Кафедра тарихы

26.12.2025 52

«Экология» кафедрасы

Экология кафедрасының тарихы 2005 жылдан басталады. Жалпы университеттің тарихында 2001 жылы қыркүйек айында «Зоология, биология және экология» кафедрасында «Экология және табиғатты пайдалану» мамандығы болып ашылды. 2004 жылдан бастап 0506080-Экология (бакалавриат) мамандығы бойынша бірінші рет қабылдау жүргізілді. 2005 жылы «Экология және қоршаған орта» кафедрасы болып ашылды және кафедра меңгерушісі болып Есенаманова М.С. тағайындалды. 2008 жылы осы мамандығы бойынша бірінші жылы 98 студент  оқуын аяқтаған. 2013 жылы Биология және ауылшаруашылық мамандықтары қосылып «Экология және ауылшаруашылық пәндер» деп аталды. 2015 жылы Химия кафедрасымен біріктіріліп  2015-2017 жылдар аралығында «Химия және экология» кафедрасы болды. 2017 жылдың қыркүйек айында «Экология» кафедрасы бөлініп шығып, қазіргі уақытта өз алдына Экология кафедрасы. Кафедра меңгерушісі, профессор, п.ғ.к. Тлепбергенова Анар Ерсаиновна.

Сурет 1- Экология кафедрасының профессор- оқытушылар құрамы (2025ж.)

 

 Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, Тлепбергенова Анар Ерсаиновнақауымдастырылған профессор, п.ғ.к., Есенаманова Мансия Санаковна - профессор, т.ғ.к.,  Есенаманова Жанар Санаковна - профессор, PhD, Шамшеденова Самал Саламатовна - қауымдастырылған профессор, PhD, Тауова Нурсауле Раулқызы - қауымдастырылған профессор, PhD, Рыскалиева Дамиля Кенесовна - аға оқытушы, PhD, Батырбаева Гаухар Лухпангалиевна - магистр, аға оқытушы, Аманжолқызы Самал - магистр, аға оқытушы, Рысжан Әдемі Есенғалиқызы - магистр, оқытушы, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің, экология мамандығы бойынша PhD докторанты, Дюсупов Ерболсын Есболсинович - магистр, қосалқы оқытушы, Культаева Тогжан Сейтжанқызы - магистр, қосалқы оқытушы, Абдығалиева Гүлназ Манарбекқызы -кафедрамыздың лаборант қызметін атқарады. Экология (бакалавриат) оқу бағдарламалары 6В05201-Қолданбалы экология, 6В05202-Экоаналитика және 6В05204-Қалдықтарды басқару мамандықтары бойынша студенттер оқып жатыр. Экология (магистратура) оқу бағдарламалары бойынша 7М05201-Қолданбалы экология мамандығын дайындайды.

Экология мамандықтарының студенттерілеріне «Көп тілдер» бағдарламасы бойынша тереңдетілген ағылшын, қазақ тілі және кәсіптік пәндері бойынша ағылшын тілінде сабақтар жүргізіледі.

Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары кафедраның профессор – оқытушы құрамының басқармасымен «Экос» секция бойынша кружоктың жұмысы ұйымдастырылған, онда студенттер курстық пен диплом жұмыстар бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізеді. «StartUp» - университетішілік жас қызметкерлер мен студенттер арасындағы стартап конкурстарына жобаларын ұсынып, студенттеріміз қаржылай ақшалар ұтып отырады.

Оқу және ғылыми-жұмыстар нәтижелерін студенттерінің жетістіктерінен көруге болады. Осы уақытқа дейін студенттер Республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысып көптеген жүлделі орындарды иеленді.

       2015 жылдың 25-29 науырыз аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде экология пәні бойынша VII Республикалық пәндік олимпиада экология мамандығының студенттері «Мұнайлы өлкесі» атты командалық топпен олимпиадаға қатысып «Жасыл экономикаға көшудің экологиялық тәсілі» атты ғылыми жобада ІІ дәрежелі дипломмен бағаланды.

Экология мамандығының түлектері әртүрлі салада жұмыс жасайды, олар: Атырау облысы бойынша экология департаменті, Атырау облысы табиғат ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ЖШС «Теңізшевройл», Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (НКОК) , Атырау мұнай өндеу зауыты, Жылу электр орталығы, Қазгидрометорталығы, «Ақжайық» табиғи резерваты, облыстық және қалалық СЭС (санитарлық-эпидимиялогиялық стансылар), Төтенше жағдайлар департаменті, «Макат Тазалық» ЖШС, ҚазМұнайГаз» АҚ, «Шыңдау» ЖШС, ЖШС «West dala» қалдықтарды кешенді басқару бойынша сервистік компания, Каспий өңірінің қазіргі замаңғы коледжі, Атырау аграрлық-техникалық коледжі, Атырау бизнес және құқық коледжі, Теңіз балық өндірістік коледжі, облыстық және қалалық орта мектептері және т.б.

2019 жылдан бастап 6М060800-Экология (ғылыми-педагогикалық бағыт) білім беру бағдарламасы бойынша дайындық Астрахань мемлекеттік техникалық университетпен бірлескен екі дипломдық бағдарлама бойынша жүргізілді.

  7М05201-Қолданбалы экология мамандығын бітіруші магистранттар  АДЖИП, Теңізшевройль, Қазмұнайгаз және Ембімұнайгаз сияқты трансұлттық мұнай компанияларын, мемлекеттік және жеке экологиялық ұйымдары Табиғи ресурстар басқармасы, Экология департаменті, Қазгидромет, «Эконорматив», «Аналитикалық зертхана» сияқты мекемелерге жұмысқа кіріп шет ел оқу орындарында білімін көтеріп келген.

6В05201-Қолданбалы экология, 6В05202-Экоаналитика, 6В05204-Қалдықтарды басқару (бакалавриат) және 7М05201--Қолданбалы экология (магистратура) мамандықтары бойынша мынадай мекемелермен келісім шарт жасалды: Атырау облысы бойынша экология департаменті, Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік мекемесі, ЖШС «Казгидромет», ЖШС «Эконорматив», «Акжайық» мемлекеттік  табиғи резерваты, ЖШС «Атмосфералық ауаны  қорғаудың  республикалық ғылыми зерттеу орталығы», Қоршаған ортаны қорғау бойынша аналитикалық  зертхана.

Экология кафедрасының білім беру бағдарламалары бойынша филиал және тәжірибе базалар бірігіп жұмыс жасауда. Олар 6В05201-Қолданбалы экология бакалавриат және 7М05201--Қолданбалы экология мамандықтары "Атмосфералық ауаны қорғау Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы" Келісім-шарт бекітілген №16, 25.02.2021ж.  ЖШС Атырау филиалы базасы Келісім-шарт бекітілген №15, 23.02.2021ж.,  ЖШС «Эконорматив», Атырау облысы бойынша экология департаменті. Келісім-шарт бекітілген №14, 23.02.2021ж. Барлық мекемелердегі филиал тәжірибелер өту базаларындағы жұмыстар жоспарларға сәйкес жүргізіледі.