Кафедра тарихы

25.12.2025 45

                                                 География және туризм кафедрасының тарихы

География мамандығы алғашқы рет 1990 жылы Ботаника-география кафедрасы құрамында «география–биология» мамандығы болып ашылды.1993 жылы «география–биология» мамандығы «география–экология» мамандығы болып өзгертілді.Осы жылдар аралығында кафедрада алғашқылардың бірі болып доцент Альжанова Роза Жанасылқызы, аға оқытушы Рахат Кабулович Кабулов, өлкемізге танымал географ, академиялық профессор Каженбаев Есет Каженбайұлы еңбек еткен.1991 жылдан бастап кафедраға Оспанова Гүлнар, 1994 жылдан бастап Жұмағазиев Арман, 1995 жылдан бастап Карамурзиева Жумагүл мен Кузболова Сақтагүл қызметке орналасып, кафедра құрамы жас мамандармен толықты.1998 жылдан бастап «география–экология» мамандығы «География» мамандығы болып қайта өзгертілді. Осы кезеңде кафедра құрамына оқытушылық қызметке Карабалина Сауле Есмұратовна және Нұрғалиева Гүлшат Жалғабайқызы қосылды.«География» мамандығы Тарих-филология факультетінің жанынан 1998–1999 оқу жылынан бастап 030640 – Тарих-география мамандығы ашылуына байланысты, тарих–география мамандығы болып өзгертілді және «Дүниежүзі тарихы» кафедрасы құрамына берілді.2001 жылы «Дүниежүзі тарихы» кафедрасы құрамынан бөлініп, «География және оқыту әдістемесі» кафедрасы өз алдына дербес кафедра болып құрылды. Кафедра меңгерушісі болып Р.Ж. Альжанова тағайындалды және ол 2020 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.№35 мектеп жанынан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филиалы ашылып, филиалдағы география кабинетінде әдістемелік сабақтар мен диплом жұмыстарын қорғау үнемі өткізіліп отырды.

2004–2005 жылдары кафедрада Қалмақ Республикасының Элиста университетінің профессоры, география ғылымдарының докторы, профессор Г.Э. Настинова еңбек етті. Оның жетекшілігімен бірқатар ғылыми мақалалар, монографиялар, оқулықтар жарыққа шықты.2005–2006 оқу жылында кафедрада «Туризм менеджері» мамандығы ашылып, студенттер қабылдана бастады. Жаңа мамандықтың ашылуына орай кафедра жас мамандармен толықты: А.Ж. Мұстафина, Р.М. Гилажев, Ж.Х. Ақтаубаева, А.А. Ондасинова, Т.Б. Жалелова және кейін Э.Т. Исагалиева, Г.Б. Таскалиева қосылды.Туризм мамандарын даярлауда көптілді білім беру бағдарламасы жасақталып, кафедра Атырау өңірінің туризм бағытын дамытуға үлес қосты.2009 жылы кафедраның аға оқытушысы Нұрғалиева Г.Ж. кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, география ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді.2010 жылы кафедра атауы «География» кафедрасы болып өзгертілді және университет құрылымындағы өзгерістерге байланысты кафедра Гуманитарлық факультеттен Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетіне ауыстырылды.2011 жылы кафедраның аға оқытушысы Баймукашева Ғайни Қонысбайқызы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғап шықты.2015 жылы 5В080500 – «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы ашылуына байланысты кафедра атауы «География, туризм және су ресурстары» кафедрасы болып өзгертілді.

Кафедраның құрамына ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Мухамбетов Б.М. және магистр оқытушылар Доскалиева С.М., Сабурова Н.Е., Кадашева Ж.К. қосылды.2019 жылы аға оқытушы Баймукашева Ғ.Қ. «География және туризм» кафедрасының қауымдастырылған профессоры лауазымын иеленді.2016 жылы кафедра магистрі Кабиев Е.С. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың докторантурасына грант бойынша қабылданып, 2019 жылы PhD дәрежесін алды.2020 жылы кафедра меңгерушісі Р.Ж. Альжанова зейнетке шыққаннан кейін кафедра меңгерушісі қызметін А.З. Жұмағазиев атқарды.2022 жылы кафедраға академик, геология ғылымдарының докторы Н.С. Сейітов шақырылып, 2022 жылға дейін еңбек етті.2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың қыркүйегіне дейін кафедра меңгерушісі міндетін А.Ж. Мұстафина атқарды.2023 жылы университет Директорлар кеңесінің шешімімен кафедра атауы «География және туризм» болып қайта бекітілді.2024 жылы кафедраның оқытушылары С.О. Кузболова мен А.Ж. Мұстафина Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың докторантурасына қабылданды.2025 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Нұрғалиева Гүлшат Жалғабайқызы сайланды.Қазіргі уақытта кафедрада 15 оқытушы қызмет етеді, олардың ішінде 1 PhD докторы, 3 ғылым кандидаты, 3 магистр және 3 аға оқытушы бар.