Фотография

Рахметова Майрагуль Тлеповна

магистр - аға оқытушы

Рахметова Майрагүл Тілепқызы – жаратылыстану ғылымдарының магистрі,физика және техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, стратегиялық даму және ғылыми жұмыстар бойынша деканның орынбасары. ҚР Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияның Нортгемптон қаласында ғылыми тағылымдамадан өткен. 2014 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «6M0604-Физика» мамандығы бойынша магистратураны ойдағыдай аяқтады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика -техникалық факультетінің плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасына докторантураға оқуға түсіп, теориялық курсын жоспар бойынша аяқтады және қазіргі уақытта «Болашақ физика мұғалімдерінің экологиялық құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбындағы «8D01501 ФИЗИКА» мамандығы бойынша PhD докторлық диссертация қорғау жоспарлануда. 70 тен астам ғылыми еңбектері бар, соның ішінде 7 авторлық куәлік және SJR импакт-фактор бар журналдарда 7, ҚР БҒМ БҒСҚК бекіткен тізімге кіретін журналдарда 5, 2 монография, 3- оқу құралының, 2 - электрондық оқу құралының авторы. British Council ұйымдастыруымен болған «English for Success» жоба қатысушысы, "Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы — 2019" атағы иегері