Кәсіптік бағдар және маркетинг бөлімі
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Кеңсенің жұмысы жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Негізгі міндеттері:
- Оқытудың барлық сатыларында білім беру процесінің оқу-әдістемелік негіздеріне Мониторинг жүргізу
- ЖОО-ның білім сапасы саласындағы стратегиясы, мақсаттары мен жоспарлары туралы университет персоналы мен білім алушылардың хабардар болу деңгейіне мониторинг жүргізу;
- Білім беру сапасының мониторингі бойынша отандық және шетелдік тәжірибені талдау;
- ЖОО-ның оқу бөлімшелерінде білім беру процесін іске асыру сапасын талдау;
- Білім беру процесіне байланысты кафедралар, деканаттар және басқа да құрылымдық бөлімшелер қызметіне жоғары оқу орнының ішінде мониторинг жүргізу;
- Білім сапасын өлшеу тәсілдерінің бірі ретінде студенттердің университеттің талаптарына және аккредиттеу көрсеткіштерінің талаптарына сәйкестігін қабылдауына қатысты ақпаратты жинау және мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар әзірлеу;
- Оқу бөлімшелерінде білім беру процесін ұйымдастыруға жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу;
- Білім беру сапасын мониторингілеу процестерін регламенттейтін құжаттарды бекітуге дайындау;
- Білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша сауалнама жүргізу;
- Сауалнамалар нәтижелерін талдау;
- Оқу-әдістемелік құралдарды, нұсқаулықтар мен ережелерді әзірлеуге қатысу.
- Университет ПОҚ жалпы рейтингісін, факультеттер, кафедралар рейтингін жасауға қатысу
- Аккредиттеуді өткізу теориясы, әдістемесі және технологиясы мәселелері бойынша Университеттің ішкі сарапшыларына институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу критерийлері мен рәсімдерін түсіндіру үшін семинарлар ұйымдастыру;
- ЖОО-ны институционалдық аккредиттеуге дайындық бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- ЖОО-ның халықаралық аккредиттеу рәсіміне қатысуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеуге дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Тізілімге енген агенттіктер жүргізетін аккредиттеу рәсіміне қатысу;
- Жүргізілген аккредиттеу бойынша сыртқы сарапшылардың ұсынымдарын талдау;
- Білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша сыртқы сарапшылардың ұсынымдарын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
- ЖОО бөлімшелерінің құжатталған үдерістерді, әдістемелер мен нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша қызметті үйлестіру.
Негізгі функциялары:
- Білім беру процесінің ұйымдастыру мониторингі;
- Университеттің білім беру сапасы саласындағы стратегиясы, мақсаттары мен жоспарлары туралы университет қызметкерлері мен білім алушылардың хабардар болу деңгейіне мониторинг жүргізеді;
- Білім беру сапасын мониторингтеу бойынша отандық және шетелдік тәжірибеге талдау жүргізеді;
- Білім беру сапасын мониторингтеу үдерістерін регламенттейтін құжаттарды бекітуге дайындауды жүзеге асырады;
- Университеттің оқу бөлімшелерінде білім беру процесін іске асыру сапасына талдау жүргізеді;
- Білім беру процесіне байланысты кафедралар, деканаттар және басқа да құрылымдық бөлімшелер қызметіне университетішілік мониторинг жүргізеді;
- Білім беру сапасын өлшеу тәсілдерінің бірі ретінде студенттердің университеттің өз талаптарына және аккредиттеу көрсеткіштерінің талаптарына сәйкестігін қабылдауына қатысты ақпаратты жинау және мониторинг жүргізу бойынша іс-шараларды әзірлейді;
- Оқуға дайындықты, қалдық білім деңгейін және т.б. анықтауға арналған сауалнамалар әзірлейді;
- Оқу бөлімшелерінде білім беру процесін ұйымдастыру бойынша жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер жүргізеді;
- Бөлім білім беру қызметі мәселелері бойынша студенттерге сауалнама жүргізуге қатысады.
- Сауалнамалар деректеріне талдау жүргізу;
- Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуге дайындық жұмыстарын ұйымдастырады;
- Аккредиттеуді жүргізудің теориясы, әдістемесі және технологиясы мәселелері бойынша семинарлар ұйымдастырады;
- Университет пен білім беру бағдарламаларының өзін-өзі бағалау есептерін дайындау жұмыстарын үйлестіреді;
- Белгіленген мерзімде университеттің және білім беру бағдарламаларының өзін-өзі бағалау құжаттарын Аккредиттеу агенттігіне жолдайды;
- Институционалдық, мамандандырылған аккредиттеу және постаккредиттеулік мониторинг рәсімдеріне қатысады;
- Өткізілген аккредиттеу бойынша сыртқы сарапшылардың ұсынымдарына талдау жүргізеді;
- Институционалдық аккредиттеу (ИА) қорытындылары бойынша сыртқы сарапшылардың ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
- Білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша сыртқы сараптау комиссиясының ұсынымдарын орындау туралы есептерді дайындау жұмыстарын үйлестіреді;
- Білім беру бағдарламаларын постаккредиттеулік мониторингке дайындау бойынша тексеріс жүргізеді;
- Республикалық аккредиттеу агенттіктерімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия және лицензияға қосымшалар алу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
- Университеттің нормативтік құжаттарының тізілімін жүргізеді;
- Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеудің негізгі қағидаттарын айқындайды;
- Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және түзету қажеттілігін айқындайды;
- Ішкі нормативтік құжаттар жобаларының құжат айналымы талаптарына сәйкестігін тексереді;
- Ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтар жобаларының құжат айналымы талаптарына сәйкестігін тексереді;
- Құрылымдық бөлімшелерге сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін дамыту, үдерістерді құжаттау және нормативтік құжаттарды енгізу мәселелері бойынша консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді.
Құрылым басшысы, осы бөлімге қарасты жауапты мамандар туралы мәліметтер:
Канатбаева Рауза Аблаевна
r.kanatbayeva@asu.edu.kz