Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты

26.02.2026 253

 

 

 

Қойшығұлова Ләйлә Ерболатқызы

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор

📧 l.koishigulova@asu.edu.kz

 

Жастар саясаты департаменті университеттің қоғамдық, әлеуметтік-мәдени іс-шараларын ұйымдастырып, студенттермен тығыз жұмыс жүргізетін құрылымдық бөлімше. ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес жастар саясатын жүзеге асырып, маңызын айқындайды. Университеттегі қоғамдық-тәрбие жұмысы тікелей департаменттің басшылығымен іске асып отырады. Студент-жастардың «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын, қазақ халқының мәдени салт-дәстүрін ұстану, адамгершілік, терең рухани байлық, азаматтық бейнесін қалыптастыруға тәрбиелейді.

 

 

     Жастар саясаты департаменті директоры                                  
       Сейфуллин Сайран Сабырұлы                                         

📧 Sairan.88ss@mail.ru

 

 

 

Жастар саясаты департаменті бөлім басшысы

             Жайлаубайқызы Мөлдір

📧 example@asu.edu.kz

 

Студентке жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытып және сонымен қатар Қазақстанның ұлтжанды азаматы ретінде әлеуметтік қызметте жоғары кәсіби біліктілігін дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Студенттердің гуманисттік дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, ұлтжандылық сана-сезімін, құқықтық және саяси мәдениетін еркіндігі мен өзіндік ар-ұждандық сезімін, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуді қалыптастыруға атсалысады.
Жастар саясаты департаментінің мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік, тұлғалық қалыптасуын және олардың әлеуметтік, инновациялық салада дамуына жағдайлар жасау. Алға қойған мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыруы қажет:
Жастарды әлеуметтік тәжірибеге тарта отырып, оларға өзін-өзі дамытуда әлеуттік мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, ғылыми, шығармашылық жағынан камтамасыз ету және кәсіпкерлік белсенділіктеріне қолдау білдіру.

Қызметкерлер