Әскери кафедра қызметкерлері
Запастағы полковник Наурзбеков Руслан Жалгасович, 1971 жылы 28 Наурызда Ақтөбе қаласында туған. В.Г. Белинский атындағы №2 мектептің 8 сыныбын бітірген. Шымкент қаласының интернатына әскери кәсіптік бағдар беру және дене шынықтыру дайындық мамандығына түсті. Оны 1989 жылы аяқтады Жоғары Челябинск танк командалық училищесіне оқуға түсті. 1993 жылы үздік бітірді, «лейтенант» әскери атағы берілді.
Қазақстанның түрлі гарнизондарында қызмет атқарды. 1993-2000 жылдары Отар гвардиялық станциясында қызмет етті.
Оңтүстік аймақ лауазымдарында взвод командирі, рота командирі, батальон штабының бастығы, батальон командирі болып қызмет атқарды.
2000 жылдан 2015 жылға дейін жергілікті әскери басқару органдарында түрлі лауазымдарда негізінен жұмылдыру басқармаларында қызмет атқарды. Департамент бастығы, департамент бастығының бірінші орынбасары болды.
2016 жылы Қостанай қаласының солтүстік өңірлерінде қызмет атқарды-Қорғаныс істері департаменті штаб бастығының бірінші орынбасары болды. 2018 жылы Батыс өңірлік қолбасшылығына штаб бастығының жұмылдыру (мобилизация) жұмысы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
2019 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен босатылып, зейнетке шықты.
Қазіргі уақытта Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасының бастығы.
Запастағы «әділет» подполковнигі Абсаматов Серік Акирович – (12.06.1966 ж.т., Шымкент облысы Ленин ауданының Ленинск ауылы).
1989 жылы Алма-Аты қаласы, Алма-Аты халық шаруашылық институтың Есеп-экономика факультеті, «статистика» мамандығы бойынша, 2000 жыл Атырау қаласы РФ Мәскау Замаңауи гуманитарлық институтының филиалын «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы ОҚО Қаратас автокөлік кәсіпорны, жоспарлау бөлімінің бастығы - 1 санатты экономист болып бастаған. 1991-1993 жылдары "ЧААК Со ЛТД" сақтандыру компаниясы «бухгалтер»; 1993-1994 жылдары Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту орталығы-еңбек биржасы «Еңбек және ақпарат нарығы бойынша бас маман»; 1994-1996 жылдары Алматы қаласы "Астана" кедені қызметінің аға инспекторы; 2002-2012 жылдары Оңтүстік әскери округінің әскери прокуратурасы (Жамбыл облысы), Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы (ОҚО), Батыс аймағының әскери прокуратурасы (Атырау облысы); 2012-2015 жылдары "Батыс" өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының басқармасы (Атырау облысы) заң қызметінің бастығы, (заңгер); 2015-2016 жылдары "Нұр Отан "партиясы қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы партиялық бақылау жөніндегі инспектор; 2017-2019 жылдары Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы аға оқытушы лауазымын атқарған.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 18 маусымдағы №480 бұйрығымен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемелекеттік универститеті әскери кафедрасының бастығы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Мемлекет Басшысының, ҚР Бас әскери прокурорының, ҚР ҚМ "Батыс" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының және ұйымдар басшыларының алғыс хаттарымен және грамоталарымен, "3-дәрежелі Мінсіз қызметі үшін" медалімен, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл", Бауыржан Момышұлының "Батыр Шапағаты" мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Запастағы подполковник Еслямов Ренат Жанатұлы (14. 04. 1985 ж. т. Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Күйгенкөл ауылы). 2002 жылы Өтепқали Сақыпов атындағы орта мектепті бітірген. 2003 – 2008 жылдары Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетін мал шаруашылығының селекциясы мен биотехнологиясы және аты аталған университеттің әскери кафедрасын жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құрамаларды жауынгерлік қолдану мамандығы бойынша тәмамдады.
2009 – 2024 жылдары «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде взвод командирінен бастап, барлау басқармаларының аға офицері лауазымында қызмет атқарды.
2024 жылдың қараша айынан бастап Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті әскери кафедрасында аға оқытушы, қазіргі уақытта сеньор-лектор қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2 және 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.
Запастағы майор Чуйншкалиев Жасулан Сапарбайұлы 1974 жылы.Атырау обл.Индер ауданында туған. Қазақ ұлттық Аграрлық университетін (1993-1998жылы) бітірген.
1998-2000 Әскери бөлімде взвод командирі.
2000-2001 рота командирі.
2016 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университіндегі әскери кафедрада аға оқытушы, қазіргі уақытта сеньор-лектор.
Отставкадағы майор Бердалиева Гульнара Калиевна (27.09.1976 ж.т. Гурьев воблысы (қазіргі Атырау) Гурьев қаласы. 1993 жылы Атырау Облыстық Ұлттық гимназиясын физика-математика бағыты бойынша тәмамдаған.
1993-1994 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін музыка пәнінің мұғалімі мамандығын бойынша үздік аяқтаған. 1999-2001 жылдар - Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы, заңгер біліктілігімен бітірген. 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Кәсіби даярлық училищесін, 1998 жылы - Жаңа технологиялар Облыстық орталығы, 2017 жылы - ҚР Күзет ұйымдары Қауымдастығының курстарын тәмамдаған.1997-2003 жылдар аралығында Облыстық құқық қорғау органдары қатарында қызмет еткен. Алғашқы «лейтенант» шенін 1997 жылы алған. 2003-2016 жылдар аралығында ҚР Ұлттық Ұланы қатарында әскери қызмет атқарып, 2016 жылдың қараша айында майор шенімен запасқа (зейнеткерлікке) шығарылған.
2018 жылдың қаңтар айында Атырау мемлекеттік университеті әскери кафедрасының оқытушылауазымына қызметке тұрып, 2023-ші жылы аға оқытушы, 2024-ші жылдың қыркүйек айынан сеньор-лектор лауазымында қызмет етуде.
2007 ж. - Атырау облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының «Тіл» оқу әдістемелік орталығы, 2020 ж. - М.Нарықбаев атындағы Қазақ мемлекеттік Заң университеті Басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясы, 2025 ж. - ҚР Әскери Ғылым академиясы курстарын аяқтап, сертификаттарға ие болған.
ҚР Ішкі істер Министрінің бұйрығымен «Мінсіз қызметі үшін» 3,2 дәрежелі медальдарымен (2008,2013 ж,ж,), Алғыс хаты (2000 ж.), ҚР Ұлттық Ұланы Басқолбасшысының бұйрықтарымен «Ішкі әскерлер қызметінің үздігі» 2,1 дәрежелі кеуде белгілері, «Командирлік сағат», алғыс хаттары (2003-2016ж.ж.), ҚР ҰҰ Батыс Өңірлік қолбасшының «Батыс құрамасының үздігі» кеуде белгісі (2012 ж.), алғыс хаттары (2003-2016 ж.ж.), ҚР Ұлттық Ұланы 5546 әскер бөлім басшылығы бұйрықтарымен алғыс хаттары ( 2003 - 2016 ж.ж. ), сонымен қатар, Ардагерлер қоғамының Республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасы бұйрығымен «Ардагерлер қозғалысын насихаттаудағы үлесі үшін» (2014 ж.), «Ер есімі ел есінде» (2017ж.), «Әскери патриоттық жұмысқа белсене араласқаны үшін» (2020 ж,) медальдарымен, Алғыс хаттар, кеуде белгілері (2014-2020 ж.ж.), облыс, қала әкімдерімен, оқу орындармен мәдениет ошақтары басшыларының (1997-2016, 2019-2020 ж.ж.), университет ректорының алғыс хаттарымен (2019-2025 ж.ж.) марапатталған.
«Әскери өнер – қазақ мәдениетінің мұрасы» т.б. көптеген мақалалар жариялады.
Запастағы майор Батырханов Боздақ Габитович 12.10.1979 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Балқұдық селосында дүниеге келген. 1996 жылы Атырау қалалық №13 Д.Байбосынов атындағы орта мектепті тамамдаған. 1996-2000 жылдар аралығында Ақтөбе Жоғары әскери авиациялық училищесінде оқып білім алған.
2000-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарында әскери қызметші болып қызмет атқарған. 2006-2010 жылдар аралығында Халықаралық Атырау әуежайында инженер болып жұмыс жасаған. 2010-2020 жылдар аралығындар АО «Prime Aviation» компнаиясында супервайзер болып қызмет атқарған.
2020 жылдан бастап кәзіргі күнге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Әскери кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарып келеді.
Отставкадағы аға лейтенант Кулшурин Жумабай Жолдыбаевич (10.11.1962 ж.т. Күлшиганак а., Баксай ауд., Гурьев обл.). 1978 жылы Махамбет ауданы, Гурьев облысы Сарайшық селосы орта кәсіптік-техникалық училищеге түсіп кең көлемді тракторист-машинист, жөндеуші слесарь және автомобиль жүргізушісі мамандығын алған, 1981-1983 жылдар аралығында КСРО СА қатарында қызмет еткен. Еңбек жолын (1983-1984 жж.). Махамбет ауданы Зауральный совхозында тракторшы болып бастаған.
1984 ж. желтоқсан айында Орал қ. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық иституттының даярлық курысына қабылданған. (1985 -1990 жж). Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық иституттына түсіп «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты жанындағы әскери кафедрада оқып лейтенат шенін алған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты жанындағы қоғамдық мамандықтар факультетін бітірген. "Самбо", "Дзю-до", "Қазақша күрес" күрестері бойынша қоғамдық нұсқаушы және жаттықтырушы. ФСК «Қайрат» Облысттық советте нұсқаушы-жаттықтырушы болып жұмыс жасаған.
1991 ж. Сарайшық селосындағы ПТУ-10 училищесінде оқытушы-шебер болып, жолда жүру ережесі, автомобильдер құрылысы» пәндерінен сабақ берген. (1995 -2009 жж.) Атырау обылыстық Ішкі істер басқармасында кызмет еткен. ҚР ІІМ грамотасы, медалімен марапатталған. Полиция подполковнигі.
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар штабының жетекшісі лауазымында қызметін атқарған. Университет ректорының грамота, алғыс хаттарымен марапатталған. «Жас ұрпақты патриоттық сезімін әскери-ұлттық тәрбие арқылы қалыптастыру» мақаласын жазған.
2017 жылдан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі әскери кафедра сеньор-лекторы.
Запастағы капитан Утениязов Нурбол Жапарович 06.11.1981 жылы Қарақалпақстан Республикасы Нөкіс қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Нөкіс қалалық Әжинияз атындағы № 18 орта мектебін бітірген. 2000-2002 жылдар мерзімді әскери қызметін өтеген. 2014-2018 жылдар аралығында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құқықтану мамандығы бойынша тамамдады. 2002-2023 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінде әскери қызметші болып қызмет атқарған. 12.03.2023 жылдан бастап әскери қызметтен зейнеткерлікке шығып, 2023 жылдың мамыр айынан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Әскери кафедрасына оқытушы жұмысқа орналасты.
Запастағы майор Кенжегулов Аманжол 1970 жылғы 17 тамызда Атырау облысы (бұрынғы Гурьев облысы), Махамбет ауданы, Қызыл-Үй ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген.
1977 жылы Қызыл-Үй орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, 1987 жылы аталған мектепті бітірген.
1987 жылғы маусым айынан 1988 жылғы желтоқсан айына дейін Атырау облысы (Гурьев), Махамбет ауданы, Ақжайық совхозының құрылыс бригадасында жұмысшы болып еңбек еткен.
1988 жылғы 5 желтоқсанда Махамбет аудандық әскери комиссариаты арқылы Кеңес Одағының Совет Армиясы қатарына шақырылып, 1988 жылғы желтоқсаннан 1990 жылғы маусымға дейін Капустин-Яр қаласындағы 43069 әскери бөлімінде әскери құрылысшы ретінде әскери қызмет атқарған.
1990 жылғы маусым айында Ресей Федерациясының Иваново қаласында орналасқан прапорщиктер даярлайтын мектепке жіберіліп, оқу орнын бітіргеннен кейін 69679 әскери бөлімінде рота старшинасы, кейін взвод командирі лауазымдарында әскери қызметін атқарды.
1991–1993 жылдары Атырау облысы (Гурьев), Жылыой (Ембі) аудандық әскери комиссариатында 1-бөлімше бастығының техник-көмекшісі лауазымын атқарды.
1993–1997 жылдары осы әскери комиссариатта 2-бөлімше бастығы қызметін атқарды.
1997–1999 жылдары Атырау облысы, Мақат аудандық әскери комиссариатында 1-бөлімше бастығы – комиссардың орынбасары лауазымын атқарды.
1999–2004 жылдары Атырау облысы, Жылыой аудандық әскери комиссариатында 3-бөлімше бастығы (кадр жұмысы жөнінде) қызметін атқарды.
2004–2006 жылдары Атырау облысы, Махамбет аудандық әскери комиссариатында 1-бөлімше бастығы – комиссардың орынбасары лауазымын атқарды.
2006–2011 жылдары Атырау облысы, Мақат аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы лауазымын атқарды.
2011–2015 жылдары Атырау облысы, Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы лауазымын атқарды.
2015 жылғы 11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің №0180 бұйрығына сәйкес әскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты әскери қызметтен запасқа шығарылған.
2015–2016 жылдары «Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлық-техникалық колледжінде» «Бастапқы әскери дайындық» пәнінің оқытушысы болып қызметін атқарған.
2016–2025 жылдары «Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінде» «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы қызметін атқарған.
Білімі:
«Ақниет» қазақ заң колледжі, 1999 жыл, мамандығы – «Құқықтану»;
Кеңес Одағы Қорғаныс министрлігінің Бас басқармасына қарасты №256 арнайы құрылыс прапорщиктер мектебі, 1990 жыл;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы жұмылдыру даярлығы бойынша «Қорғау» курсы, 2005 жыл.
Ведомстволық наградалары:
«Мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 10 жыл», «20 жыл», «25 жыл», «30 жыл», «Әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін» медальдарымен; Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына, Жергілікті әскери басқару органдарының 100 жылдығына, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған төсбелгілермен қатар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
запастағы кіші сержант Набидулла Андижан Тайманұлы 17.11.1999 ж.т. Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Еңбекші селосында дүниеге келді.
2014 жылы Еңбекші жалпы орта мектебін бітірген.
2014-2018 жылдары Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде Ауыл шаруашылық машиналарын пайдалану мамандығын тәмамдады.
2018-2019 жылдары Шымкент қаласы 6506 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметте болған.
2019-2021 жылдарда 21642 әскери бөлімінде бөлімше бастығы болып қызмет атқарды.
2024 жылдан бастап Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті Әскери кафедрасында нұсқаушы болып қызмет атқарады.
Базарбаева Рысты Амангельдиевна 21.04.1976 ж.т. Атырау облысы Индер ауданы, Өрлік селосында дүниеге келді.
1993 жылы Өрлік орта мектебін бітірген.
1994-1998 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін биология және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдады.
1998 – 2001 жылдары Атырау қаласында №3 орта мектепте биология және география пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.
2004-2018 жылдарда Құқық қорғау органында қызмет атқарды.
2011-2013 жылдары Батыс Қазақстан инновациялық -технологиялық университетінің құқықтану факультетін тәмамдады.
2025 жылдан бастап Х.Досмухамедов атындағы Атырау университеті Әскери кафедрасында нұсқаушы болып қызмет атқарады.
Тлешева Жанаргүл Ерболатқызы, Атырау (Гурьев) облысы Атырау (Гурьев) қалаында дүниеге келген.
Еңбек жолын 1998 жылы 10-шы қазаннан бастап Атырау қалалық әскери комиссариатта, әскери инспектор қызметінен бастаған.
1998ж-2016 ж. аралығында көрсетілген әскери мекемеде инспектор лауазымынан, әскери есеп және әскери міндеттілерді тағайындау бөлімше бастығы лауазымында жұмыс атқарды.
2016 жылы 1 қыркүйектен бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті жанындағы әскери кафедрасына әдіскер лауазымына қызметке орналасып қазіргі уақытқа дейін осы қызметте.
Жумашева Гульжанар Гарифуллаевна (Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылында 1983 жылы 10 наурызда туған). 2000-2003 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы Маңғыстау политехникалық колледжінде «Басқарудың автоматтандырылған жүйесі» мамандығын оқыған. 2010 жылы Атырау мұнай және газ институтының «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығын бітірген. 2004-2016 жылдар аралығында Атырау мұнай және газ инстутында қызмет атқарған. 2016 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында әдіскер қызметін атқарады.
Исмагулова Гульянур Жарасовна (Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесінде 1983 жылы 02 қазанда дүниеге келген.) 2000-2004 жылдар аралығында А.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде «Құқықтану» мамандығын оқыған. 2004-2008 жылдар аралығында Атырау облысының Салық департаментінде, 2008-2013 жылдары Атырау облысының әдістемелік орталығында, 2013-2016 жылдары «Даму» қорында қызмет атқарған. 2016 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында әдіскер қызметін атқарады.
Кусымбаева Маржан Айтқалиқызы (08.02.1977ж.т.Гурьев қаласы қазірғі (Атырау қаласында дүниеге келген). 1994 жылы №3 орта мектепті бітірген. 1994-1998жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетің Тарих факультетінің «Тарих» пәнінің мұғалімі бойынша аяқтады.
1998 жылы Атырау университеті Әскери жұмылдыру бөлімінін аға инженері болып қабылданды. 2001-2009 жылдары Атырау мұнай және газ институтының Әлеуметтік -гуманитарлық пәндер кафедрасына оқытушы-стажер (2001ж), оқытушы (2002ж) болып жұмысқа қабылданды.
2009-2021жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікте жұмыс істеді.
2022 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті әскери кафедрасына әдіскер лауазымына қызметке орналасып қазіргі уақытқа дейін осы қызметте.
Ең үздік оқытушы-куратор (2005ж.) Алғыс хаттармен марапаталған.
«Бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы экономика және халықтың тұрмысының әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы» 2006ж.,УДК-дан «Тәуелсідікке тарих күә» 2008ж. және бірнеше ғылыми макалалары жарық көрген.
Ғылыми -практикалық,ғылыми әдестемелік конференцияларға қатысып,мазмұнды баяндамалар жасады.