Білім беру

18.03.2026 8

Информатика кафедрасы бакалавриат және магистратура деңгейлерінде заманауи ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, цифрлық білім беру және педагогикалық әдістеме бағыттары бойынша мамандар даярлайды.

Бакалавриат деңгейінде оқытылатын негізгі пәндер

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Киберқауіпсіздік
  • Деректер қоры және ақпараттық жүйелер
  • Мобильді құрылғылар үшін бағдарламау
  • Жасанды интеллект жүйелері
  • Компьютерлік желілер және бұлттық технологиялар
  • Компьютерлік желілер және ақпараттық қауіпсіздік негіздері
  • Білім берудегі STEM
  • Сандық білім беру ресурстарын жасақтау
  • Алгоритмдер және деректер құрылымы
  • Бағдарламалауға кіріспе
  • Информатикадан олимпиадалық есептерді шешу әдістемесі
  • Компьютерлік графика және дизайн
  • Робототехникаға кіріспе
  • Заманауи деңгейде информатиканы оқыту әдістемесі
  • Информатиканы оқытудың әдістері мен технологиялары
  • Компьютерлік модельдеу негіздері (2D және 3D кескіндеу)
  • Кәсіби қазақ (орыс) тілі
  • Білім берудегі цифрлық технологиялар
  • Информатиканың теориялық негіздері
  • Деректер қоры жүйесі
  • WEB- бағдарламалау
  • Объектіге бағытталған бағдарламалау
  • Программалау
  • Бағдарламалау тілі (С+++)
  • Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету (PhotoShop, CorelDraw, Gimp, Sketch)
  • Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық хат
  • Білім беруде сандық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану
  • Әскери робототехника негіздері
  • Робототехника негіздері
  • Бастауыш сыныптардағы цифрлық сауаттылық
  • Сервер тілдерін программалау (Python, Java, Perl, PHP) 

Магистратура деңгейінде оқытылатын пәндер

  • Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу
  • Бұлттық есептеулер және IoT технологиясы
  • Деректер қорын құру және ақпараттық жүйелерді жобалау
  • Мобильді оқыту және виртуалды шындық
  • Білім беру электрондық басылымдары мен интернет ресурстарын жасаумен  пайдалану
  • Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің зерттеу әдістемесі
  • Білім беруде мультимедиялық қосымшаларды құру
  • Бағдарламалаудың заманауи технологиялары
  • Математикадағы цифрлық білім беру ресурстарын құру
  • VR және AR технологиялары
  • Python көмегімен деректерді талдау
  • Database қосымшалары
  • AI-платформаларды жобалау және бағдарламалық жүзеге асыру

Кафедра пәндері білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес тұрақты түрде жаңартылып, еңбек нарығы талаптарына бейімделіп отырады.