылар мен студенттер қатысып, ғылымның әртүрлі салалары бойынша өзекті мәселелерді талқылауда.
Конференция филология, техника, IT, экономика, құқық, педагогика және жаратылыстану ғылымдары бағыттарын қамтып, офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп отыр.