Оқу құралы

- Кафедраның оқу-әдістемелік құралдары
- Бұл оқулық - алгебраның классикалық бөлімдерінің бірі - бір және бірнеше айнымалы көпмүшеліктер теориясына арналған.
- Оқулықта бір және бірнеше айнымалы көпмүшелер теориясының негізгі фактілері баяндалады: көпмүшелердің алгебралық және функционалдық мағынадағы теңдігі қаралады, көпмүшелердің бөлінгіштігі зерделенеді, бүтін коэффициентті көпмүшелердің рационал түбірлерін табу ережелері негізделеді, алгебраның негізгі теоремасы келтіріледі, Безу теоремасы мен Горнер схемасы қаралады, көпмүшеліктер арқылы функцияны интерполяциялау формулалары келтіріледі. Көпмүшеліктер теориясының қосымшалары келтіріледі. Барлық баяндалған материал көптеген мысалдармен бекітілген.
Оқулықты жоғары оқу орнының оқу үдерісіндегі алгебра курсында, мектептегі элективті курстарда, оқушыларды қазіргі заманғы алгебрамен таныстыруда және ғылыми жобаларды жазуда пайдалануға болады. Ұсынылған тақырыптарды өз бетінше меңгеруге мүмкіндік беретін теориялық материал егжей-тегжейлі ұсынылған.
С.Қ.Туматаев, Р.У.Тулеуова, Н.Қ.Шаждекеева Комплекс айнымалы функциялар курсы бойынша жаттығулар мен есептер. Оқу құралы. Атырау, АМУ, 2016. ISBN 978-601-262-246-1
Оқу құралында жоғары математиканың комплекс айнымалы бөліміне қысқа теориямен қатар, жеткілікті мөлшерде жаттығулар мен есептер берілген.
Оқу құралы қазіргі оқу бағдарламасының талабына сай келеді, студенттердің өз бетінше дайындалуына болады, практика сабағына есептер жинағы үшін пайдаланылады. Оқу құралы барлық техникалық жоғары оқу орындары үшін жазылған.
- Тулеуова Р.У. Эконометрикадан дәрістер курсы: Оқу құралы. – Атырау: баспасы/ 2020 – 92 бет. ISBN 9965-509-39-5
«Эконометрика дәрістер курсы» оқу құралы экономикалық процесстер мен статистикалық мәліметтер көрсеткіштерінің негізгі моделдері және талқылау әдістері келтірілген. Теория жеткілікті берілген соң кейбір қиын сұрақтарды қызығушылықпен зерттеледі.
Экономика мамандықтарының студенттеріне, экономика мен басқару саласының магистранттарына арналған.
С.К. Туматаев, Б.С. Турусбекова, Р.О.Тулеуова. Оқу қуралы. «Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия». - Алматы: КазҰТУ, 2010. 501 б.
ISBN 978-601-228-197-2
Бұл есептер жинағы техникалық, жоғары оқу орындары үшін ана тілінде жарық көріп отыр. Оқу қуралында әр тақырыптың алдында анықтамалар, қасиеттері, формулалар, т.б. теориялық, мәселелер және көптеген есептер шешумен беріледі. Мұнда студенттердің 63 беттерімен шешетін есептер де ұсынылады.
Бұл оқу қуралы барлық жоғары техникалық оқу орындарымен қатар, педагогикалық, оқу орындарында, колледждерде оқитын студенттерге, математикадан білімін жетілдіргісі келетін көпілік оқырманға арналған.
Бұл оқу құралы Математика мамандығының 1 курс студенттеріне арналған. Бұл оқу құралында Математикалық талдау пәнінің фундаменті болып есептелетін «нақты сандар жиынының математикалық теориясы беріледі. Содан кейін математикалық талдаудың негізі болып есептелетін «Шектер теориясы» толықтай берілген. Оқу құралын «Физика және информатика», «Информатика» және т.б. мамандықтарының студенттеріне де пайдалануға болады.
Оқу құралында «Математикалық талдау» пәнінің «Көп айнымалылар функциялары» және «Қатарлар теориясы» бөлімдері, жеткілікті мөлшерде жаттығулар мен есептер берілген. Оқу құралын студенттер өзбетіндік дайындалуына және практикалық сабақтарда есептер жинағы ретінде пайдалануына болады. Оқу құралы жоғары оқу орнындағы «Математика», «Физика», «Информатика» және техникалық мамандықтардың студенттері үшін жазылған.
«Дифференциалдық теңдеулер» оқу-әдістемелік құралы кредиттік технология бойынша жоғары оқу орнының математика, физика, информатика мамандықтарында, сондай ақ экономикалық және техникалық мамандықта оқитын сткуденттерге арналған.