2026 Science-cafe
2026 Science-cafe
Кафедра меңгерушісі Айгуль Айтмухановна Султангубиева Атырау университетінің Science Cafe отырысында Қазақстан Республикасының Болашақ халықаралық стипендия бағдарламасының "500 ғалым" жобасы аясында АҚШтағы Миннесота штаты, Твин ситиез, Миннеаполис қаласындағы Миннесота университетінде 2025 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айы аралығында 1 жылдық ғылыми тағылымдамадан өтіп келгені туралы "Building Global Scientific Networks: My Internship experience in the United states" тақырыбына презентация жасады. Ол презентация бастамас бұрын келген профессор-оқытушылар құрамына мотивациялық сұрақ қоюмен бастап, сұраққа белсенді жауап бергендерге Миннесота университетінің символикасы бар сыйлықтар таратты.
Айгуль Айтмухановна 1 жыл бойы ғылыми тағылымдама жүріп, Миннесота университеті қабырғасында білген, оқыған, зерттеу жүргізген ойларымен бөлісіті, сонымен қатар Миннесота университетіндегі мүмкіндіктерді және олардың ерекшеліктерін атап кетті және өзінің Атырау университетін енгізуге болатын ұсыныстарында жеткізді. Презентация өте қызықты өтті, тыңдауға келген қатысушылар Айгуль Айтмухановнаға ризашылығын білдірді.








20 ақпан күні Атырау университеті ұйымдастыратын Science Cafe ғылыми отырысында Психология және педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Баянбаева Әйгерім Рақымғалиқызы “Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарда эмпирикалық зерттеулер жүргізу және Scopus, Web of Science базаларына кіретін журналдарда мақалалар жариялау” тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Әйгерім Рақымғалиқызы - “Болашақ” бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы Бристоль университетінің докторантурасын тәмамдаған. Ол Scopus және Web of Science базаларындағы Q1 жоғары импакт-факторлы журналдарда мақалалар жариялаған әрі тұрақты рецензент болып табылады.
Семинар барысында эмпирикалық зерттеудің мәні мен кезеңдері, Scopus және Web of Science базаларындағы журналдардың мақала құрылымына қоятын талаптары, ақылы және ақысыз журналдарда мақала жариялау ерекшіліктері, сондай-ақ батыстық академиялық жазу талаптары кеңінен талқыланды. Семинар университеттің профессор-оқытушылар құрамына халықаралық деңгейде сапалы ғылыми зерттеу жүргізу мен жариялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған пайдалы іс-шара болды.







2026 жылдың 26 ақпан күні сағ: 15.30 да, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен Science Cafe ғылыми отырысында Экономика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Мугауина Райхан Улжагалиқызы мен магистр, сеньор-лектор Мейрамгул Діңғазиева Дүзелбаеваның “Мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек нарығына және жоғары білім беру үдерісіне интеграциялау” атты тақырыбында зерттеу жұмысының жүру барысы туралы шара өткізілді. Бұл аталған тақырып аясы екі құрылымдық бағытта зерттелуде.
1-ші. Аймақ шеңберіңде “Мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек нарығына және жоғары білім беру үдерісіне интеграциялау” бағыты Атырау облысы бойынша қауымдастырылған профессоры, PhD Р.У. Мугауина зерттеу жұмыстарын таныстырды, 2-ші бағыты “Мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек нарығына және жоғары білім беру үдерісіне интеграциялау” білім беру жүйесіндегі оның ішінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мысалында магистр, сеньор- лектор Мейрамгул Діңғазиева Дүзелбаева баяндады.
Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі адамдардың жоғары білім беру үдерісі мен еңбек нарығына интеграциялануын кешенді түрде зерттеу – теориялық және практикалық тұрғыдан өзекті мәселе екендігін, инклюзивті білім беру мен еңбек саясатының өзара байланысын талдау олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалануға, адами капитал сапасын арттыруға және қоғамның тұрақты дамуына ықпал ететіндігі айтылды.
Зерттеу жұмысы мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алу және еңбекке араласу тетіктерін жүйелі түрде қарастырып, институционалдық кедергілерді анықтауға және инклюзивті саясатты жетілдіруге негіз болуда.







Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2026 жылдың 11 наурызында «Sciene Cafe» кезекті отырысында Халықаралық әріптестік және интернационалдандыру кеңсесінің жетекшісі Дәулетова Гүлзира Абайқызы «Жаһандық білім беру интеграциясы жағдайындағы академиялық ұтқырлық және акедемиялық адалдық мәдениеті» атты тақырыбында оқытушылар мен студенттерге арналған шара өткізілді.
Іс-шара барысында қазіргі жоғары білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде дамуы, білімнің интернационалдануы, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы кәсіби дамуы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар академиялық ұтқырлықтың жеке тұлғаның кәсіби құзыреттілігін арттырудағы, ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытудағы және халықаралық академиялық ортаға бейімделудегі рөлі атап өтілді.
Шара аясында академиялық адалдық қағидаттарының маңыздылығы ерекше назарға алынды. Академиялық адалдық – білім беру және ғылыми қызметтегі адалдық, жауапкершілік, әділдік және өзара құрмет құндылықтарына негізделетін маңызды мәдениет екені айтылды. Бұл қағидаттарды сақтау университеттің академиялық беделін нығайтып, білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ қазіргі цифрлық дәуірде академиялық адалдыққа төнетін жаңа сын-қатерлер мен оларды еңсерудің жолдары талқыланып, студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми этика мен академиялық жауапкершілікке саналы көзқарасын қалыптастырудың маңызы атап өтілді.
Қорытындылай келе, академиялық ұтқырлық пен академиялық адалдық – жаһандық білім беру кеңістігіндегі табысты интеграцияның негізгі факторлары екені атап өтілді. Университет қауымдастығы білім сапасын арттыру, академиялық мәдениетті нығайту және халықаралық серіктестікті дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра бермек.



