Сапалы білім беру
-
Балық өнеркәсібіндегі трендтер мен инновациялар 2025: семинар қорытындылары
«Балық өнеркәсібінің трендтері мен инновациялары 2025: Global Fishery Forum & Seafood Expo Russia-мен негізгі қорытындылар» семинар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өткен «Балық өнеркәсібінің трендтері мен инновациялары 2025: Global Fishery Forum & Seafood Expo Russia-мен негізгі қорытындылар» семинардың мақсаты – әлемдік балық өнеркәсібіндегі заманауи трендтер мен инновациялық тәжірибелерді университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне таныстырып, оларды Атырау өңірінің балық шаруашылығын дамытуға бейімдеу болды. Сонымен қатар семинар: • Атырау университеті мен Астраханьдағы профильдік ЖОО арасында дуальды оқыту, «қос диплом» және білімді жалғастыру мүмкіндіктерін талқылауды; • Өңірдегі балық шаруашылығын индустриялық балық өсіру, табиғи қорды сақтау және балық өнімдерін өңдеу бағытында дамыту жолдарын, ЖИ енгізу перспективаларын қарастыруды; • Балық шаруашылығы бойынша өзекті ғылыми-зерттеу тақырыптарын айқындап, университет ғалымдары мен студенттерін ғылыми жобаларға тартуды; • Саладағы еңбек жағдайының ерекшеліктерін ашып, жастардың кәсіби мотивациясын арттыруды көздеді.

-
Каспий маңы мемлекеттерінің халықаралық экологиялық форумы — өз мәресіне жетті! 2025 жылғы 8–9 желтоқсанда Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Биология және балық шаруашылығы кафедрасының студенттері Каспий теңізінің болашағына арналған маңызды сараптамалық іс-шараға Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қатысты. Екі күнге созылған мазмұнды форум барысында қатысушылар өңірдің негізгі экологиялық мәселелерін талқылады: теңіз деңгейінің төмендеуі, биоалуантүрлілікті сақтау, трансшекаралық қауіптер, климаттың өзгеруі және ғылыми ынтымақтастықтың болашағы. Студенттер пленарлық отырыстарға, тақырыптық сессияларға және дөңгелек үстелдерге белсенді қатысып, «Каспий толқынында» жастар трегіне қосылып, халықаралық командалар құрамында жұмыс істеді. «Каспийдің болашағына арналған идеялар» атты интерактивті воркшоп аясында олар теңіз экожүйесін сақтау жөніндегі жобаларын қорғады. Воркшопқа қатысқан студенттер мен жетекшілер: ✨ Есенаманова М. С. – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор ✨ Сапарова Г. А. – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор ✨ Биология IP 1 курс – 4 студент ✨ Биология IP 2 курс – 4 студент ✨ Биология және ауыл шаруашылығы – 5 студент ✨ Қолданбалы экология 2 курс – 4 студент ✨ Қолданбалы экология 4 курс – 6 студент ✨ Қалдықтарды басқару 2 курс – 1 студент Студенттер креативті әрі тәжірибелік маңызы бар идеялар ұсынды: ластануды азаматтық мониторинг жасауға арналған мобильді қосымшалар әзірлеу, жағалауды тазарту бойынша халықаралық еріктілер лагерін ұйымдастыру, сирек кездесетін түрлерді сақтау бойынша ағартушылық науқандар өткізу. 🦭 Ерекше назар Каспий теңізінің бірегей эндемигі — каспий итбалығын сақтауға аударылды. Презентацияларда студенттер оның санының азаю себептерін (климаттың өзгеруі, мұз жамылғысының қысқаруы, ластану, браконьерлік және аурулар) жан-жақты талдап, түрді қорғау бойынша нақты ұсыныстар жасады: қорғалатын аймақтарды кеңейту, экологиялық бақылауды күшейту, мониторинг жүргізу және ағартушылық жұмыстарды дамыту. ✨ Студенттеріміздің белсенділігі мен бастамашылдығын мақтан тұтамыз! ✨ Олардың қатысуы Каспийдің тұрақты болашағы үшін жастардың нақты шешімдер ұсынуға дайын екенін көрсетеді.
-
Ашық есік күні!
2026 жылдың 5 желтоқсан күні 6В05201-Қолданбалы экология және 6В08401-Балық шаруашылығы мамандығының бітіруші 4 курс студенттері Жайық–Каспий бассейндік инспекциясында өткен ашық есік күніне қатысып, мамандармен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында студенттер: 🔹 су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану бағытындағы мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерімен; 🔹 инспекция жұмысының негізгі бағыттарымен; 🔹 саланың құқықтық-нормативтік негіздерімен; 🔹 экология және балық ресурстарын сақтау саласындағы өзекті мәселелермен танысты. Бұл шара түлектердің кәсіби бағдарын кеңейтіп, мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктерді түсінуге үлкен ықпал етті. Осындай тәжірибелік кездесулер студенттеріміздің болашақ маман ретінде қалыптасуына негіз болатыны анық. Жайық–Каспий бассейндік инспекциясына ынтымақтастығы мен ашық есік күні үшін алғыс білдіреміз!

-
«Экология» кафедрасы оқытушыларының Самарқанд мемлекеттік университетіндегі сыртқы академиялық ұтқырлығы
2025 жылғы 1–8 желтоқсан аралығында «Экология» кафедрасының оқытушылары — PhD, профессор Есенаманова Жанар Санақовна және педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тлепбергенова Анар Ерсаиновна — Шароф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университеті базасында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өтті. Сапар аясында оқытушылар «Экология» мамандығы студенттеріне арналған дәрістер циклын өткізіп, Батыс Қазақстандағы өзекті экологиялық мәселелерді, соның ішінде экожүйелерге антропогендік жүктеме, Каспий өңірінің жағдайы, мұнай-газ өндіру проблемалары және өндірістік әсерді азайту жолдарын талқылады. Трансшекаралық экологиялық ынтымақтастық пен тұрақты табиғат пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар оқытушылар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ғылыми-білім беру әлеуетін таныстырып, жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, ғылыми жобалар, халықаралық бастамалар және студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы баяндады. Сапар барысында география және экология факультетінің деканымен және «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Кобилов Эргаш Эгамбердиевичпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу аясында бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту, академиялық алмасу, ортақ ғылыми зерттеулер жүргізу және жарияланым белсенділігін арттыру мәселелері талқыланды. Тараптар студенттер мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығын кеңейтуге және экологияның өзекті бағыттары бойынша бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді. 2025 жылғы 4 желтоқсанда СамМУ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ахатов Акмал Рустамовичпен кездесу өтіп, екі университет арасындағы стратегиялық ынтымақтастық бағыттары қарастырылды. Талқылау білім беру, ғылым және инновация салаларындағы әріптестікті дамытуға, халықаралық гранттық бағдарламаларға қатысуға және бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыруға арналды. 2025 жылғы 5 желтоқсанда оқытушылар университеттің ғылыми зертханасына барып, биология ғылымдарының докторы, профессор Иззатуллаев Зувайд Иззатуллаевичпен кездесті. Профессор Иззатуллаев — малакология саласының танымал маманы, моллюскалар мен сүліктерді зерттеумен айналысады, Орта Азиядағы су моллюскаларының толық түрлік құрамын анықтап, ғылымға жаңа шамамен 100 түрді сипаттаған. Ол Өзбекстан малакологтар мектебінің негізін қалаушы болып табылады. Қазіргі уақытта ғалым әртүрлі сүлік түрлерін, соның ішінде медициналық сүліктерді зерттеу және өсіру бойынша гранттық жобаларды жүзеге асыруда, бұл экология, биотехнология және медицина тұрғысынан ерекше қызығушылық тудырады. Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, ғылыми өзара әрекеттестікті кеңейтуге, кәсіби тәжірибе алмасуға және жоғары оқу орындары арасындағы серіктестікті дамытуға ықпал етті. Мұндай сапарлар ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, бірлескен жарияланымдар мен ғылыми жобаларға және экология саласында халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға негіз қалайды.

-
Академиялық ұтқырлық аясындағы дәріс: Yessenov University оқытушысының сапары
2025 жылғы 1–5 желтоқсан аралығында Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University) «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Джаналиева Нұргүл Шарипқалиқызыны қабылдады. Сапар барысында Нұргүл Шарипқалиқызы «6В05201 – Қолданбалы экология» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Қалдықтарды басқарудың нормативтік базасы» пәні бойынша дәріс өткізді. Дәріс тақырыбы: «Газдық хроматография әдісімен қалдықтардан бөлінетін газдарды анықтау және оларды рұқсат етілген орналастыру нормативтерін белгілеу». Академиялық ұтқырлық бағдарламасы жоғары білім сапасын арттыруға, тәжірибе алмасуды кеңейтуге және ғылыми-коммуникациялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Бұл формат екі тарапқа да зор пайда әкеледі: студенттер өз кәсіби саласындағы заманауи әдістермен танысып, нақты мысалдар негізінде теориялық білімдерін тереңдетеді, ал оқытушылар кәсіби тәжірибе алмасып, жаңа ғылыми бағыттардың дамуына негіз қалайды. Атырау мемлекеттік университеті Нұргүл Шарипқалиқызына мазмұнды дәрісі және экологиялық білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

-
Академиялық ұтқырлық аясындағы Yessenov University ассистент-профессорының сапары
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында PhD, ассистент-профессор Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (Yessenov University) Букаев Елдар Захаровичті қабылдады. Ол 2025 жылғы 1–7 желтоқсан аралығында Атырау университетінің Жаратылыстану факультеті білім алушыларына офлайн дәрістер өткізді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізгі мақсаты — жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасуды күшейту, оқу үдерісіне заманауи ғылыми тәсілдерді енгізу және оқытушылардың кәсіби дамуына жағдай жасау. Мұндай тағылымдамалар оқытушыға өз пәні бойынша тәжірибе алмасуға, жаңа педагогикалық әдістерді сынақтан өткізуге және ғылыми байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар студенттер үшін бұл бағдарлама өзге университет маманынан білім алып, пәнге қосымша ғылыми көзқараспен танысуға жол ашады.

-
Атырау университетінің студенттері JasSpace Project Challenge 2024 инновациялық жобалар байқауына қатысты
2024 жылғы 26 қазанда Атырау облысының жастарында техникалық және инженерлік дағдыларды дамыту мақсатында JasScience жобасы аясында, STEAM жобалары бойынша, «Caravan of Knowledge» ҚҚ, Еуразиялық Орталық-Азиялық Қоры ҚҚ және Chevron компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған JasSpace Project Challenge 2024 инновациялық жобалар байқауы өтті. Байқауға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «6B05201 – Қолданбалы экология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Тезекбаева Алия мен Адильбекова Арайлым қатысты. Олар экологиялық инновациялар мен тұрақты даму бағытындағы жобасын ұсынды және 3-орынға ие болды. Студенттер байқау барысында командалық жұмыс, жобалық ойлау және экологиялық мәселелерді шығармашылық тұрғыда шешу дағдыларын дамытты. Сонымен қатар, іс-шара кәсіби байланыстарды кеңейтуге, сарапшылармен тәжірибе алмасуға және экология мен тұрақты даму саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға септігін тигізді.

-
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттерінің инновациялық экологиялық жобалар көрмесінің таныстырылымы
2024 жылғы 5 желтоқсанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті студенттерінің инновациялық жобалары мен креативті идеяларының көрмесі «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында БАҚ өкілдері үшін өткізілді. Көрме экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған. Студенттік экологиялық клуб “Экос” жобалары, әсіресе 2024 жылы стартап ретінде қаржыландырылатын жоба “Шыны қалдықтарын пайдаланып эпоксидтік шайырдан өнімдер жасау”, студенттердің өңірдегі өзекті экологиялық проблемаларды шешуге белсенді қатысын көрсетеді. Бұл теориялық білімнің практикалық қолданылуын және «Таза Қазақстан» бастамасына қосқан маңызды үлесті дәлелдейді. Жобаларға талдау: “Шыны қалдықтарын пайдаланып эпоксидтік шайырдан өнімдер жасау” (2024 стартап): Жоба нақты және табысты жүзеге асу ықтималдығы жоғары. Шыны қалдықтарын эпоксидтік шайырға қоспа ретінде пайдалану перспективалы бағыт болып табылады. “Серді қалдықтардан серобетон алу”: Жоба Атырау облысы үшін әлеуетті, себебі мұнай-газ секторында серді қалдықтар бар. Негізгі аспектілер — алынған материалдың беріктігі мен ұзақ мерзімділігі, сондай-ақ дәстүрлі бетонмен салыстырмалы құны. “Шылым қалдықтарын пайдаланып брусчатка жасау”: Жоба оригиналды және шылым қалдықтарын қайта өңдеу мәселесін шешуге бағытталған. Маңызды аспект — алынған материалдың экологиялық қауіпсіздігін зерттеу. “Биопластик алу”: Жергілікті шикізаттан биопластик алу импортты алмастыру және экологиялық жүктемені азайту тұрғысынан үлкен потенциалға ие. Негізгі мәселелер — оптималды шикізатты анықтау және биоыдырайтын пластик өндіру технологиясын әзірлеу. “Экос” клубының жобаларының табысы басқа студенттер үшін үлгі болып, қоғамда экологиялық жауапты көзқарасты таратуға ықпал етеді. Бұл бастамаларды қолдау Қазақстанда таза және тұрақты ортаны қалыптастыруға маңызды қадам болып табылады.

-
«Дарын» инклюзивті ресурстық орталығының ашылуы 2021 жылдың 6 желтоқсанында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қабырғасында маңызды әрі тағылымды оқиға — Инновациялық білім беру факультеті, Психология және арнайы білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен «Дарын» инклюзивті білім беру ресурстық орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама университеттің әлеуметтік жауапкершілігі мен білім берудегі жаңашыл бағытының айқын көрінісі болды. Аталмыш орталық ең алдымен кафедра даярлайтын психология және логопедия білім беру бағдарламалары студенттерінің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру мақсатында құрылды. Бүгінде «Дарын» орталығы тек оқу-тәжірибелік база ғана емес, сонымен қатар университеттегі инклюзивті білім беру бағытында білім алушыларға жан-жақты қолдау көрсететін маңызды кеңістікке айналды. 2025–2026 оқу жылынан бастап Атырау облыстық №1 ПМПК мекемесімен жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында кезекте тұрған 10 ерекше білім беру қажеттілігі бар бала орталыққа қабылданып, логопед және психолог мамандары тарапынан жүйелі түзете-дамыту сабақтары жүргізіле бастады. Бұл — өңірдегі ерекше білімді қажет ететін балаларға дер кезінде кәсіби қолдау көрсетуге бағытталған нақты қадам. «Дарын» орталығының қызметі — бір жағынан, Атырау өңіріндегі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар санының азаюына ықпал етуге бағытталған маңызды әлеуметтік жоба болса, екінші жағынан, болашақ психологтар мен логопед мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға зор мүмкіндік. Студенттер нақты тәжірибе алаңында кәсіби машықтарын дамытып, теориялық білімін шынайы тәжірибемен бекітуде. Орталық қызметі тек түзете-дамыту жұмыстарымен шектелмей, оның базасында инклюзивті білім беру мәселелеріне арналған түрлі дөңгелек үстелдер, аймақтық форумдар және халықаралық конференциялар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл алаң — тәжірибе алмасу мен ғылыми пікірталастың, озық әдістемелерді талқылаудың маңызды орталығына айналды. Атап айтқанда, 2025 жылғы 9 сәуірде Саймон Фрейзер Университеті университетімен бірлесе «ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМ: ӘДІСНАМА, ЗЕРТТЕУ, ТӘЖІРИБЕ» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жоғары деңгейде өткізілді. Конференцияға алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр өңірінен ғалымдар, зерттеушілер мен практик мамандар қатысып, инклюзивті білім берудің өзекті мәселелері төңірегінде мазмұнды баяндамалар жасап, тәжірибе алмасты. Бұл ауқымды шара орталықтың ғылыми әлеуетін арттырып қана қоймай, халықаралық серіктестікті нығайтып, инклюзивті білім беру саласындағы озық тәжірибелерді өңірлік деңгейде енгізуге тың серпін берді. Бұл бастама — инклюзивті қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. «Дарын» орталығы алдағы уақытта да ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға сапалы көмек көрсетіп, білікті мамандар даярлауда өз миссиясын табысты жалғастыра береді деген сенім мол.
-
Диас Исмағұлов Astana International Forum (AIF 2025) форумына қатысты Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің көптілді білім беру факультетінің 3 курс студенті Диас Исмағұлов Astana International Forum (AIF 2025) форумына қатысты.«Ойларды біріктіру, болашақты қалыптастыру» ұранында өткен форумда әлемнің түкпір-түкпірінен келген саясаткерлер, бизнес көшбасшылары, ғалымдар мен сарапшылар бас қосты. Форумда төрт негізгі тақырып талқыланды: сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және тұрақтылық, энергетика және климат, сондай-ақ экономика және қаржы. Аталған халықаралық форумда жасыл технологиялар, энергия сақтау шешімдері, сутегі энергетикасы және көміртекті ұстау мен сақтау (CCS) сияқты инновациялық жобалар таныстырылды.
-
Атырау университетінде «SENIMMEN BIRGE» республикалық студенттер форумы өтті 16 Қазан - АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «SENIMMEN BIRGE» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ФОРУМЫ ӨТУДЕ Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойына орай «SENIMMEN BIRGE» республикалық студенттер форумы бастау алды. Форум аясында университет стадионында 6 киіз үй тігіліп, олар қазақтың біртуар тұлғалары – Қаныш, Халел, Мақаш, Жұмекен, Абай және Қажымұханның есімдерімен аталды. Әрбір киіз үйде ұлттық салт-дәстүр мен мәдениеттің көрінісі ұсынылып, қонақтарға қазақ халқының қонақжайлығы мен рухани байлығы насихатталды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Senimmen Birge» республикалық студенттер форумы өтті. Форум еліміздің түкпір-түкпірінен келген жоғары оқу орындарының белсенді студенттер мен жас ғалымдарды тоғыстырды. Форумның басты мақсаты – ұлы ойшыл Абайдың рухани мұрасын жастар санасына терең сіңіру, білім мен ғылымды дәріптеу, сондай-ақ, жастар арасында бірлік пен өзара сенімді арттыру болды. Форумның ашылу салтанаты Абай бейнесіне арналған театрландырылған көрініспен басталып, ұлы ойшылдың даналық сөздері мен мұрасына құрмет көрсетілді. Форумның ашылу салтанаты Абай бейнесіне арналған театрландырылған көрініспен басталып, ұлы ойшылдың даналық сөздері мен мұрасына құрмет көрсетілді. Алғы сөзінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов «Бүгін Халел университетінде еліміздің отыздан аса университетінен келген жүзден астам жастың басын біріктірген үлкен шара өтіп отыр. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойымен орайластырылған шара ұлы тұлғаның туған жері Семейде басталып, Алтай мен Атыраудың арасын жалғастырғанына куә болып отырмыз. Абай сынды ұлы ойшыл күткендей, білімді де өнерлі, қайратты да қабілетті жастарымыз көбейсе – қазақ елі де өркендеп, көркейе бермек. Біз кез-келген жас азаматтан Абай атамыз сипаттаған, адами, ұлттық қасиеттерді бойына жинақтаған «толық адамды» көргіміз келеді. Бүгінгі форум сіздер үшін берері мол, пайдалы шара болады деп сенемін! Халел университетіне хош келдіңіздер!», - деді. Іс-шараға ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ, Назарбаев университетінің профессоры, «Абайтанушы» Гүлтас Құрманбай, Бостон университетінің магистрі, IT ағартушы, IT аналитик Тимур Бектұр, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Гүлмира Сарина қатысып, мазмұнды баяндамалар жасады. Спикерлер өз баяндамаларында Абайдың «Толық адам» ілімін, оның заманауи жастар тәрбиесіндегі маңызын, сонымен қатар, ақын шығармашылығын цифрландырудың жаңа бағыттарын талқылады. Форум соңында қатысушыларға арналған Этно-ауыл көрмесі ұйымдастырылып, онда ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетіміздің бай қырлары таныстырылды
-
Атырау университеті студенттері ICPC 1/4 финалында жүлделі орын иеленді 2025 жылдың 15 қарашасында Астана қаласында, Astana IT University базасында өткен ICPC халықаралық спорттық бағдарламалау сайысының 1/4 финалына Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Информатика және Бағдарламалық инженерия кафедраларының студенттері мен магистранттары қатысып қайтты. Біздің университеттен 4 команда қатысып, барлығы лайықты өнер көрсетті. Жетекші: Бағдарламалық инженерия кафедрасының кафедра меңгерушісі Жәнібекова І.Ж. Олардың ішінде "Bread Pitt" командасы жоғары нәтиже көрсетіп, 2-орынға ие болды! 2-орын алған команда құрамы: Тілеген Бейбарыс Елжанұлы Сатай Қанат Сәтбайұлы Сарсенғали Шыңғысалихан Аманқосұлы Жетекшісі: Информатика кафедрасының кафедра меңгерушісі Багитова К.Б. Бұл — үлкен еңбектің, дайындықтың және бірліктің жемісі. Жарысқа қатысқан барлық студенттер мен магистранттарға алғыс білдіреміз! Алдағы сайыстарда одан да жоғары жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз.
-
Атырау университетінің студенттері республикалық тележобада жеңіске жетті Ауқымды тележобаға еліміздің 100 жоғары оқу ордасынан қатысушылар тіркеліп, қатаң іріктеу нәтижесінде негізгі кезеңге 32 команда жолдама алды. Осындай тартысты додада студенттеріміз финалға дейін жетіп, шешуші сайыста Халықаралық Бизнес университетінің студенттері Аязбеков Нұрғиса мен Серікұлы Абдрахманмен бақ сынасты. Нәтижесінде, зияткерлік шеберлік пен дәлелді ойдың арқасында 3:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, аталған финалдық сайысты университетіміздің ректоры Саламат Нұрмұханұлы университет студенттерімен бірге тамашалап, команданы қолдап, жеңіске деген сенімін білдірді. Бұл — университет басшылығының жастар бастамасына көрсетіп отырған нақты қолдауының айғағы. Бұл жеңіс — студенттеріміздің жоғары интеллектуалдық дайындығының, азаматтық ұстанымының және университетіміздің сапалы білім беру жүйесінің жарқын көрінісі. Ұлттық арна эфирінен көрсетілетін беделді жобада топ жару — университетіміз үшін республикалық деңгейдегі маңызды жетістік.
-
Атырау университетінің студенттері “AMANAT CUP” пікірсайыс турнирінде жүлделі орынға ие болды
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанды! Астанада өткен “AMANAT CUP” республикалық пікірсайыс турнирінде Атырау облысының атынан қатысқан “Кассирлер” командасы Студенттік лигада жүлделі ІІІ орынды иеленді! Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің мақтаныш студенттері — Бермұханбет Нұрханым мен Қайратова Жадыра. Жеңіске жеткен студенттерді Басқарма төрағасы-ректор Идрисов Саламат арнайы қабылдап, олардың жеңісін жоғары бағалап, алдағы білім бәйгелерінде сәттілік тіледі.

-
«Оқытушы шығармашылығы: жаңашылдықпен зерттеуде» оқу-әдістемелік семинары
2023 жылдың 11 қаңтарда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіндегі әдістемелік декада аясында «Психология және педагогика» кафедрасы «Оқытушы шығармашылығы: жаңашылдықпен зерттеуде» атты оқу-әдістемелік семинарын өткізді. Семинардың негізгі мақсаты – оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, заманауи педагогикалық тәсілдерді (Lesson Study, төңкерілген сабақ, цифрлық білім беру ресурстары) таныстыру және оларды оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдарын талқылау болды. Іс-шара барысында инновациялық оқыту технологияларының тәжірибелік қырлары көрсетіліп, білім алушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған әдістер кеңінен сөз етілді

-
«Өздігінен білім алу және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруда оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерінің рөлі» коучингі
2023 жылдың 9 қаңтар күні Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесі ұйымдастырған «Өздігінен білім алу және командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыруда оқытудың белсенді және интербелсенді әдістерінің рөлі» атты университеттің жас оқытушыларына арналған коучинг жұмысы болды. Коучинг – бұл тиімділікті барынша арттыру мақсатында адам мүмкіндіктерін ашу, адамның кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіру. Коучингте оқытпайды, ол оқуға көмектеседі, жаттықтырады. Сондықтан коучингтің мақсаты: әріптестеріміздің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру. Коучингті әлеуметтік ғылымдар магистрі, аға оқытушы, тренер Нұрсұлтанова Г.Ж. өткізді. Коучинг үдерісінің қадамдық сызбасы, жалпы коучингтің моделі жөнінде әңгіме басталып басты проблемалар анықталған соң, жоспар бойынша командалық жұмыс туралы тренингтер ұйымдастырылды. Іс-шара барысында командалық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, топтық зерттеу, тәжірибе алмасу, бейнематериалдарды талдау және кері байланыс ұйымдастырылып, қатысушылар өз пәндері негізінде тәжірибелік тапсырмалар орындады. Коучинг нәтижесінде жас оқытушылар оқытудағы заманауи тәсілдердің маңызын түсініп, өзара тәжірибе алмасты.

-
«ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа трендтер» оқыту семинары
2023–2024 оқу жылының 7–9 қыркүйек күндері университеттің профессор-оқытушылар құрамына арналған «ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа трендтер» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараны Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесі ұйымдастырды. Семинардың мақсаты – білім беру бағдарламаларының академиялық сапасын арттыру, заманауи педагогке қойылатын кәсіби талаптарды айқындау және ХХІ ғасыр дағдыларын оқу үдерісіне енгізу жолдарын талқылау. Бағдарлама аясында қазіргі педагогтің кәсіби құзыреттілігі, инновациялық білім беру бағдарламалары, hard skills пен soft skills дағдылары, сондай-ақ smart skills және self skills бағыттары сөз болды. Жаңа буын өкілдерін (Z және Alpha) оқыту ерекшеліктері талқыланып, тәжірибелік тренингтер ұйымдастырылды. Семинар соңында психологиялық тренинг өткізіліп, қатысушылар кері байланыс берді. Іс-шара кәсіби тәжірибе алмасуға және оқытушылардың заманауи құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды.

-
«Білім сапасының негізі – заманауи тәсілдерде» әдістемелік семинары
2023 жылдың 22–24 ақпан күндері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Білім сапасының негізі – заманауи тәсілдерде» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Іс-шараны Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесі педагогикалық мамандықтардың бітіруші түлектеріне арнап ұйымдастырды. Семинардың мақсаты – сабақты зерттеу мен зерделеу дағдыларын дамыту, заманауи оқыту тәсілдерін тәжірибеге енгізу жолдарын үйрету және болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға қолдау көрсету. Бағдарлама аясында «Төңкерілген сабақ» технологиясы, «Lesson Study» әдісі, оқудағы іс-әрекетті зерттеу жолдары және педагогтің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мәселелері қарастырылды. Қатысушылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, пікірталас форматында зерттеудің оқу үдерісіндегі маңызы жөнінде батл ұйымдастырды. Семинар студенттердің кәсіби көзқарасын қалыптастыруға, мектеп тәжірибесін зерделеуге бағыт берді. Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларын білдіріп, кері байланыс жасады.

-
Педагогикалық қайта даярлау курсының қорытынды аттестациясы (2023–2024 оқу жылы)
2023-2024 оқу жылының жоспарына сәйкес 22 сәуір мен 17 мамыр аралығында педагогикалық қайта даярлау курсының қорытынды аттестациясы өз жұмысын аяқтады. Курс тыңдаушылары «Биология пәні мұғалімі (6В01505)», «Инженерлік профиль бойынша химия пәні мұғалімі (6В01504)», «География және тарих пәндерінің мұғалімі (6В01510)», «Тарих пәні мұғалімі, тарихшы-зерттеуші, гуманитарлық пәндер оқытушысы (6В01601)», «Бейнелеу өнері және көркем еңбек (6В01404)», «Музыка мұғалімі, қосымша білім беру педагогі (6В01403)» және «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі (6В01701)» білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік емтихандарын тапсырып, өз біліктіліктерін дәлелдеді. Әр мамандық бойынша қорытынды сөз сөйлеген Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің жетекшісі Г.Ж.Нұрсұлтанова қазіргі білім беру жүйесінде ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерудің маңызын атап өтті. Ол болашақ педагогтер тек білім беріп қана қоймай, білім алушылардың алған білімін өмірде қолдана алуына бағыт беруі қажет екенін айтты. Қорытынды аттестация нәтижесінде курс тыңдаушылары педагог мамандығының жауапкершілігін терең түсініп, кәсіби қызметке дайын екендіктерін көрсетті.

-
«Педагогикалық шеберхана» жобасының бір жылдық жұмысы қорытындыланды
2024 жылғы 30 мамырда «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ-ның «Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалымен бірлескен «Педагогикалық шеберхана» жобасының бір жылдық жұмысы қорытындыланды. Жоба 2023 жылдың қазан айында екіжақты ынтымақтастық меморандумы негізінде бастау алып, болашақ мұғалімдердің тәжірибесін шыңдау, мектептегі тәрбие үдерісін терең түсінуіне қолдау көрсету мақсатында жүзеге асырылды. Жоба аясында педагогика бағытындағы студенттерге апталық курс өткізіліп, олар шағын сабақтар көрсетіп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды, қорытынды тест тапсырды. Нәтижесінде бірқатар студенттер тағылымдамадан өтіп, кәсіби байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жоба тәлімгерлік жүйе арқылы жас мамандардың кәсіби бейімделуіне ықпал етіп, тәжірибелі ұстаз бен болашақ педагог арасында тиімді кәсіби диалог қалыптастырды. Іс-шара соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталып, жобаға үлес қосқан мамандарға алғыс білдірілді.

-
Тақырып: Педагогикалық қайта даярлау курсы тыңдаушыларына сертификат табысталды 2024 жылдың 29 мамыр күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 2023–2024 оқу жылында ұйымдастырылған педагогикалық қайта даярлау курсы тыңдаушыларына сертификат табыстау рәсімі өтті. Биыл 6 айлық курсты 56 тыңдаушы аяқтады. Олардың қатарында қала және аудан мектептерінде қызмет атқарып жүрген білікті мамандар бар. Салтанатты шараны университеттің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры Қойшығұлова Ләйлә Ерболатқызы ашып, түлектерге сәттілік тіледі. Курстың жыл сайын кеңейіп, білім беру бағдарламалары санының 7-ден 13-ке дейін артуы – жобаға деген қызығушылықтың жоғары екенін көрсетті. Тыңдаушылар оқу барысында онлайн білім алып, офлайн форматта емтихан тапсырып, өндірістік практикадан өтті. Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы педагогикалық білімі жоқ, бірақ мектепте сабақ беруді мақсат еткен жоғары білімді мамандарға арналған. Бағдарлама білім саласындағы кадр тапшылығын азайтуға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
-
Тақырып: «ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа трендтер» атты оқыту семинары өтті
Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің ұйымдастыруымен Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессорлық-оқытушы құрамына арналған 2024 жылдың ақпан айының 1 – 2 күндері «ХХІ ғасыр дағдылары: білім берудегі жаңа трендтер» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар бағдарламасы білім беруде болып жатқан жүйелі жаңартуларды көрсетеді. Оқытушыларды заманауи кәсіби ақпараттармен қамтамасыз етіп, практикаға бағдарланған сипатқа ие және түрлі бағыт бойынша жүзеге асырылады. ІТ құзіреттілігін арттырып, білім беру үдерістерін цифрландыру және технологиялық трансформациялай алады. Семинарда психология және педагогика кафедрасының доценті, пcихология ғылымдарының кандидаты Жаңылсын Сабирова, бағдарламалық инженерия кафедрасының меңгерушісі PhD, қауым.профессор Салтанат Шармұханбет, аталған кафедраның аға оқытушысы, магистр, магистр Гүлнұр Тұрмұхановаға және информатика кафедрасының аға оқытушысы Гүлзада Дашева практикалық жұмыстарды жүргізді. Оқытушылар «Геймификация әдісін сабақтарда қолдану», «Білім берудегі бұлтты технологиялар» және "Тұлға дамуындағы эмоционалды интеллектінің маңызы" тақырыптарын меңгерді.

-
Тақырып: «PROF қадам: кураторлық және тәлімгерлік» жобасының қорытынды конференциясы өтті
2024 жылдың 16 мамыр күні Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті №41 Әбіш Кекілбайұлы атындағы мектеп-гимназиясымен біріккен «PROF қадам: кураторлық және тәлімгерлік» жобасы бойынша қорытынды конференция өтті. Жоба 2023 жылдың қазан айында екі тарап арасында қол қойылған меморандум негізінде басталған болатын. Оның мақсаты – болашақ мұғалімнің жеке тәжірибесін зерттеу, мектептегі тәрбие жұмыстарын түсіну арқылы кәсіби шеберлігін арттыру және педагогикалық бастамаларын қолдау. Жоба төрт кезеңнен тұрды: ұйымдастыру, студентті кураторлық жұмысқа тарту, бірлесіп сабақ жоспарлау дағдыларын жетілдіру, сабақтағы және сабақтан тыс әрекеттерін талдау. Жоба аясында «Болашақ мұғалімдерді кәсіби дамытудағы тәлімгерлік моделі», «Менің мамандығым – менің болашағым», «Критериалды бағалау» сияқты тақырыптар бойынша кәсіби әңгімелер, практикалық семинарлар, шебер сыныптар өткізілді. Студенттер университеттегі теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, күнделікті сабақтарға қатысып, ашық сабақтарын өткізді. Нәтижесінде түлектердің жас маман ретінде кәсіби-зерттеушілік дағдылары жетілді. Мектеп басшысы Қайырғали Сүйіндікұлы Азилов студенттердің білімді әрі алғыр екенін айтып, диплом алған соң кейбір мамандықтарға жұмысқа орналасу мүмкіндігін жеткізді. Мектептің оқу-ісі меңгерушісі Зирагүл Қанатова жобадағы қатысушылардың біліктілігін жоғары бағалап, олардың ел болашағына үлес қосатынын атап өтті. Жобаның сәтті жүзеге асуы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім сапасын арттырудағы маңызды бастамаларының бірі болып есептеледі.

-
«Аймақтардың орналасуы және бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбындағы ашық тәжірибелік сабақ (6В04107 – Маркетинг) 6В04107-Маркетинг ББ бойынша білім алушыларына «Аумақ маркетингі» пәнінен «Аймақтардың орналасуы және бәсекеге қабілеттілігі» тақырыбымен тәжірибелік ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты аймақтардың орналасу ерекшеліктерін, табиғи-географиялық, экономикалық және инфрақұрылымдық факторларын талдай отырып, олардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін негізгі көрсеткіштерді анықтау және студенттердің аймақтық дамуды бағалау қабілетін қалыптастыру. аймақтық дамуды бағалау қабілетін қалыптастыру мәселелеріне көңіл бөлініп, білім алушылар тәжірибелік жобалар жасалып, қорғалды.
-
Экономика кафедрасындағы «Сарапшы» ғылыми-зерттеу үйірмесінің қызметі Экономика кафедрасында «Сарапшы» ғылыми-зерттеу үйірмесі жұмысы жасайды. Сарапшы» ғылыми-зерттеу үйірмесінің мақсаты: - жоғары білімді мамандар даярлау сапасын нарықтық экономика талаптары сұранысына сәйкестендіре арттыру; - таным мен зерттеудің ғылыми тәсілдерін қалыптасыра отырып, шығармашылық-кәсіби ойлау дағдысын қалыптастыру; - әр студентке шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға, ғылыми зерттеу және ғылыми шығармашылық бағыттағы конкурстарға әрқайсысына сұранысқа сай және мақсатты ұстанымдары мен мүмкіндіктеріне орай толыққанды қатысуды қалыптастыру, құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық бағытта өсуіне жағдай жасау және оны дамыту; - экономикалық мамандықтары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу дағдыларына белсенділіктерін арттыру; - студенттердің кәсіби шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, ғылыми-инновациялық зерттеулерге тарту; - болашақ ғылыми жұмыс үшін қабілетті, дарынды және талантты жастардың тиімді іріктелуін қамтамасыз ету болып табылады.
-
Экономика кафедрасының білім беру бағдарламаларына «Жасанды интеллект» және «Қаржылық сауаттылық» пәндерінің енгізілуі Экономика кафедрасы бойынша 6B04101 – «Экономика», 6В04106-Маркетинг.Менеджмент.Бизнес және 6B04107 – «Маркетинг» білім беру бағдарламаларына Академиялық комитет пен жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде «Жасанды интеллект» және «Қаржылық сауаттылық» пәндері енгізілді, бұл заманауи цифрлық және қаржылық құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Аталған бастама Тұрақты даму бағдарламасының «Сапалы білім беру және адами капиталды дамыту» бағыты шеңберінде іске асырылды. Білім беру бағдарламалары Атырау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Н.Б. Суюнбаевтың, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Көлік комитетінің Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының директоры А.Е. Набиеваның, сондай-ақ «ӘділТансСервис» ЖШС басшысының ұсыныс хаттары негізінде қаралып, толықтырылды. Барлық білім беру бағдарламалары мақсаттарымен, міндеттерімен, күтілетін нәтижелерімен және кәсіби құзыреттіліктерімен толық сәйкестендірілді. Бағдарламалар еңбек нарығының сұранысына бейімделіп, білім алушылардың кәсіби дағдыларын дербес айқындауына мүмкіндік береді.
-
«Жастар мен кәсіпкерлік» XIII Халықаралық Start-Up чемпионатындағы жеңіс
2024 жылы Беларусь сауда-экономикалық университетінде өткен «Жастар мен кәсіпкерлік» ХІІІ Халықаралық Start-Up жобалар чемпионатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 6В04107 – «Маркетинг» мамандығының 3 курс студенттері сәтті қатысты. Экономика кафедрасының сеньор-лекторлары Айгуль Қабджановна Джумаева және Дінғазиева Мейрамгул Дүзелбайқызының жетекшілігімен жүзеге асырылған жобалар – «Объединение молодых предпринимателей “BIZSTART”» және «Обучение с элементами геймификации – Game-Up» – IT технологиясы саласында «Үздік StartUp-жобасы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. «BIZSTART» жобасы жас кәсіпкерлерді біріктіру және қолдау мақсатында инновациялық онлайн-платформа құруға бағытталған, ол пайдаланушыларға пікірлес адамдарды табуға, бизнес-идеялармен бөлісуге және бірлескен жобаларды іске қосуға мүмкіндік береді. «Game-Up» жобасы геймификация элементтері бар білім беру платформасын әзірлеу арқылы студенттердің оқу процесіне қатысуын арттыру және оқу материалын меңгеру сапасын жақсартуға бағытталған.
- AP19678668 «Discord цифрлық платформасы базасында ауылдық шағын жинақты мектеп мұғалімдерін қашықтан кәсіби оқытудың интерактивті (интербелсенді) бағдарламасын әзірлеу»
- Интерактивті оқыту жүйесі
- Қатарлы оқу сызғышы-транспортир
- AP19678865 «Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығында STEM технологиялары негізінде физикалық есептерді шешуді үйрету процесін оңтайландыру»
- 0125РКИ0086. Мұнай өңдеудің технологиялық кешендерін басқару үшін шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету жүйесін құру үшін жасанды интеллект әдістерін қолдану.
- AP22685192 Бұлттық есептеулер және IoT технологиясының интеграциясы негізінде мұғалімдердің даярлықтарын жетілдіруге арналған цифрлық портал әзірлеу
- Педагогтердің біліктілігін офлайн арттыруға арналған портативті құрылғы
- Портативті генераторлық модуль
- 0125РКИ0087. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың еңбек нарығына кіріктірілуінің экономикалық әсері.
- 0125РКИ0091.SciTrack - білім беру процесіндегі есептілік автоматтандырудың ақпараттық жүйесі.
- AP25795485 «Батыс Қазақстан ономастикалық кеңістігіндегі гидронимдердің лингвокогнитивті сипаты»
- 0125РКИ0105 Ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуда қаржылық қолдау механизмін жаңғырту (Атырау облысы мысалында).
- AP25796073 «Жасанды интеллект принциптеріне негізделген қашықтықтан оқыту платформасын құру әдістемесін әзірлеу»
- AP26101249 «Мектептегі білім беруді тиімді және қауіпсіз геймификациялау тұжырымдамасын әзірлеу»
- Digitalization of physical education and its impact on academic performance among secondary school students in Aktobe and Orenburg
- Pedagogical conditions for the development of cognitive independence in physical education lessons.
- «Ұлы Отан соғысы: ерлікпен каһармандық жолы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
- «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» I-7-04-2025.
- «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» I-7-04-2025.
- «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» ІІІ 7-04-2025.
- «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» ІV 7-04-2025.
- «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» V 7-04-2025.
- «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ» VІ 7-04-2025
- «Инклюзивті білім беру жəне қоғам: əдіснама, зерттеу, тəжірибе» халықаралық ғылымипрактикалық конференция. 9-04-2025
- Жинақ «Қазақстанның Батыс аймағы саяси тарихының өзекті мәселелері (ХІХ-ХХ ғғ.)» халықаралық ғылыми семинар жұмысының материалдар жинағы
- «БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДАҒЫ ҚОЛДАНБАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕГІ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ПӘНАРАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР».ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ - ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
- PROFESSIONAL GRAPHIC JUSTIFICATION OF TEST PROGRAMS FOR PROFESSIONALLY SIGNIFICANT QUALITIES ASSESSMENT OF FUTURE SPECIALISTS (ON THE EXAMPLE OF KH. DOSMUKHAMEDOV ATYRAU UNIVERSITY)
- МЕКТЕПІШІЛІК БАҚЫЛАУ - БІЛІМ БЕРУ ОРНЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
- СОЦИАЛЬНОЕ ЗНАЧЕНИЕ И РИТУАЛЬНАЯ СТРУКТУРА СВАДЬБЫ В СОВРЕМЕННОМ КАЗАХСКОМ ОБЩЕСТВЕ: ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ И РАЗЛОЖЕНИЕ ТРАДИЦИОННЫХ ИНСТИТУТОВ
- ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
- Болашақ мұғалімдердің бастауыш сынып оқушыларын мамандыққа бейімдеуге дайындау мәселесі
- THE DESIGN OF AN INSTRUMENT TO ASSESS COGNITIVE LEVELS OF INFORMAL INFERENTIAL REASONING IN HIGH SCHOOL PHYSICS
- THE DESIGN OF AN INSTRUMENT TO ASSESS COGNITIVE LEVELS OF INFORMAL INFERENTIAL REASONING IN HIGH SCHOOL PHYSICS
- PEDAGOGICAL STRATEGIES FOR THE DEVELOPMENT OF LINGUOCONFLICTOLOGICAL COMPETENCE OF LAWYERS: MODERN CHALLENGES AND REQUIREMENTS
- ВНЕДРЕНИЕ МОДЕЛИ МЕНТОРСТВА МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ (В НАЧАЛЕ ИХ НАУЧНОЙ КАРЬЕРЫ) РЕГИОНАЛЬНЫХ ВУЗОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ДЛЯ РАСКРЫТИЯ НАУЧНОГО ПОТЕНЦИАЛА
- Досмұхамедов оқулары - 2025 І ТОМ
- «Study of the influence of artificial intelligence technologies on the independent formation of information culture in teenagers with visual impairments
- The impact of gamified educational applications on secondary school students' achievement in learning english as a foreign language
- Problems of studying the training of physics teachers in the implementation and development of STEM technology
- Досмұхмедов оқулары - 2025 ІІ том 4.12_.
- Досмұхамедов оқулары ІІI том
- Occupational risks in labour law: Kazakhstan’s legal practice and prospects for development
- О реализации принципа соразмерности в административном судопроизводстве
- Indecent assault against minors: legal definition, types, and qualification issues
- Investigation of the adaptation of Kazakhstan students at Sakarya university to the Turkish education system
- Formation learners’ communicative competencies through didactic games
- Болашақ педагог-информатикті оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолдануға дайындау: шолу
- Инклюзивті білім берудегі арнайы педагогтарды даярлаудың үрдістері мен тәжірибелері
- ЖОО-да Халел Досмұхамедов еңбектерін оқытуда сандық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
- Рефлексия как инструмент самосовершенствования в развитии гибких навыков старшеклассников
- Бастауыш білім беруде жасанды интеллектті қолданудың артықшылықтары
- Enhancing the research skills in teaching english through project fest
- Физиканы оқытудағы ғылыми таным әдістері: аналогиялар мен модельдер
- Экономическая оценка влияния цифровизации на образовательные запросы и вовлечённость студентов
- Research in education: a suggested course syllabus for english language teaching departments in Kazakhstan
- Research in education: a suggested course syllabus for english language teaching departments in Kazakhstan
- Мектеп географиясындағы табиғи қауіптерді оқытуда цифрлық платформаны пайдаланудың тиімділігі
- The methodological foundations for developing professional and communicative competence in future philology teachers
- Organization of early career guidance work with schoolchildren
- ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ
- ЛИНГВОКУЛЬТУРОЛОГИЧЕСКИЙ АСПЕКТ В ПРЕПОДАВАНИИ РУССКОГО ЯЗЫКА
- Сравнительный анализ изучения отечественного и зарубежного опыта проблем адаптации студентов
- Педагогтердің цифрлық сауаттылығын қалыптастырудағы жасанды интеллекттің маңыздылығы
- Методические подходы к диагностике психолого-педагогического потенциала учителя начальных классов