2026/2027 оқу жылына арналған Еуропаға академиялық ұтқырлық
Құрметті студент, сіз күткен шетелде оқу мүмкіндігі! 🌍
🇰🇿 ҚР-ның Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі тарапынан бөлінетін қаражатпен 2026-2027 күз семестріне Европада оқуға академиялық ұтқырлық бағдарламасына тіркеу ашылды.
Басты критерий:
•GPA 3.0 немесе жоғары болуы
•Ағылшын деңгейі B2 немесе жоғары болуы
•Игерілмей қалған кредиттер болмауы.
Бөлінетін бюджет есебі:
-1 семестр тегін оқу (5 ай)
-ұшақ жолы (барып-келуі)
-жатын орын
-медициналық сақтандыру
-визаға төленетін қаржы
🔸Орын саны: 12 орын
🔹Іріктеу 3 этаптан тұрады.
1 этап: құжаттар жинау. Берілетін мерзім: 4 - 18 наурыз арасы. Бұл этап кезінде барлық қажетті құжаттар болуы шарт. Бір құжат жетіспесе, келесі турға кандидат өткізілмейді.
2 этап: ағылшын деңгейін тексеру бойынша тест (арнайы белгіленеді). Бұл тур бойынша IELTS 6.0 нәтижесімен немесе одан жоғары болатын сертификат болса, автоматты түрде келесі кезеңге өткізіледі.
3 этап: комиссиямен интервью (арнайы белгіленеді)
*Академиялық ұтқырлық бағдарламасына грант және ақылы негіздегі бакалавр студенттері өтініш бере алады.
*Өтініш бере алады:
-1 курс
-2 курс
-3 курс
Қажетті құжаттар:
1.Zip файл папка
2.Жеке куәлік (еговтан)
3.Шетел паспорты (еговтан) (жоқ болса әзірше жеке куәлік)
4.Транскрипт 3 тілде (платонустан)
5.Оқу туралы анықтама 3 тілде (платонустан)
6.Диплома, алғыс хат, сертификат бар болса соңғы 2 жыл үшін (скан көшірмелері)
7.Анкета форма (үлгі)
8.Мотивациялық хат (үлгі)
9.Жеңілдік құжаты бар болса (көпбалалы, жалғызбасты ата-ана, мүгедектік, жетім)
10.Сотталмағаны жөнінде анықтама (еговтан)
11.Психатрия-психикалық туралы анықтама (еговтан)
12.Наркология орталығынан анықтама (еговтан)
13.IELTS (бар болса)