Медиа ресурстар
Атырау университетінде информатика пәнінен Республикалық пәндік олимпиада өтті!
Жаңалықтар

Атырау университетінде информатика пәнінен Республикалық пәндік олимпиада өтті!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде информатика мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламалары тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиада – 2025 өтті!
Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 16 жоғары оқу орнының үздік студенттері қатысты. Қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылған бұл білім сайысында студенттер бағдарламалау бағыты бойынша білімдерін сынап, кәсіби шеберліктерін көрсетті.
Олимпиада 1 турдан тұрды, студенттер есептер шығару (бағдарламалау) бойынша бақ сынап, алгоритмдік ойлау, логикалық тапсырмалар және нақты практикалық есептер беріліп, соларды шешу арқылы білім деңгейлері бағаланды.
Олимпиада жеңімпаздары:
I орын
– «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда университетінің студенттері:
Турусбек Ерасыл, Есмамбетов Исатай.
II орын
– Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің студенттері:
Мұхаметкәрім Қаныш, Сембинов Алмат;
– Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері:
Нұрғазы Ермахан, Сағындыков Елдар.
III орын
– Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері:
Халдар Әмірбек, Ақиқат Халифа;
– Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенттері: Кендебай Нұрғали, Ошақбай Аружан;
– Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері:
Әбдірәсіл Айдана, Зұлпыхар Кәусар.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!