Ғылыми жұмысы

18.03.2026 6

Информатика кафедрасы білім беруді цифрландыру, жасанды интеллект, бағдарламалау технологиялары және ақпараттық жүйелер салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Негізгі ғылыми бағыттар

    • Білім берудегі жасанды интеллект, digital education және қашықтықтан оқыту технологиялары.
    • Жасанды интеллект, нейрондық желілер және мәтіндік деректерді өңдеу.
    • Деректер қорлары мен ақпараттық жүйелер, бұлттық, IoT және АКТ технологиялары.
    • Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалық кешендер.
    • Білім беру процесін цифрландыру: студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және аралас оқытуды енгізу.

 

Гранттық ғылыми жобалар

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттары:

  • AР 26101249 «Мектептегі білім беруді тиімді және қауіпсіз геймификациялау тұжырымдамасын әзірлеу» (2025–2027 жж., жетекші: п.ғ.к., профессор Идрисов С.Н.).
  • AP22685192 – «Бұлттық есептеулер және IoT технологиясының интеграциясы негізінде мұғалімдердің даярлықтарын жетілдіруге арналған цифрлық портал әзірлеу» (2024–2026 жж., жетекші: PhD М.Ж. Мұхамбетова).
  • AP25796073 – «Жасанды интеллект принциптеріне негізделген қашықтықтан оқыту платформасын құру әдістемесін әзірлеу» (2025–2027 жж., жетекші: PhD М.Е. Рахметов).
  • АР19678865 – STEM технологиялары негізінде оқыту процесін оңтайландыруға арналған жоба (2023–2025 жж., (қатысушылар – ф.-м.ғ.к. Салтанова Г.А., PhD Рахметов М.Е.).

Университетішілік ғылыми жобалар

  • Университеттің автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесін әзірлеу жобасы (2024 ж., жетекші: PhD Қ.Б. Багитова, қатысушылар – ф.-м.ғ.к. Салтанова Г.А.).
  • «SciTrack» білім беру процесіндегі есептілікті автоматтандыру жүйесі (2025 ж., қатысушы – магистр Шангитова М.Е.).
  • StartUP жобалар
  • «АБИС LibAU» электронды кітапхана жүйесін жаңғырту жобасы
  • Студенттердің цифрлық білім беру платформалары мен мобильді қосымшалар әзірлеу жобалары
  • «PhD Mentor» жобасы
  • «Psy Connect Junior & Family» жобасы
  • «МООС платформасының функционалдығын жаңарту және кеңейту» жобасы

Кафедра студенттері мен магистранттары ғылыми жобаларға белсенді қатысып, республикалық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда жүлделі орындар иеленуде.