Media Image
20.04.2026 0

"Кітап сыйла" акциясы жалғасуда

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған “Кітап сыйла” акциясы өз жалғасын табуда.

Аталған игі шара аясында ректор аппаратының басшысы, қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлфайруз Қайырғалиева өзінің жеке кітапханасынан құнды кітаптарды сыйға тартты. Сонымен қатар, Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының сеньор-лекторы, заң магистрі Венера Наурызова мен қауымдастырылған профессор, т.ғ.к. Санжан Нысанова өздерінің “Заңды көмек алудағы конституциялық құқық” атты авторлық еңбектерін университеттің ғылыми кітапхана қорына табыстады.

Акцияның мақсаты — университеттің интеллектуалдық және мәдени мұрасын сақтау және толықтыру. Сонымен қатар, қызметкерлердің ғылыми еңбектері мен шығармашылық туындыларын студенттерге, магистранттар мен зерттеушілерге қолжетімді ету көзделген.

📷 Дополнительные изображения