Университет

Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесі

14.11.2025 70

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.    Кеңсенің жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіледі.

    Кеңсенің мақсаты:

- өмір бойы кәсіби даярлықты жетілдіруді қамтамасыз ететін біліктілікті арттыру мен педагогтік қайта даярлау курстарын ұйымдастыру;
- қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың тиімді нысандары мен әдістерін іздеу және енгізу;
- өзінің кәсіби деңгейін арттырғысы келетін профессор - оқытушылар құрамына кәсіби білім алу үшін инновациялық технологиялар негізінде ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру және өткізу.

 Міндеттері: кеңсе қызметі білім беру және кәсіби қажеттіліктерді қанағаттандыруға, тыңдаушының кәсіби дамуына, оның біліктілігінің кәсіби қызмет пен әлеуметтік ортаның өзгеретін жағдайларына сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Кеңседе келесі жұмыс түрлері белгіленеді:

- оқу сабақтарын түрлендіруге ұсыныстар беру, курстар ұйымдастыру және өткізу (дәріс және практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, шебер-сыныптар);
- университеттің оқытушы-профессор құрамына біліктілікті арттыру курс бағдарламаларын жасақтауға кеңес, оны оқу-әдістемелік кеңесте бекітуге ұсыныс беру;
- білікті практик-оқытушыларды, мамандарды тарту;
- қызметтер көрсетуге арналған шарттардың жобаларын әзірлеу және келісу, даярлау, қайта даярлау немесе біліктілігін арттыру;
- курс тыңдаушыларының электрондық базасының жүйесін қалыптастыру және жүргізу;
- университеттің педагогикалық маманды бітіруші түлектерін ұлттық квалификациялық тестілеуге дайындау;
- өткізілетін біліктілікті арттыру және педагогтік қайта даярлау курстарының мониторингі, оқу процесін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
- кеңсенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Университеттің істер номенклатурасына сәйкес іс жүргізуді қамтамасыз ету;
- республикалық және халықаралық іс-шараларға: конференцияларға, семинарларға, конкурстарға және т. б. қатысу.

Құрылым басшысы,осы бөлімге қарасты жауапты мамандар туралы мәліметтер:

Нұрсұлтанова Гүлжан Жаманбайқызы

Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесінің жетекшісі

 nursultanova.g@asu.edu.kz

Күміс университеті

Тәлімгерлік жоба

«Жас оқытушы» мектебі

«Қысқы мектеп» жұмысы

«Жазғы мектеп» жұмысы