Ғылыми жұмысы
Информатика кафедрасы білім беруді цифрландыру, жасанды интеллект, бағдарламалау технологиялары және ақпараттық жүйелер салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Негізгі ғылыми бағыттар
-
- Білім берудегі жасанды интеллект, digital education және қашықтықтан оқыту технологиялары.
- Жасанды интеллект, нейрондық желілер және мәтіндік деректерді өңдеу.
- Деректер қорлары мен ақпараттық жүйелер, бұлттық, IoT және АКТ технологиялары.
- Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалық кешендер.
- Білім беру процесін цифрландыру: студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және аралас оқытуды енгізу.
Гранттық ғылыми жобалар
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттары:
- AР 26101249 «Мектептегі білім беруді тиімді және қауіпсіз геймификациялау тұжырымдамасын әзірлеу» (2025–2027 жж., жетекші: п.ғ.к., профессор Идрисов С.Н.).
- AP22685192 – «Бұлттық есептеулер және IoT технологиясының интеграциясы негізінде мұғалімдердің даярлықтарын жетілдіруге арналған цифрлық портал әзірлеу» (2024–2026 жж., жетекші: PhD М.Ж. Мұхамбетова).
- AP25796073 – «Жасанды интеллект принциптеріне негізделген қашықтықтан оқыту платформасын құру әдістемесін әзірлеу» (2025–2027 жж., жетекші: PhD М.Е. Рахметов).
- АР19678865 – STEM технологиялары негізінде оқыту процесін оңтайландыруға арналған жоба (2023–2025 жж., (қатысушылар – ф.-м.ғ.к. Салтанова Г.А., PhD Рахметов М.Е.).
Университетішілік ғылыми жобалар
- Университеттің автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесін әзірлеу жобасы (2024 ж., жетекші: PhD Қ.Б. Багитова, қатысушылар – ф.-м.ғ.к. Салтанова Г.А.).
- «SciTrack» білім беру процесіндегі есептілікті автоматтандыру жүйесі (2025 ж., қатысушы – магистр Шангитова М.Е.).
- StartUP жобалар
- «АБИС LibAU» электронды кітапхана жүйесін жаңғырту жобасы
- Студенттердің цифрлық білім беру платформалары мен мобильді қосымшалар әзірлеу жобалары
- «PhD Mentor» жобасы
- «Psy Connect Junior & Family» жобасы
- «МООС платформасының функционалдығын жаңарту және кеңейту» жобасы
Кафедра студенттері мен магистранттары ғылыми жобаларға белсенді қатысып, республикалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда жүлделі орындар иеленуде.