Media Image
06.04.2026 5

«Адал азамат – сау өмір» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті

Бүгін Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Жастар саясаты департаменті және Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Заң мен тәртіп» жобасы аясында интеллектуалды ойын ұйымдастырылды.
Қатысушылар құқықтық сауаттылық пен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Ойын барысында білім алушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзара бәсекеге түсіп, шапшаңдықтары мен білім деңгейлерін дәлелдей білді.

🏆 Нәтижелер:
🥇 1 орын – Экономика және құқық факультеті
🥈 2 орын – Көптілді білім беру факультеті
🥉 3 орын – Студенттік парламент

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен жоғары дайындықтары үшін алғыс білдіреміз!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

📷 Дополнительные изображения