Ғылыми жұмысы

27.03.2026 46

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР МЕН СТАРТАПТАР

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Экология» кафедрасында 6В05201 – Қолданбалы экология, 6В05203 – Қалдықтарды басқару, 6В05202 – Экоаналитика білім беру бағдарламаларының студенттері түрлі жобалар мен стартаптарға қатысады:

  1. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2026 жылғы 19 ақпанда «StartUp 2026» стартаптар байқауы өтті. Биылғы жылы байқауға барлығы 31 өтінім қабылданып, комиссия іріктеуінен кейін 17 үздік жоба сарапшылар қарауына жолданды. Байқау қорытындысы бойынша қаржылай қолдауға ие болған жобалардың қатарында экология және биология кафедрасының студенттері ұсынған «Жасыл кампус» жобасы 750 000 теңге көлемінде грант ұтып алды.
    Жоба авторлары: Сәрсенбай Жазира, Мүсіркеп Толғанай, Есбол Нұрила, Төленова Жаным, Мақжан Айым.
    Ғылыми жетекшілері: Тлепбергенова А.Е., Бержанова М.И.
  2. «Фитотери» – өсімдік және тағам қалдықтарын инновациялық материалдарға қайта өңдеу жобасы. «StartUp 2025» байқауының екінші кезеңінде финалға 7 жоба өтті, оның ішінде екеуі экология кафедрасының студенттеріне тиесілі:
    – Досмұхамбетова Дильназ және Ургарчев Дмитрий – «Phyto Кожа» жобасы, 1 400 000 теңге;
    – Аружан Сатым, Досбергенова Мадина және Теңгебаева Алия – эпоксидті шайырдан жасалған сувенирлер жобасы, 1 000 000 теңге.
  3. 6В05201 – «Қолданбалы экология» бағытының 2-курс студенті Досмұхамбетова Дильназ «Bilim zhane Bolashak» халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында І орынды иеленді.
    Ғылыми жетекшісі: Н.Р. Тауова.
  4. «Жер ЭКО Хаб» эко-жобасына 3–4 курс студенттері қатысты: Интимахова Ботагөз, Келімбердина Жібек, Сәдібек Альмира, Қойшығали Темірлан, Әлмұратқызы Әсел. BioLotos командасы сертификат алды.
  5. 6В05201 – «Қолданбалы экология» бағытының 2-курс студенті Досмұхамбетова Дильназ EcoBatys 20 бастамасы аясында «Үй маңындағы қалдықтарды жинау» тренингіне қатысып, сертификатқа ие болды.

 

ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

– PhD, экология кафедрасының қауымдастырылған профессоры С.С. Шамшеденова 2026 жылғы 2–14 наурыз аралығында академиялық ұтқырлық аясында Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде дәрістер оқыды. Ол 6В05201 – «Экология» бағытының 3-курс студенттеріне «Өндірістік экология және химиялық технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасында тәжірибелік сабақтар өткізді.

– 2025 жылғы 1–13 желтоқсан аралығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде экология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Тлепбергенова Анар Ерсаиновна және PhD, профессор Есенаманова Жанар Санақовна Самарқанд мемлекеттік университеті (Ш. Рашидов атындағы) студенттеріне бірқатар дәрістер өткізді.

а) Сапар аясында «Экология» мамандығы студенттеріне Батыс Қазақстанның өзекті экологиялық мәселелері бойынша дәрістер оқылды. Атап айтқанда, экожүйелерге антропогендік жүктеме, Каспий өңірінің экологиялық жағдайы, мұнай-газ өндірісінің мәселелері және олардың қоршаған ортаға әсерін азайту жолдары қарастырылды. Сонымен қатар трансшекаралық экологиялық ынтымақтастық және тұрақты табиғатты пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқытушылар Атырау университетінің ғылыми-білім беру әлеуетін, білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобаларын, халықаралық бастамаларын және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін таныстырды.

б) Сапар барысында география және экология факультетінің деканымен, сондай-ақ «Экология және тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі Қобилов Ергаш Эгамбердиевичпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту, академиялық алмасу, ғылыми зерттеулер жүргізу және жарияланымдық белсенділік мәселелері талқыланды.

в) Сонымен қатар СамМУ халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ахатов Акмал Рустамовичпен кездесу өтті. Кездесу барысында екі университет арасындағы білім беру, ғылыми және инновациялық ынтымақтастықты дамыту, халықаралық гранттарға қатысу және бірлескен конференциялар өткізу мәселелері қарастырылды.

г) Университеттің ғылыми зертханасына бару барысында биология ғылымдарының докторы, профессор Иззатуллаев Зувайд Иззатуллаевичпен кездесу өтті. Ол малакология саласының белгілі маманы, Орта Азиядағы су моллюскаларының толық түрлік құрамын анықтап, ғылымға жаңа 100-ге жуық түр енгізген. Қазіргі уақытта медициналық сүліктерді қоса алғанда, әртүрлі сүлік түрлерін зерттеу және өсіру бойынша ғылыми жобаларды жүзеге асыруда.

– PhD, қауымдастырылған профессор Н.Р. Тауова 2025 жылғы 17–29 қараша аралығында Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде дәрістер оқыды және тәжірибелік сабақтар өткізді.

– 2025 жылғы 1–5 желтоқсан аралығында Атырау университетінде академиялық ұтқырлық аясында PhD Джаналиева Нұргүл Шарипқалиевна дәріс оқыды. Пәні: «Қалдықтарды басқарудың нормативтік базасы». Дәріс тақырыбы: «Қалдықтардан бөлінетін газдарды газдық хроматография әдісімен анықтау және олардың рұқсат етілген орналастыру нормаларын белгілеу».

– 2025 жылғы 1–7 желтоқсан аралығында PhD Букаев Елдар Захарович офлайн дәрістер өткізді. Бағдарламаның мақсаты – жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасу, заманауи ғылыми тәсілдерді енгізу және оқытушылардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

– PhD, профессор Ж.С. Есенаманова 2025 жылғы 10–21 наурыз аралығында Каспий университетінде дәрістер оқыды.

– «Еңбек адамы» бағдарламасының 2025 жылғы шығарылымында техника ғылымдарының кандидаты, эколог Мәнсия Есенаманованың ғылыми жетістіктері көрсетілді.

– Н.Р. Тауова «Атырау» телеарнасына сұхбат беріп, лотос экожүйесінің маңыздылығы (су сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және басқа тірі ағзалар үшін тіршілік ортасын қалыптастыру) туралы баяндады.