15
Құрлық экожүйелерін сақтау
-
Атырау университетінің студенттері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты 2024 жылғы 11 қазанда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 3-курс студенттері, «6В05201 – Қолданбалы экология» білім беру бағдарламасы бойынша, республикалық экологиялық акция Таза Қазақстан аясында «Отбасылық парк» аумағында ағаш отырғызуға қатысты. Студенттер бұл іс-шара арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікті арттырды. Сондай-ақ акция барысында жасыл аллеялар құру, ландшафтық дизайн элементтерін енгізу, табиғатты қорғау және қалалық экожүйені сақтауға бағытталған практикалық дағдыларды меңгеру мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара студенттердің экологиялық санасын арттыруға, ұжымдық жұмыс дағдыларын дамытуға және қоғамда қоршаған ортаны қорғауға қызығушылық тудыруға бағытталды.
-
Атырау университетінің студенттері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттері мен оқытушылар құрамы «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке белсене қатысты. Жайық өзенінің жағасын тазалау барысында қатысушылар табиғатты қорғаудың маңызын насихаттап, қоршаған ортаға жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Университет жастары қоғамның ортақ ісіне атсалысып, экологиялық мәдениетті арттыруға өз үлестерін қосып, тазалық пен жауапкершіліктің құндылығын тағы бір дәлелдеді.
-
Атырау университеті студенттері «Ақжайық» резерватын көгалдандыру акциясына қатысты Атырау университетінің студенттері «Ақжайық» табиғи резерватын көгалдандыру акциясына қатысты 2024 жылғы 17 қазанда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ұйымдастыруымен, «Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне» арналған және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 3 курс «Қолданбалы экология» 6B05201 бағдарламасының студенттері Приморский ауданында ағаш отырғызу жұмыстарында қатысты. Іс-шара «Экология» кафедрасының оқытушыларының басшылығымен өтті, олар студенттерге ағаштарды дұрыс отырғызу, көшеттерге күтім жасау әдістерін түсіндірді және ормандардың өңірлік экожүйе үшін маңыздылығын баяндады. Студенттер далада практикалық тәжірибе алып, экологиялық іс-шараларды ұйымдастыруды үйренді және биоалуантүрлілікті сақтау туралы хабардарлығын арттырды. Акцияға қатысу жастарда экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады, сондай-ақ Атырау облысында көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бастамаларын қолдайды.
-
Экономика кафедрасының өңірлік экожүйені сақтау және аграрлық секторды тұрақты дамытуға бағытталған ғылыми жобалары Экономика кафедрасы өңірлік экожүйені сақтау бағытындағы тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыруда. Атырау облыстық бюджетінен қаржыландыру есебінен өткізілген ғылыми жобалар конкурсының нәтижесінде кафедраның екі жобасы қолдау тапты: «Атырау облысы Жылыой ауданында ауыспалы жайылым жүйесін енгізу» және «Атырау облысының шөлейт аймағы жағдайында экологиялық таза қой және қозы етін өндіру технологиясы». Аталған жобалар табиғи жайылым ресурстарын ұтымды пайдалану, жердің тозуын төмендету, экологиялық қауіпсіз ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және өңірдің аграрлық секторында инновациялық технологияларды енгізу бағыттарына сәйкес келеді. Жобаларды іске асыру өңірлік экономиканың тұрақты дамуына, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.
-
Аридті және тұзданған аймақтардағы жайылым экожүйелерін қалпына келтіру және олардың өнімділігін арттыру Атырау университетінің ғалымдары аридті және тұзданған аймақтардағы жайылым экожүйелерінің өнімділігін арттыру және деградацияланған жерлерді қалпына келтіру бағытында ғылыми зерттеулер жүргізуде. Зерттеулер Каспий маңы шөлейт аймақтарында суармалы жайылымдар құру, тұзды топырақтарға бейімделген жемшөп дақылдарының экологиялық және агроөндірістік әлеуетін бағалау және жайылымдардың биологиялық өнімділігін арттыруға арналған тиімді технологияларды әзірлеуге бағытталған. Ғалымдар Kochia prostrata және Camphorosma monspeliaca сияқты адаптивті өсімдіктердің тұзды және аридті жағдайларға бейімделу ерекшеліктерін, олардың өнімділігі мен қоректік құндылығын зерттеп, деградацияланған жайылымдардың биоалуантүрлілігін қалпына келтіру және тұрақты пайдалану бойынша ғылыми ұсыныстар әзірледі. Бұл зерттеулер Қазақстанның шөлейт және шөл аймақтарындағы жайылым ресурстарын тиімді басқаруға және экожүйелердің тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.
-
«Phytotheri» жобасы – өсімдік және тағам қалдықтарын экологиялық материалдарға айналдыру бастамасы Аймақтық форумда “Phytotheri” жобасы – өсімдік және тағам қалдықтарын экологиялық материалдарға айналдыру бастамасы таныстырылды. Бұл жоба қалдықтарды қайта өңдеу және жасыл экономикаға үлес қосу арқылы өңірдің экологиялық жүктемесін төмендетуге бағытталған. Сонымен қатар, университетте “Eco Álem” экологиялық клубы құрылып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғау бойынша қоғаммен жұмыс жүргізілуде, бұл студенттердің белсенді экожобаларға қатысуына мүмкіндік береді.
- Geobotanical characteristics of plant communities with participation of rare species Alnus glutinosa (L.) Gaertn
- Dependence of mobile sulfur accumulation in soils and hydrogen sulfide emissions on the territory of Atyrau.
- Некоторые проблемы применения понятийного аппарата института «Экологически неблагополучных территорий»
—