Жаратылыстану ғылымдар факультеті

Факультет тарихы

22.12.2025 61

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Тарихы

 

Факультет өз тарихын 1950 жылы құрылған мұғалімдер институтынан бастайды. 1963 жылы «Жалпы биология» бөлімі физика-математика факультетінде болып, бұл бөлімді аға оқытушы И.Ищанов басқарды.

1964 жылы осы мамандыққа 50 абитуриент қабылданып, «Жалпы биология» бөлімі екі кафедраға бөлінді. Химия кафедрасын аға оқытушы М.Шакиров және «Биология» кафедрасын аға оқытушы Қ.Әжіғалиев басқарды.

 

 

 

 

 

 

 

  

         

 

 

 

 

 

   

 

      

 

 

 

Факультет декандары

а) Қ.Әжіғалиев 1973-1976 және 1993-1997 жылдары аралығында факультет деканы.

б) М.Ж. Алдабергенова 1976-1985 жылдары аралығында факультет деканы.

в) Б.Ж. Жанетов 1985 -1991 жылдары аралығында факультет деканы.

 

1967 жылы аталған мамандық физика-математика факультетінен бөлініп, өз алдына дербес факультет болып құрылып, оның деканы болып аға оқытушы Қ.Әжіғалиев сайланды. Өз алдына құрылған факультет «Биология және ауыл шаруашылығы негіздері» деп аталды.

1969 жылдан 1972 жылға дейінгі аралықта биология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Садықов декан болып жұмыс істеді.

1973-1976 жылдар аралығында Қ.Әжіғалиев декан болып сайланды.

1976 жылы «Биология-химия» факультеті деп аталып, оның деканы болып биология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Әбілаев тағайындалды.

1976 жылы осы факультеттің деканы болып биология ғылымдарының кандидаты М.Ж. Алдабергенова жұмыс атқарды.

1985 жылы факультет деканы болып осы факультеттің үздік түлегі, кейіннен биология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Ж. Жанетов тағайындалды.

1991 жылы ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент М.А. Алдамжарова декандық жұмысты жалғастырды.

1993 жылдан декандықты биология ғылымдарының кандидаты, доцент Жаратылыстану Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Қ.А. Әжіғалиев атқарды.

 

1996 жылы биология-география мамандығының мемлекеттік емтихан тапсыру сәтінен түсірілген фотосуретте оңнан солға қарай келесі тұлғалар бейнеленген: Ғ.Әжіғалиев, Ж.Г.Шахманов, С.Х.Хамиев, М.И.Дюсенов, М.Ж.Алдабергенова, М.А.Алдамжарова.

 

1997 жылдан бастап «Жаратылыстану-жағырапия» факультеті, (2002 оқу жылынан бастап «Жаратылыстану» факультеті деп аталды), 1997 жылдан факультеттің деканы болып биология ғылымдарының кандидаты, доцент, академиялық профессор Ә.З. Сапаров атқарды.

1997-2013 ж.ж. аралығында факультет деканы Ә.З.Сапаров.

 

Университет және факультет ұжымы Наурыз мерекесін қарсы алуда, 2000 жыл

 

 

 

Факультет ұжымы бітіруші түлектерді шығарып салу салтанатында, 2005 жыл

 

                                            

Жаратылыстану факультетінің ұжымы, 2011 жыл

 

2013-2014 жылдар аралығында факультет деканы болып С.К.Қасенов басқарды. 2014-2015 оқу жылында физика – математика факультетімен бірігіп Жаратылыстану ғылымдары факультеті болып аталды. Осы жылдары факультет деканы болып Б.З.Кенжеғулов сайланды.  2015-2017 оқу жылдары белгілі себептермен факультет Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары болып құрылып, декан болып экономика ғылымдарының кандидаты А.А.Мусаева тағайындалды. 2017-2020 жылдар аралығында экология кафедрасының PhD, қауымдастырылған профессор  Р.Ш.Абдинов  факультет деканы қызметін атқарды. Рауан Шәріпбайұлы факультет дамуына өз үлесін қоса отырып, факультетті жоғары деңгейге көтере білді.

2020-2024 жылдар аралығында «Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары» факультетінің деканы болып Кабиев Ерлан Сырымұлы тағайындалды. Ол басқарған жылдар ішінде факультетте жас ғалымдардың санының көбеюіне зор үлес қосты. Оның басшылығының арқасында факультет жас ғалымдарды қолдау және дамыту бағытында айтарлықтай жетістіктерге жетті.

2024-2025 оқу жылында факультетті келесі декан міндетін атқарушылар атқарған, олар оқу ісі жөніндегі декан орынбасары С.С.Мәден және география және туризм кафедрасының сеньор лекторы А. З. Жұмагазиев.  Сәуір айынан бастап  факультет декан қызметін Экология кафедрасының кафедра меңгерушісі қызметін атқарған, профессор М.С.Есенаманова тағайындалды. Әр декан қызмет атқаруында факультеттің өсіп өркендеуіне, студенттердің сапалы білім мен тәрбие алуына,  сондай ақ, студенттер мен профессор оқытушылар құрамының ғылыммен айналысуына үлкен мүмкіндіктер туғызуда.

Алпыс жылдан астам тарихы бар факультетте жаратылыстану, педагогика және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша 5 мыңға жуық студент күндізгі бөлімде білім алған. Бүгінде олар өндірістің әр түрлі салаларында және мектептерде еңбек етуде. Олардың 35-тен астамы ғылыммен айналысып, доктор және ғылым кандидаты дәрежелерін алды.

Қазіргі уақытта факультетте 4 арнаулы кафедра жұмыс жасайды. Бұл кафедраларда 2024-2025 оқу жылы басынан бері 47оқытушы, оның ішінде 3 ғылым докторы, академик, 11-ғылым кандидаттары, доцент, университеттің академиялық профессоры,  phD – 8, 20-магистр, яғни факультеттің ғылыми әлеуеті – 41,5% пайызды құрайды.

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің ұжымы, 2025 жыл

 

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 85 жылдық тарихында соңғы жылдар түбегейлі жаңару мен дамудың кезеңі болды. Ғылым мен білім беру саласындағы жаһандық трендтерге сай, университет барлық бағыттар бойынша жаңғыруды көздеді, бұл біздің факультетке де өз әсерін тигізіп, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Оқу бағдарламалары мен әдістемелері заман талабына сай жаңартылып, студенттердің сыни ойлау, проблемаларды шешу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған инновациялық тәсілдер енгізілді. Дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік жасалды.

Факультетте ғылыми зерттеулерге басымдық беріліп, студенттер мен оқытушылардың ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Факультетте ғылыми зерттеулерге ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер мен оқытушылардың бірлескен ғылыми жобалары жоғары бағаланып, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы, экология білім бағдарламасының студенттері А.Сағынғалиева, М.Досбергенова, А.Сатым, А.Теңгебаева "Эпоксидті шайырдан жасалған естелік бұйымдар" стартап жобасымен, ал Д. Досмухамбетова мен Д. Ургарчев «Фитокожа: переработка растительных и пищевых отходов в инновационный материал» жобасымен жеңіске жетті.

"Орхун" бағдарламасы аясында факультетке шетелдік профессорлар шақырылды:

  • Айтен Атеш - Йылмаз Кая Джумхурет университетінің профессоры ("Ondokus Mayys" университеті, Түркия Республикасы);
  • Аксенов Игорь Викторович - Тарас Шевченко атындағы Луганск ұлттық университетінің ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;
  • Filippo Verre - Швецияның Лунд университетінің профессоры, доктор.

2022-2023 жылдары келесі қос дипломдық келісімшарттар жасалды:

  • Karabuk University (Түркия) - 2026 жылға дейін 7M05301 – "Химиялық талдау және мұнайхимиялық синтез" магистратура білім беру бағдарламасы бойынша.
  • Гданьск қаласындағы Туризм мен қонақ үй бизнесі жоғары мектебі (Польша) - 6В11101 – "Туризм және сервис" білім беру бағдарламасы бойынша. Бұл студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықаралық жұмыс нарығында сұранысқа ие болуына жол ашады. Қос дипломдық бағдарламалар студенттерге әлемдік көзқарасты қалыптастыруға, мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және әртүрлі саладағы білімдерін кеңейтуге көмектеседі.

Студенттердің ғылыми конференцияларға, симпозиумдарға қатысуына қолдау көрсетіліп, ғылыми жұмыстарды жариялауға ынталандыру жүргізілді. Тәрбие жұмыстары ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, патриоттық сезімді оятуға және студенттердің бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталды. Біліктілігі жоғары, тәжірибелі оқытушылар құрамы жасақталып, жас мамандарды тартуға баса назар аударылды. Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында үздіксіз курстар, семинарлар және тренингтер ұйымдастырылды. Шетелдік университеттермен ынтымақтастық орнатылып, тәжірибе алмасу бағдарламалары іске асырылды. Факультеттің материалдық-техникалық базасы толықтай жаңартылып, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған жаңа зертханалық аудиториялар жасақталды. Оқу процесіне қазіргі заманғы оқу технологиясының интерактивті тақталары, мультимедиялық құралдар енгізіліп, электронды оқулықтар мен оқу құралдары дайындалды.

Осы өзгерістердің нәтижесінде, факультетте білім сапасы артып, түлектердің бәсекеге қабілеттілігі жоғарылады. Факультет қазіргі заманғы білім беру талабы сай халықаралық деңгейде танылып, ғылыми және инновациялық жетістіктерімен мақтана алады.

2024-2025 оқу жылынан бастап «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканы болып профессор, т.ғ.к Есенаманова Мансия Санаковна тағайындалды.