Оқу құралы

20.04.2026 36

Кафедра мамандықтың оқыту жоспарына сәйкес теориялық және практикалық дайындықты жүргізуге мүмкіндік беретін материалды-техникалық базамен (компьютер сыныптары, телестудия, радиостудия) қамтылған. Кафедра жанында студенттердің оқу қызметінің әр түрімен айналысуға мүмкіндік беретін 5 атаулы аудитория бар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т.С.Амандосов атындағы 328 аудитория, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қаламгер Р.Қ.Отарбаев атындағы 329 аудитория, белгілі журналист, доцент Т.Жауырұлы атындағы 335 аудитория, «Атырау - Ақпарат» медиаорталық 336 аудитория, Қазақстан Журналистер Академиясының Академигі, ҚР Президент сыйлығының лауреаты М.Дорофеев атындағы 327 аудиториялар бар.