Оқу құралы

15.04.2026 1

Кафедраның оқу-әдістемелік құралдары

 

 

 

Ш.Нағимовтың «Мәдениеттану»

Оқулық студенттерге дүниежүзілік мәдениеттің материалдық және рухани құндылықтарын, Қазақстанның бай мәдениетін оқып-үйренуге көмектеседі.

 

 

 

 

Профессор А.Ахметтің, Қазақстандағы мұрағат ісінің тарихы (1918-1991 ж.ж.)

 

 

 

 

 

 А.С. Сарсенов. Ауыл -селоның интеллектуалдық әлеуетінің агроэкономикалық және этномәдени тағылымы (1946-1991 жж.). Оқу құралы. – Атырау: Х. Досмұхамедов атында,ы Атырау университетінің баспа орталығы. 2020.-143 бет.

          Оқу құралында ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мен басқарудағы кеңестік жылдардағы орталықтануға қарамастан малшылар мен дихандардың, мамандар мен механизаторлардың интеллектуалдық әлеуметтік агро экономикалық қайтарымына қосқан үлесі, ауыл-селоның этномәдени дамуы баяндалады.

 

 

 

 

 Мұқтар Ә.Қ. Тарих айдынындағы тұлғалар. Ғылыми мақалалар жинағы. Бұрын жарық көрген «Тарих тұңғиығындағы тұлғалар» атты зерттеу еңбектің жалғасы болып табылады. Жинақта қазақ тарихында елеулі із қалдырған тарихи тұлғалардың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі ғылыми тұрғыда сараланады. Мақалалар негізінен тың мұрағат деректеріне сүйеніп жазылған. Еңбекте Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абылай, Уәли, Бөкей хандар, Әйтеке, Сарышонай билер, Жарас, Алыбай, Мыңбай, Сыпыра жырау, Исатай–Махамбет батырлар, Бекет әулие сияқты тарихи тұлғалар туралы жаңа деректер мен тұжырымдар ұсынылады. Сонымен қатар жинақта тарих ғылымындағы тұлғатану мәселелері бойынша автордың ғылыми ой-пікірлері топтастырылған. Кітап тарихшыларға, студенттерге және ұлттық тарихқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

 

 

 

 

 

Ш.Нағымұлы. Батыс өлке тарихының тағылымды беттері. Кітапта батыс өлке тарихына байланысты бұрын-соңды жарияланбаған қызғылықты мәліметтер берілген. Деректердің басым көпшілігі дін иелері мен олардың ұрпақтарының, соғыс кезінде тағдыр талқысына ұшыраған жерлестердің ауыр тағдыры туралы мұрағаттық құжаттардан алынған.

 

 

 

 

 

Ш. Нағымұлы. ХХ ғасырдың 20-40 -жылдарында. Бұл тарихи-әлеуметтік сипаттамада өлке жұртшылығының Кеңес үкіметі жылдарында бастан кешкен жайттарымен баяндалады.

 

 

 

 

 

Бердіғожин Л. Бөкей ордасы: тарих және тұлғалар. Оқу құралында қазақ хандығы тарихнамасы, Әбілхайыр хан және оның ұрпақтары болмыстары, Бөкей ордасының құрылуы мәселесі және орда туралы орыс деректері баяндалады

 

 

 

Ш. Нағымұлы. (Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы). Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы – қазақ халқының рухани мәдениетінің қалыптасуы мен дамуын тарихи тұрғыдан қарастыратын оқу құралы. Оқулықта ежелгі дәуірден бастап орта ғасырлар мен жаңа кезеңге дейінгі Қазақстан аумағындағы рухани мәдениет үлгілері жүйелі түрде баяндалады. Еңбекте сақ, үйсін, қаңлы дәуірлерінің мәдениеті, қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ауыз әдебиеті, халық музыкасы, ұлттық дүниетаным мен рухани құндылықтар кеңінен қамтылған. Сонымен қатар, қазақ рухани мәдениетінің әлемдік діндер тарихымен байланысы да көрсетіледі. Оқулық тарих мамандығында оқитын студенттерге және рухани мәдениет тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

 

 

 

  

 

А.Сарсенов. Ауыл – селоның интеллектуалдық әлеуетінің қалыптасуы мен даму жолдары (ХХ ғ. 40–90 жж.) атты оқу құралында ХХ ғасырдың 40–90 жылдарындағы Қазақстан ауыл-селосындағы интеллектуалдық әлеуеттің қалыптасуы мен даму кезеңдері жан-жақты талданады. Еңбекте ауылдың қоғамдық өмірдегі орны, аграрлық саланың дамуы, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ ауыл тұрғындарының білім деңгейі, рухани мәдениеті мен тұрмыс салты қарастырылады. Автор ауыл-селоның зияткерлік әлеуетін оның әлеуметтік құрылымы, қоғамдық өндірістегі рөлі және рухани өмірімен тығыз байланыста сипаттайды. Оқу құралы тарих мамандығының студенттеріне, магистранттарға, оқытушыларға және аграрлық тарихты зерттеушілерге арналған