Білім беру бағдарламалары

26.03.2026 14

Физика және техникалық пәндер кафедрасы жаңартылған оқу бағдарламасының бағыты бойынша келесі мамандықтарды дайындайды:

Бакалавр:

  1. 6В01515 – Физика
  2. 6В1502 – Физика пәнінің мұғалімі
  3. 6В01509 - Физика және информатика пәндерінің мұғалімі
  4. 6В05302 - Физик-зерттеуші
  5. 6В07501 - Стандарттау, метрология  және сертификаттау

Магистратура:

  1. 7М01504-Білім берудегі физика
  2. 7М05303-Физика және электроника

«ЖОО үздік оқытушысы» атағына п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Абыканова Б.Т. (2016ж), п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Б.У.Қуанбаева (2019ж), магистр, сеньор-лекторлар: Рахметова М.Т. және Бекова Г.Т. (2019ж) ие болды.

         Жыл сайын «Физика пәнінің мұғалімі», «Физика және информатика пәнінің мұғалімі», «Физик-зерттеуші», «Стандарттау және сертификаттау», 7М01504-Білім берудегі физика, 7М05303-Физика және электроника білім бағдарламасының білім алушылары республикалық ғылыми-зерттеу конкурсына және пәндік олимпиадаларға қатысып жүлделі орынға ие болып жүр.

Атап айтсақ, «Үздік  ғылыми жұмыс – 2022»    Халықаралық  ғылыми-зерттеу жұмыстарының  байқауында  5В011000-Физика, 5В012800 Физика-информатика мамандықтарының  4 курс студенттері  Рахыметоллаева  Айдана, Аманкусова Ляззат ылыми  жетекшісі: п.ғ.к., проф. м.а. Абыканова Б.Т.) 1- орынға, ал 7М01504-Білім берудегі физика 1 курс магистранттары  Байғалиева А., Ермахан З.  (ғылыми  жетекшісі: п.ғ.к.,  проф. м.а. Абыканова Б.Т.) 2 - орынға ие болды.

2022-2023 оқу жылында Республикалық ғылыми зерттеу жұмыстар байқауының II- кезеңінің қорытындысы бойынша 6В01509-Физика және информатика мамандығының 2 курс студенті Демеуова Злиха (ғылыми  жетекшісі: п.ғ.к., қауым.проф.Сырбаева Ш.Ж.) 3- орынға, 6В01509 Физика-  және информатика мамандығының 3 курс студенттері Айтимова А., Бактыгалиева Ә. (ғылыми  жетекшісі: п.ғ.к., проф. м.а. Абыканова Б.Т.) алғыс хат алды, ал 7М01504-Білім берудегі физика 1 курс магистранты Валериева Ж.Е. (Ғылыми  жетекшісі: п.ғ.к., проф. м.а. Абыканова Б.Т.) 2-орынға ие болды.

             2 курс магистранттары  Байғалиева А., Ермахан З.  (ғылыми  жетекшісі: п.ғ.к., проф. м.а. Абыканова Б.Т.) зерттеу жұмысы «Мотивирующий фактор профессионального развития педагога в условиях неопределенности дистанционного образования (на уроке физики) тақырыбымен РФ Петрозаводск қ. өткен 23.11.2022ж. «Лучшая исследовательская работа 2022»  ІІІ-халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсында 1-і дәрежелі дипломмен және сертификатпен марапатталды.

             1 курс магистранты Валериева Ж. (ғылыми  жетекшісі: п.ғ.к., проф. м.а. Абыканова Б.Т.) зерттеу жұмысы «Мотивация учебной деятельности студентов в условиях дистанционного обучения» тақырыбымен РФ Казань қ. 28.12.2022ж «Лучшая исследовательская работа 2022»  ІІІ-халықаралық ғылыми-зерттеу конкурсында 2-і орынға,  ал 2 курс магистранты  Байғалиева А. зерттеу жұмысы «Особенности инклюзивного образования в процессе преподавания физики» 1-і орынға ие болды (ғылыми  жетекшісі: п.ғ.к., проф. Абыканова Б.Т.).

             Республикалық пәндік олимпиадаға студенттерді дайындау жұмыстары жүйелі түрде  жүргізіледі. 2022 жылдың 20-21 cәуір айында XIV Республикалық пәндік  олимпиада    байқауында  біздің команда командалық  есепте 2 орынға ие болды. Команда құрамында: 1 курс 6В01502 –Физика пәні мұғалімі студенті    Тойжигит  Нұржас, 2 курс 6В01509- Физика және информатика  пәні  мұғалімі  Бақтығалиева  Әдемі, 3курс 6В01509-Физика  пәнінің мұғалімі Бекболатова  Гүлдана. Жеке есепте    1 курс студенті    Тойжигит  Нұржас Болатбекұлы  3 орынға  ие болды.

             2023 жылдың 24-25 сәуір күндері Қарағанды қаласындағы «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде» өткізілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер арасындағы XV Республикалық пәндер олимпиадасында командалық есеп бойынша II-орын алғаны үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ дипломмен және алғыс хатпен марапатталды.

2024-2025 оқу жылында жоғары оқу орындарының магистранттарының республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауынан Білім берудегі физика» мамандығының 1 курс магистранттары: Фазылова Г.С., Упишева А.М 2-ші дәрежелі дипломмен, ал  Айтимова А.А.,  Сүлеймен М.Қ. (ғылыми  жетекшісі: п.ғ.к., проф. Абыканова Б.Т.)  3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталды.

             2025 жылдың сәуір айында өткен Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінде өткен XVІІ Республикалық пәндер олимпиадасында 6В05302-Физик-зерттеуші ББ студенттері командалық есеп бойынша 3-і орынға ие болды,  Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Жаратылыстану жоғары мектебінде өткен     6В01502-Физика пәнінің мұғалімі ББ-ның 4 курс студенті Тойжигит Н. жеке есепте ІІІ-орын және Торайғыров университетінде 6В07501-Стандарттау, метрология және сертификаттау ББ бойынша Батырбаева Ә. жеке есепте ІІ-орынға ие болды.

Студенттер арасындағы республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурсына қатысып І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен «Физика пәні мұғалімі» ББ-ның  3 курс студенттері Шаншарова Акырыс, Тұмақбай Нұрпейіс (Ғылыми жетекшілері: профессор: Абыканова Б.Т.,магистр, оқытушы Қайыржан М.) 2 орын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен «Физик-зерттеуші» ББ 3-курс студені Ғаниқызы Фатима (Ғылыми жетекшілері: сеньор-лектор Рахметова М.Т., х.ғ.к.Амангосова А.Г.) 3-орынды иеленді.