Университет

Стратегиялық даму және интернациоландыру жөніндегі проректор

20.06.2025 256

Стратегиялық даму кеңсесі – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кеңсе университеттің даму стратегиясы мен жоспарларын әзірлеу және түзету бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіруді, олардың орындалуын бақылауды, сондай-ақ үдерістік тәсілге негізделген сапа менеджменті жүйесін басқаруды жалпы үйлестіруді жүзеге асырады.

Кеңсе қызметінің негізгі мақсаты – ұлттық және халықаралық аккредитациялардан табысты өтуге, сондай-ақ ұлттық және әлемдік рейтингтерге қатысуға дайындықты қамтамасыз ету арқылы білім беру қызметтері нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.


Кеңсенің негізгі міндеттері

  • университеттің даму стратегиясының көрсеткіштері бойынша мониторинг жүргізу, қажетті нәтижелерге қол жеткізу және оларды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, уақтылы түзету жұмыстарын ұйымдастыру;
  • университеттің стратегиялық ұстанымдарын айқындау, рейтингтер мен бағалау критерийлеріндегі өзгерістерді жүйелі түрде бақылау;
  • жоғары оқу орындарының ұлттық және халықаралық рейтингтеріне қатысу шеңберінде құрылымдық бөлімшелер қызметін үйлестіру;
  • университетті дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыру кезеңдерін басқару және үйлестіру;
  • басым бағыттарды ескере отырып, стратегиялық жоспарды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
  • білім беру қызметтері сапасының мәселелерін алдын ала болжау және тәуекелдерді басқару;
  • университет қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

 

         

 

                    Шармұханбет Салтанат Русланқызы

               Стратегиялық даму кеңсесінің жетекшісі

                         s.sharmuhanbet@asu.edu.kz

 

                       

 

                            Шотанова Райса Айтжановна
             Стратегиялық даму кеңсесінің жетекші маманы

                             r.shotanova@asu.edu.kz 

 

 

 

 

 

                        Мұстахим Жанерке Жұмагерейқызы

                 Стратегиялық даму кеңсесінің жетекші маманы

                                   zh.mustakhim@asu.edu.kz

 

 

 

 

 


     

 

               Ихсан Шахизада Нұрланқызы
      Стратегиялық даму кеңсесінің  маманы

               sh.ihsan@asu.edu.kz

Стратегиялық даму кеңсесі