Артқа қайту Еуропалық университеттер қауымдастығы.

Еуропалық университеттер қауымдастығы.

Университеттің халықаралық аренадағы ұстанымын нығайту мақсатында European University Association (EUA) құрамына кіру бойынша қадамдар жасалуда. Аталған ұйым Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарын біріктіріп, академиялық ынтымақтастықты дамытуға, институционалдық автономияны нығайтуға және жоғары білім беру сапасын арттыруға бағытталған кең ауқымды бастамаларды жүзеге асырады. EUA-ға мүшелік университетке халықаралық серіктестік байланыстарын едәуір кеңейтуге, бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру жобаларына қатысуды жандандыруға, сондай-ақ озық еуропалық тәжірибелерді оқу үдерісі мен университетті басқару жүйесіне енгізуге мүмкіндік береді. Бұл жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және халықаралық беделін нығайтуға бағытталған маңызды стратегиялық қадам болмақ.