Кафедра тарихы
Кафедра 2004 жылы «Информатика» кафедрасы ретінде құрылды. Ғылыми кеңестің 2013 жылғы 29 тамыздағы шешіміне сәйкес кафедра «Ақпараттық жүйелер және есептеуіш техника» кафедрасы болып қайта құрылды. 2013–2017 оқу жылдары аралығында кафедра меңгерушісі техника ғылымдарының кандидаты Л.Т. Құрманғазиева басқарды.
2017 жылғы 23 маусымда кафедра атауы «Бағдарламалық инженерия» кафедрасы болып өзгертілді. Кафедра меңгерушісі болып техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.Д. Ғаббасова тағайындалды.
2020 жылдың қыркүйегінен 2022 жылға дейін кафедраны техника ғылымдарының кандидаты Л.Т. Құрманғазиева басқарды. 2022 жылдың ақпан айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін магистр, аға оқытушы Байтемирова Н.Б. атқарды. 2024–2025 оқу жылдары аралығында кафедраны І.Ж. Жәнібекқызы басқарды.
2026 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін PhD, қауымдастырылған профессор А.Ғ. Батырханов атқарып келеді.