Артқа
Оразова Айгерим Бериковна
Физика және техникалық пәндер кафедрасының магистр, оқытушысы. E-mail: orazova.99@mail.ru
Өмірбаян
Білімі және ғылыми тәжірибесі:
Оразова Айгерим Бериковна 2021 жылы Алматы Технологиялық Университеті "Азық-түлік өндірісі" факультеті, "Азық-түлік қауіпсіздігі және сапасы" кафедрасы 6В07501-Стандарттау, сертификаттау және метрология (тамақ өнеркәсібі бойынша) мамандығын бітіріп, 2023 жылы Алматы Технологиялық Университеті "Азық-түлік өндірісі" факультеті, "Азық-түлік қауіпсіздігі және сапасы" кафедрасы 7М07501-Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Жұмыс қызметтері: 2023-2024 оқу жылында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша оқытушы болып қызмет атқарды. 2024 жылдың қыркүйек айынан бері қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Физика және техникалық пәндер” кафедрасында қызмет етіп келеді.
Ғылыми қызығушылықтары: Стандарттау және техникалық реттеу, өнім сапасын басқару жүйелері, сертификаттау және сәйкестікті бағалау, метрология және өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету, халықаралық стандарттар (ISO) жүйесі, сапа менеджменті, өндірістегі сапаны бақылау әдістері, аккредиттеу жүйелері, өнім қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудегі цифрлық технологиялар.