Ғылыми жұмысы
Кафедраның ғылыми зерттеулері мен ғылыми бағыттары
Кафедрада іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізіліп, математикалық модельдеу, математикалық білім беру әдістемесі, сондай-ақ пәнаралық ғылыми бағыттар бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру бағдарламалары, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми қорлар арқылы қолдау табуда.
Кафедра оқытушылары іргелі зерттеулер бағдарламалары бойынша бірнеше ғылыми жобаларды орындап келеді. Солардың бірі —
«Теоретические основы математического моделирования установившихся нелинейных теплофизических процессов в жаропрочных сплавах» (жоба №3322/ГФ4) атты ғылыми жоба. Бұл жоба АО «Национальный центр государственной научно-технической экспертизы» қолдауымен 2015–2017 жылдары жүзеге асырылып, жобаның жалпы қаржыландыру көлемі 30 000 000 теңгені құрады.
Сонымен қатар кафедра ғалымдары ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру аясында орындалған бірқатар ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысқан. Солардың бірі: «Термо-напряженное состояние деформируемого твердого тела при наличии теплоизоляции, внутренних точечных источников тепла, температуры, теплового потока, теплообмена и наружных поверхностных сил» атты ғылыми зерттеу (2009 ж.).
Кафедраның ғылыми бағыты математикалық білім беру әдістемесі саласын да қамтиды. Осы бағытта AP №08956312 «Ауыл мектептерінің 5–6 сыныптарында оқушылардың математикалық құзіреттіліктерін қалыптастыру және дамыту үшін этноматематикалық есептердің контентін құрылымдау және модельдеу» атты гранттық жоба 2020–2021 жылдары жүзеге асырылды.
Жас ғалымдарды қолдау мақсатында кафедрада 2024–2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша да ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Атап айтқанда: АР 22685531 «Өзара келісімді потенциалы бар интегралданатын модельдерді зерттеу» атты ғылыми жоба іске асырылуда.
Сонымен қатар кафедра оқытушылары жоғары оқу орындарында білім берудің сапасын арттыруға бағытталған ғылыми жобаларға да қатысады. Солардың бірі — АР №0122РКИ0235 «Билингвальные образовательные программы как способ повышения конкурентоспособности профессионально-коммуникативной компетенции студентов вузов специальностей “Математика” и “Физика”» атты ғылыми жоба.
Осы ғылыми жобаларды жүзеге асыру барысында кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары математикалық модельдеу, дифференциалдық теңдеулер, математикалық білім беру әдістемесі, этноматематика және білім беру технологиялары бағыттарын қамтиды.
Қазіргі уақытта кафедра бакалавриат деңгейінде келесі пәндерді оқытады:
Элементарлық математика
Сызықтық алгебра
Мaтематикалық талдау 1
Аналитикалық геометрия
Мaтематикалық талдау 2
Мaтематикалық талдау3
Кәсіби бағытталған шет тілі
Бағалаудың өлшемдік технологиялары
Математиканы оқыту әдістемесі
Математикалық есептерді шешу практикумы 1
Математикалық есептерді шешу практикумы 2
Шағын жинақты мектептегі оқыту әдістемесі
Математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарды оқыту әдістемесі
Дифференциалды геометрия және топология
Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
Дифференциалдық теңдеулер және дербес туындылы теңдеулер
Математикалық логика және дискретті математика
Нақты және комплектік талдау
Көпмүшеліктер теориясы
Кіріктірілген сабақтарды ұйымдастыру және жоспарлау
Олимпиадалық және логикалық есептерді шешудің әдісі
Сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия
Бір айнымалының функцияларын дифференциал есептеу
Бір айнымалы функцияларын интегралдық есептеу
Есептерді шығару практикумы: тригонометрия
Көп айнымалылардың функцияларын дифференциал және интеграл есептеу
Алгебра және сандар теориясы
Математикалық сауаттылық негіздері
Математикадан оқу ресурстарын әзірлеу