Оқуға қалай түсуге болады

23.09.2026 0

Шетел азаматтары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне оқуға түсу үшін құжаттарын келесі тәсілдердің бірі арқылы тапсыра алады:

1. Study in Kazakhstan платформасы арқылы
Өтінімді Study in Kazakhstan ресми платформасы арқылы онлайн беруге болады: studyinkz.kz

2. Университетке тікелей өтініш беру арқылы
Шетел азаматтары құжаттарын университетке тікелей тапсыра алады. Алғашқы кезеңде қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін жіберуге болады. Атырау қаласына келгеннен кейін құжаттардың түпнұсқаларын тексеру үшін ұсыну қажет.

Шетел азаматтары үшін түсу емтихандары қарастырылмаған. Оқуға қабылдау қабылдау комиссиясымен әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар:

  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе жоғары білім туралы құжат (аттестаттың, дипломның немесе білім туралы өзге құжаттың түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі);
  • нострификациядан өткені туралы куәлік (бар болған жағдайда) немесе ХҚКО арқылы нострификацияға құжаттардың тапсырылғанын растайтын қолхат;
  • паспорттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
  • 3×4 см көлеміндегі 4 фотосурет;
  • 075-У нысанындағы медициналық анықтама және флюорография нәтижелері;
  • жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) берілгені туралы куәліктің көшірмесі.

Оқуға түсу немесе құжаттарды тапсыру бойынша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда, бізбен электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: international_office@asu.edu.kz

Оқу ақысы