Оқу құралы
«Мектептегі оқуға психологиялық-педагогикалық даярлау және диагностикалау» оқу-әдістемелік құралы мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындаудың теориялық және практикалық негіздерін қамтиды. Құралда баланың психологиялық дайындығын анықтау, диагностикалау әдістері мен педагогикалық қолдау көрсету жолдары жүйеленіп берілген.
Оқу-әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне, педагог-психологтерге және педагогика-психология бағыты бойынша білім алушы студенттерге арналған.
Кинжибаева Ф.Б. «Математикалық білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыру әдістемесі (мектепке дейінгі даярлық – бастауыш сыныптар)»: оқу-әдістемелік құрал / Кинжибаева Ф.Б. – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2022. – 80 б. Оқу-әдістемелік құрал студенттерге – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Құралда студенттердің практикалық және өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған тапсырмалардың мазмұны берілген.
Кинжибаева Ф.Б., Акпаева А.Б. «Мектепке дейінгі және бастауыш математикалық білім берудегі сабақтастық (мектепке дейінгі даярлық – бастауыш сыныптар)»: педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2023. – 52 б. Оқу-әдістемелік құрал болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған. Құралда студенттерді математикалық білім берудегі сабақтастықты жүзеге асыруға даярлау мақсатында практикалық сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында орындалатын жаттығулар берілген.
Кинжибаева Ф.Б., Муханбетжанова А.У., Утешкалиева А.М., Испанова Э.Ж., Мусина А.А., Бисалиева Ш.С. «Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар»: әдістемелік құрал. – Атырау: «ASU PRESS» баспасы, 2024. – 30 б. Әдістемелік құрал кәсіби бағдар беруші педагогтарға, мектеп директорларына, әлеуметтік педагогтарға, психологтарға, сынып жетекшілеріне, әдіскерлерге, жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне, қосымша білім беру ұйымдарының мамандарына және қоғамдық ұйым өкілдеріне арналған. Кәсіби өзін-өзі айқындау мәселелері бойынша берілген практикалық ұсынымдар мен әдістемелік материалдар оқушылардың болашақ мамандықты саналы түрде таңдауы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Математика негіздері: №1,2,3 жұмыс дәптері. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) балаларына арналған Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ұсынған / Ә.Б. Ақпаева, Л.А. Лебедева, Ф.Б. Кинжибаева. – Алматы: АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ, 2024. – 40 б.: суретті.
«Математика негіздері» электрондық жұмыс дәптері TopIQ (https://topiq.kz) білім беру платформасында орналасқан.
Муханбетжанова Ә., Муханбетжанова А. М86 «Кіріктірілген білім беру: теория және тәжірибе»: монография. – 3-ші басылым. – Атырау, 2018. – 258 б. Монографияда ғылымдар интеграциясы және қазіргі әлемнің ғылыми бейнесі мәселелерінің философиялық, педагогикалық және психологиялық негіздеріне талдау жасалады. Қазіргі ақпараттық қоғамда білімге қойылатын талаптардың өзгеруі және бұрынғы ақпараттың өзектілігін жоғалтуы кіріктірілген білім беруді қажет етеді. Осы тұрғыдан білім алушыда дүниенің біртұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін кіріктірілген білім берудің психологиялық-педагогикалық шарттары негізделеді. Ұсынылып отырған монография білім берудің жаңа парадигмасына сай Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың кіріктірілген білім беруді жүзеге асырудағы маңызды рөлін айқындайды. Ғылыми еңбек докторанттарға, магистранттарға, студенттерге, жоғары оқу орны оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне арналған.
Муханбетжанова Ә., Муханбетжанова А. Жаңартылған білім беру мазмұнының теориясы мен әдістемесі: оқу құралы. – Атырау, 2018. – 113 б. Ұсынылып отырған «Жаңартылған білім беру мазмұнының теориясы мен әдістемесі» оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған. Оқу құралы білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес педагогикалық білім берудің негізгі бағыттарының бірі — болашақ педагогтың жаңартылған білім беру мазмұнына сай білім берушілік рөлінің өзгеруін теориялық және әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталған.