Кафедра тарихы

20.04.2026 182

5В050400-«Журналистика» мамандығы «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасы құрамында 2001 жылдан бастап бакалавриат мамандықтары бойынша күндізгі және сырттай оқыту бөлімдеріне алғашқы талапкерлер қабылдады. Сол кездегі кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ө.Жүсіп болды.

2000-2004 жылдар арасында кафедраға сол кездегі облыс әкімі И.Тасмағамбетовтың арнайы шақыруымен келіп республикаға белгілі әдебиеттанушы ғалым, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, академик З.Қабдолов  студенттерге әдебиет теориясы пәнінен дәрістер оқып, Әуезовтану курсын жүргізді. Сол уақыттарда журналистика мамандығының ашылуына үлкен күш жұмсады.

2005-2010 жылдары кафедра меңгерушілігіне филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Т.Садықова болып тағайындалды.

2010 жылдың қараша айынан бастап кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.С.Дүтбаева басқарды.

Журналистика мамандығы алғашында қазақ филологиясы мамандығымен бір кафедрада қатар даярланатындықтан, ерекшеліктеріне байланысты оқу-әдістемелік кеңестер құрылды. Кадр мәселесіне келер болсақ, облыстық телерадиокомитеттен Ләззат Мажитова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Университетінің түлегі Ақтоты Темірғалиева, осы мамандықтың алғашқы түлектерінің бірі Нұргүл Нұрланқызы, тарихшы-журналист Қылышбай Сүндетұлы оқытушылыққа алынды. Сонымен қатар сол кездегі облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы И.Қ.Балмағамбетов, бас редактордың орынбасары Н.Қабылов, ардагер-журналист Ө.Әлімгереев, журналист Д.Аруевтер штаттан тыс жұмыстарға шақырылып, мамандық даярлауда үлкен көмек көрсетті.     

2006-2007 оқу жылында ректораттың қолдауымен оқу телеорталығы ашылды. Біршама сұраныстардың нәтижесінде орталықты кафедраның бөлімі етіп аударып, орталық меңгерушілігіне оқытушы А.Темірғалиева тағайындалып, студиялық сабақтар өткізу, бейнебаяндар түсіру, монтаждау жұмыстарына үйрету қолға алынды. Радиоторабы іске қосылып, арнайы бөлме жабдықталды.

2007-2008 оқу жылында «Журналистік шеберлік» зертханасы ашылды. Зертхана меңгерушілігіне ардагер-журналист, көп жылдар бойы облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы болған Теңдік Жауырұлы қоғамдық негізде тағайындалып, жастардың жұмыс жасауына басшылық жасады. 

2010-2014 оқу жылдарындағы «Қазақ әдебиеті және журналистика» кафедрасының меңгерушісі болып филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айкүміс Қыдырбайқызы тағайындалды.

2014-2015 оқу жылының оқу процесін оңтайландыру мақсатында екі кафедра мамандықтары қосылып, «5В050400 - Журналистика» қазақ филологиясы және журналистика оқытушыларымен толықты.

2016 жылғы 7 қазаннан «Орыс филологиясы және журналистика» кафедрасын филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Т. Мұқашева басқарды. Кафедрада филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Қыдырбаева, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ.Сүндетұлы, аға оқытушы Л.К. Мажитова, магистр Н.Н.Нұрланова, Ф.А., Бижанов оқытушы Балғожиев Ф.М., кафедра лабаранты - Асем Бердешова.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінде ректордың 2017 жылғы 19 маусымдағы бұйрығымен Журналистика кафедрасы өз алдына жеке кафедра болып құрылды.

Кафедрадағы оқыту үрдісі «журналистика» мамандығы бар кезден жиналған журналистикалық білім мен бай тәжірибелерін байланыстырып, жаңа оқыту әдістемелерін белсенді енгізе отырып, оқытудың жаңа технологиялары мен қағидаларын қолданады.

2016-2023 жылдары кафедраны филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Халықаралық Еуразия Телевидение және Радио Академиясының академигі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты Мұқашева М.Т. басқарды.

Кафедрада белгілі ғалымдар мен тәжірибелі журналистер еңбек етті. Олар: аға оқытушы магистрлар Жумабаева А.К., Ж.Қалым, Гилажева Э.И. және сол кезде облыстық «ATYRAY» газетінің Бас редакторы, «Ақпарат саласының үздігі» Балмағамбетов И.Қ.,  «Прикаспийская коммуна» газетінің Бас редакторы, «Ақпарат саласының үздігі»  Шалабаева Н.К., «Қазақстан-Атырау» телеарнасының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Әуесбай Қ., «Қазақстан-Атырау» телеарнасының директорының орынбасары, магистр Халелова Б.П., сол кездегі «Aтырау-Ақпарат» медиа-холдигінің басшысы, PhD Егембердиев И., Қазақстанның Құрметті журналисі «Сарайшық» республикалық журналдың бас редакторының орынбасары Ерғалиев Н.Т.

Кафедрада ЮНЕСКО жанындағы ORBICOM Дүниежүзілік бұқаралық коммуникациялар және журналистика бойынша ұйымының мүшесі, БАҚ саласындағы ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Aтырау - Ақпарат» медиа - холдингі басшысының кеңесшісі Балмағамбетов Исатай, «Сарайшық» республикалық журналдың бас редакторы,  ф.ғ.к. Ниетқалиева Гүлзада, республикалық «Егемен Қазақстан» меншікті тілшісі Шөпеғұл  Жолдасбек, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев сынды т.б. белгілі журналистермен шеберлік сыныптары жүргізіледі.

2019 жылдан бастап «6В03201-Журналистика және ақпарат» білім бағдарламасы бойынша мамандар даярлап келеді.

2023 жылдың қазан айынан бастап №250 бұйрыққа сәйкес кафедра атауы «Журналистика және қоғаммен байланыс» болып өзгерді.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап кафедра меңгерушісі философия ғылымдарының докторы, профессор Ө.Қ.Бекежан.

«Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасында филос. ғ. д., профессор Бекежан Ө.Қ.,   филос. ғ. к. Кенжебаев А.Ә.,  филос. ғ. к. Аймұратов С.Б., аға оқытушылар  Мажитова Л.К., Ахонова М.И., Қайрова Г.Ж. аға оқытушы,  магистрлер Исмурзина Г.Б., Лұкпанов А.А., Төлегенова А.Қ., Тұралиев А.К., Ернар А.А., Нұрланова Н.Н. сынды ғалым-профессор құрамы қызмет жасайды және тәжірибелі журналистер, университеттің баспасөз хатшысы, магистр Ж.Қалым, РТРК «Қазақстан-Атырау» филиалының директоры Т.Р.Утегулов, «Aтырау - Ақпарат» медиа - холдингі басшысының кеңесшісі, «Қазақстанның Құрметті журналисі» И.Қ.Балмағамбетов, Caspian NEWS  облыстық телеарнасының редакторы, магистр А.Аманжанова, аға оқытушы, магистр Г.Ж.Нұрсұлтановалар қосалқы қызмет атқарады. Кафедра лаборанты Н.М.Махамбет .

Кафедрада Халықаралық Еуразиялық Телевидение және Радио Академиясының 1 академигі, 1 Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, 1 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты, 4 ҚР Журналистер Одағының мүшелері жұмыс жасайды.

Кафедра оқытушылары халықаралық ғылыми конференциялар, симпозиумдар жұмысына қатысып республикалық ғылыми гранттарын иемденеді.

 «Журналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасының іс-тәжірибе базасы

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингі

Атырау және Прикаспийская коммуна газеттері және барлық аудандық газеттер

«Caspian News» ЖШС, Атырау қ

«Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы

«Атырау облысы әкімі аппаратының Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 “Атырау LIFE” қоғамдық қорының Азан радиосы

Атырау облысының Полиция департаменті

 «Маңғыстау-Медиа» ЖШС, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Маңғыстау облыстық газеттері мен аудандық газеттер

«Қазақстан» РТРК» АҚ қарасты Батыс Қазақстан облыстық «AQJAIYQ» телеарнасы, Орал қ.

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы РММ

 

Мемлекеттік, қоғамдық ұйымдармен  байланыс
 

Т.С.Амандосов атындағы орта мектеп

«Н. Тілендиев атындағы облыстық кіші өнер академиясы»
 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті

Қазақстан Журналистер Одағы Атырау филиалы

«Сарайшық» республикалық қоғамдық, әдеби-мәдени журналы

 «Ақ Жайық» ЖШС

Атырау облыстық Дін істері басқармасы

«Мағыналы бизнес» PR- агенттігі” ЖШС, Атырау қаласы

Республикалық «Ана тілі» газеті

ЖШС «Медиа-корпарация» «Заң»

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті

«Қазақ газеттері» ЖШС

РММ «Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

«Журналистика мәселелерін зерттеу институты», Астана қаласы