2025 жыл

18.12.2025 40

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өткен іс-шаралардың 2025 оқу жылының есебі.

14 ақпанда «Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің өзекті мәселелері» форсайт сессиясы өтті.

Форсайт сессияға «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігі өңірлік филиалдарының директорлары (онлайн), «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы филиалының  кеңес мүшелері, квазимемлекеттік сектор өкілдері, ЖОО  өкілдері қатысты.

https://www.facebook.com/share/v/16f2Srfx7V/

 

28 ақпан Экономика және құқық факультетінің Қылмыстық құқық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы, заң ғылымдарының магистрі Б.К.Тажгаринаның ұйымдастыруымен Жалпы университеттің 1 курс студенттеріне арналған «Құқық негіздер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» пәнінен «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  күрестің негізгі принциптері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының субъектілеріжәне олардың өкілеттіктері» тақырыбынды қонақ дәріс өткізді.

 Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының бас маманы Аманиязова Айдана Талғатқызы дәріс қонағы ретінде келіп тақырыпты өзінің практикасымен ұштастыра отырып ашты.

https://www.facebook.com/share/v/1Lh4gbJe2Z/

 

17 сәуір Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Заң және тәртіп айлығы аясында «Жастардың құқықтық сауаттылығы және құқық қорғау органдарына деген  сенімдерін арттыру» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

https://www.facebook.com/share/v/161ivkd4BS/

 

23 сәуір «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облыстық филиалы мен сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында  «BAIZAAR» сауда ойын - сауық орталығында азаматтарға қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

https://www.facebook.com/share/v/1FaXgejCEm/

 

25 сәуір Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің, Экономика жане құқық факультетінің «Қылмыстық – құқықтық пәндер» кафедрасының з.ғ.м., сеньор-лектор Б.К.Тажгаринаның ұйымдастыруымен «Құқық негіздері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» пәнінен «Парақорлық қылмыстық құқықбұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» тақырыбында Дене шынықтыру және спорт мамандықтарының 1 курс студенттеріне қонақ дәріс өткізді.

https://www.facebook.com/share/v/19YdJEju29/

 

30 сәуір Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Заң мен тәртіп» айлығы аясында және Конституцияның 30 жылдығына орай 1-курс студенттері арасында «Жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында жалпыуниверситеттік зияткерлік ойын өтті.

https://www.facebook.com/share/p/16iuDC2XJu/

 

16 мамыр ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен және «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының қолдауымен “Заң және тәртіп” жобасы аясында сотта сөз сөйлеу мен шешендік өнердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы  байқауы өтті.

https://www.facebook.com/share/p/1CYqqNUVhe/

 

27 мамыр «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы бойынша филиалы мен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті бірлесе өткізген «Ең үздік бейнеролик» жобасы өтті.

https://www.facebook.com/share/p/1RP23vvqce/

 

29 мамыр Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің студенттерінен құралған «Ар мен Заң» командасы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінле өткен «ANTIPARACRAFT-2025» республикалық антикоррупциялық квест-ойынында жүлделі ІІ орын иеленді!

https://www.facebook.com/share/p/19YAfMKgcK/

 

30 мамырда Атырауда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің көшпелі отырысы өтті. Атыраудада өткен отырысқа Агенттіктің төрағасы Асқар Жұмағали, Мәжіліс депутаттары, облыс әкімі Серік Шәпкенов, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, жергілікті департаменттер мен басқарламалардың, құқық қорғау органдарының басшылары қатысып, өңірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы талқыланды.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0AaomDwt61xFJJNMvJ3HdrJxXPrQrQqJSnftmhHnvnzeURpbHwyYXLhmUsKW7LMDWl&id=100046033877988

2025 жылдың 3 қазанында 2025–2026 оқу жылында жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тренинг өткізілді. 
Тренингті сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Мұхамбетқалиев Ч.Н. жүргізді. 
Семинар барысында қатысушылар қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің негізгі функционалдық міндеттерімен, сондай-ақ университеттің «Академиялық адалдық кодексімен» таныстырылды.
            Бұдан бөлек, университетте жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат берілді.
    Тренингтің мақсаты — жаңадан қабылданған қызметкерлер арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ университет ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы корпоративтік мәдениетті қалыптастыру болды.