2024 жыл

18.12.2025 33

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы өткен іс-шаралардың 2024 оқу жылының есебі.

11 қыркүйек  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушы-профессорлары мен студенттеріне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшылығының қатысуымен «Адалдық сағаты» өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - жас ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және оларға адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

https://www.facebook.com/share/p/16z2Q463NS/

 

15 қазан Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ базасында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 10 жылдығына орай зияткерлік quiz ойыны өтті. Атырау университетінен көптілді білім беру факультетінің студенттері мен Комплаенс-офицері қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.

https://www.instagram.com/reel/DBJulMni4O4/?igsh=c2ZqMTcxa3RwMXFl.

 

30 қараша Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «Саналы ұрпақ» ұйымы ҚР Ұлттық музейінің ғимаратында еліміздің ЖОО студенттерінің қатысуымен «Жастар көзқарасындағы болашақ» атты республикалық форум ұйымдастырды

https://www.facebook.com/share/p/16jbEtbSbM/

 

6 желтоқсан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 9 желтоқсан - «Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.«Сыбайлас жемқорлықтың зияндылығын толық көрсететін кездесулер, пікірсайыстар, куиз ойындары, жемқорлық мәселесінің мәнін ашып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның қоғамға әсері туралы пікір алмасулар университетте жиі өтіп отырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолдары мен тәсілдері, болжалды түсініктерге анықтама беруде  университет қабырғасында «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттер клубы жұмыс жасап тұр. Биыл 10 жылдық мерекеге орай Республикалық деңгейдегі керемет шаралар өтті. Бұл шараларға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттері де қатысып, белсенділік танытты»,- деді басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов алғы сөзінде.Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин, педогогика ғылымдарының докторы, профессор Шолпан Жанұзақова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі жетекшісі Шыңғыс Мұхамбетқалиев, қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Әсел Мухамеддина, «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес студенттік клубының жетекшісі Айгерим Имашевалар мазмұнды баяндама жасады.

Іс-шара соңында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларда белсенділік танытқан қызметкерлер мен студенттерге университет ректоры Саламат Идрисов алғыс хаттар табыстады.Сонымен қатар халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай оқытушылар мен мамандар арасында өткен куиз ойыны жеңімпаздары марапатталды.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0n31pfn2mMv4cJpwStijcz2T4aaAGVxfSaCbRdGB7FKqACbKmchv8C5XXjHHvfpQRl&id=100046033877988

 

9 желтоқсан күні “Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне” орай оқытушылар мен  жас мамандар арасында “Қазақша Quiz” ойыны өтеді.

https://www.instagram.com/reel/DDWCmectsPS/?igsh=ajNqMTBuczZiamNq