Артқа қайту
15 ақпан 2026
STEM мен жасанды интеллект — мектепке дейінгі білімдегі тың серпін
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Мектепке дейінгі білім беруде STEM, экология және цифрлық технологияларды интеграциялау» тақырыбында мектепке дейінгі мекеме педагогтерінің III республикалық слеті өтті. Ауқымды іс-шара офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, еліміздің әр өңірінен жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, колледж және мектепке дейінгі мекеме педагогтері бас қосты.Слеттің негізгі мақсаты – мектепке дейінгі білім берудің өзекті бағыттарын талқылау, білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту және педагог-тәрбиешілердің кәсіби мәртебесін арттыру.