Атырау университетінің кеңестері
Ғылыми кеңес
Ардагерлер кеңесі
Оқу-әдістемелік кеңес
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес
Жатақхана студенттік кеңесі
Студенттік кеңес
Ардагерлер кеңесі
▶ Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ардагерлер Кеңесі университеттің сапа менеджменті жүйесінің 2018 жылы 14 желтоқсанда бекіткен ардагерлер Кеңесі туралы ереже бойынша жұмыс істейді. Кеңес университеттің қоғамдық құрылымы болып табылады.
Ардагерлер Кеңесі өзінің құзыреттілігіне сай жоғары оқу орны әкімшілігі және кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, зейнеткерлердің еңбек жағдайы мен құқығын қорғау, ардагерлердің қоғамдық өмірге қатысын, жоғары деңгейде әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын қамтамасыз ету, кәсіподақ комитеті арқылы санаторийлік емделуін қамтамасыз ету, ардагерлердің оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, қоғамдық мекемелерде аға буынның жауынгерлік және еңбек дәстүрлерін насихаттауға ықпал ету, ардагерлердің университеттегі әріптестерімен бірге түрлі ғылыми жобалар мен ғылыми зерттеулер жүргізуіне ықпал ету, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге атсалысу,университеттің ішіндегі жалпы моралдық және психологиялық оңды ахуалдың қалыптасуына ықпал ету, университет оқытушы-профессорлар құрамының студенттерге, магистранттарға сапалы білім беру ісіне мүмкіндігінше көмектесу, ашық сабақтарға және өзара сабақтарға қатысу, жаңа технологияларды игеру, университеттің атынан бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі хабарларға қатысу міндеттерін жүзеге асырумен айналысып келеді. 2020 жылдың 15 сәуірінде университетте 78 профессор-оқытушы, 19 қызметкер еңбек етіп келеді. Профессор-оқытушы құрамынындағы ардагерлердің 77 пайызының ғылыми атақтары мен ғылыми дәрежелері бар. Университеттің ардагерлері республиканың, облыстың, қаланың және жоғары оқу орнының қоғамдық және мәдени-әлеуметтік өміріне тікелей араласа отырып, еліміздің және университеттің жоғары деңгейде дамуына ықпал етіп келеді. Ардагерлердің басым көпшілігі өздерінің мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстардың дамуына үлкен үлестерін қосып жүр.Тек соңғы үш жылдың ішінде ардагер ұстаздардың 100-дің үстінде оқулықтары мен оқу құралдары және ғылыми монографиялары республикалық «Арыс», «Фолиант», «Өлке» және Ақтөбе, Атырау қалалары баспаларынан жарық көрді. Мысалы, профессор Қ.Жүсіптің 2016-2019 жылдары «Жылдар жаңғырығы», «Даланың дарқан дауысы», «Сұлу сөз», «Сырлы жүрек сыңғыры», «Ұлы тұлғалар» атты кітаптары мен монографиялары, доцент С.Әжікеннің «Атырау-әнім», «Сырнай үні», «Баян ансамбльдеріне арналған шығармалар, «Атырау саздары», «Баян аспабында орындаушылық өнер тарихы», «Баян аспабабында оқыту әдістемесі» кітаптары, профессор А.Хамметовтың бір оқулығы, екі оқу құралы, профессор А.Шамғоновтың Исатай мен Махамбет туралы бірнеше зерттеулері жарық көріп, ғалым 2019 жылы Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанды. Осы мерзімде Ш.Нағымұлының «Азалы ақ кітап», «Атырау ұстаздары», «Батыс өлке тарихының тағылымды беттері» атты кітаптарымен қатар, республиканың арнаулы оқу орындары мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Мәдениеттану» оқулығы «Фолиант» баспасынан үшінші рет басылып шықты. Университет ардагерлері профессор Б.Таубаев облыстық «Елсана» руханиаттық орталығының, Ш.Нағымұлы облыстық онамастикалық комиссияның мүшесі ретінде өлкенің саяси-қоғамдық өмірінің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Сонымен қатар ардагерлер 2017-2020 жылдардың аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдармаларын насихаттау және жүзеге асыру бағытындағы шараларға белсене қатыса отырып, облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттеріне мақалалар жариялады, телевизиялық хабарларға қатысты.
Университетің ардагерлер Кеңесі ректоратпен бірлесе отырып, қазіргі кезде жұмыс істемейтін, демалыстағы зейнеткерлермен байланыста болуды үнемі өз назарында ұстап отырады. Университеттің алты деканатымен және олардың құрамындағы кафедралардың меңгерушілерімен тығыз байланыста болудың нәтижесінде үйлерінде еңбек демалысында отырған зейнеткерлер моральдық тұрғыда назар аударусыз қалып отырған жоқ. Денсаулықтары нашарлаған кейбір ардагерлерге кәсіподақтың тарапынан бірнеше рет көмек көрсетілді. 2020 жылдың 24 қаңтарында университет ректоры профессор С.Н.Идрисовтың ұсынысы және қолдауымен «Жайық» мәдени-спорттық кешенінде университет ардагерлерімен ректордың кездесуі өтіп, оған 91 ардагер қатысты. Кездесуге жұмыс жасап жүрген ардагер ұстаздармен қатар еңбек демалысында отырған 11 зейнеткер қатысты. Университеттің қабырғасында өткізілген осындай игі шараларға ардагерлер Кеңесі басшылық жасап отырады. 2020 жылы 12 қарашада университет ардагерлерінің жалпы жиналысында төмендегі құрамда ардагерлер Кеңесі сайланды:
Нағымов Ш. Н. – Ардагерлер Кеңесінің төрағасы
Әжікен С.С. – мүше, Гуманитарлық пәндер және өнер факультеті
Жүсіп Қ. Ө. – мүше, Көп тілді білім беру факультеті
Ырзағалиев Қ. – мүше, Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы ғылымдар факультеті
Мәмбетов Н.М. – мүше, Инновациялық білім беру факультеті
Хамметов А.Х. – мүше, Физика-математика және ақпаараттық білім беру факультеті
Таубаев Б. Ж. – мүше, Экономика және құқық факультеті
Тыныбаева Б.К. – мүше, университет әкімшілігі
Нағимов Шахман Нағимұлы
Төраға
Жас ғалымдар кеңесі
▶
КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ |
||||
1 |
Бекова Гүлдана Таңбайқызы |
Физика және техникалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, магистр |
||
КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Инновациялық білім беру факультеті Психология және арнайы білім беру кафедасы |
||||
2 |
Қазиев Қарас Оржанұлы |
аға оқытушы, PhD |
||
КЕҢЕС ХАТШЫСЫ |
||||
|
Каримова Камария Едігеқызы |
Ғылыми-техникалық ақпараттар бөлімінің маманы, магистр |
||
КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ |
||||
Көптілді білім беру факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы |
||||
3 |
Дауткулова Акмарал Калиярбековна |
аға оқытушы, магистр |
||
Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасы |
||||
4 |
Ерсайнова ЖаухарДария Ерсайнқызы |
оқытушы, магистр |
||
Аударма ісі және шетел тілдері кафедрасы |
||||
5 |
Әсем Набидоллақызы |
оқытушы, магистр |
||
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасы |
||||
6 |
Заинов Амангелді Нұғауович |
аға оқытушы, магистр |
||
Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы |
||||
7 |
Әлжанов Ғаділбек Мұратұлы |
аға оқытушы, магистр |
||
Экономика және құқық факультеті Экономика кафедрасы |
||||
8 |
Зинуллина Айзада Ибраевна |
оқытушы, магистр |
||
Қаржы және есеп кафедрасы |
||||
9 |
Ахметова Альфия Сабитовна |
оқытушы, доктор PhD |
||
Құқықтану кафедрасы |
||||
10 |
Шайхаденов Ренат Нурлыбекович |
Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, PhD |
||
Физика-математика және ақпараттық технологиялар факультеті Бағдарламалық инженерия кафедрасы |
||||
Физика және техникалық пәндер кафедрасы |
||||
11 |
Шадьярова Жазира Куспановна |
аға оқытушы, магистр |
||
Информатика кафедрасы |
||||
12 |
Мұхамбетова Мирамгүл Жароллақызы |
аға оқытушы, PhD |
||
Инновациялық білім беру факультеті Педагогика кафедасы |
||||
13 |
Магауина Гулбарам Олжағалиқызы |
аға оқытушы, магистр |
||
Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім беру кафедрасы |
||||
14 |
Әуелбаева Гүлсара Саламатқызы |
аға оқытушы, магистр |
||
Жаратылыстану және ауылшарушылық ғылымдары факультеті |
||||
15 |
Кабиев Ерлан Сырымович |
Жаратылыстану және ауылшарушылық ғылымдары факультеті деканы, аға оқытушы |
||
Экология кафедрасы |
||||
16 |
Шамшиденова Самал Саламатовна |
оқытушы, магистр |
||
Химия және химиялық технология кафедрасы |
||||
17 |
Галимова Назым Жаксибаевна |
оқытушы, магистр |
||
Ғылым департаменті |
||||
18 |
Сисеналиева Светлана Нурадиловна |
Ғылымды дамыту бөлімінің бас маманы, магистр |
Оқу-әдістемелік кеңес
▶Оқу – әдістемелік кеңесінің негізгі мақсаты: білім беру қызметтерінің сапасын тұрақты өсімін қамтамасыз ету; озық жүйелерді, технологияларды, оқыту әдістерін және әкімшілік қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру арқылы заманауи деңгейдегі білім беру процесін ұйымдастыру. Алға қойған мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыруы қажет:
-
оқу үдерісі сапасының әдістемелік қамтамасыздандыру мониторингін ұйымдастыру;
-
оқу – әдістемелік әдебиеттер, оқулықтар мен университет баспасының жарияланған басқа да материалдарды жариялау үшін жоспарлау, сараптама ұйымдастыру және ұсыныс беру;
-
университеттегі білім беру үрдісін жетілдіру және әдістемелік қызмет көрсету;
-
оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіруде және ұйымдастыруда озық жетістіктерді тарату және енгізу;
-
сапа менеджмент жүйесі мен білім беру үрдісінде оқу-әдістемелік материалдар нәтижелерін енгізу дамыту бойынша ұсыныстарды дайындау;
-
қолданыстағы технологияларды, әдістері, университетте оқыту құралдарды жетілдіру және жаңасын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
-
профессор–оқытушылар құрамының ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру мақсатында жұмыстарды үйлестіру;
-
білім беру қызметкерлерінің атестаттауына қатысу;
Жұмыс бағыты
Оқу әдістемелік кеңес құрамында келесі Комиссиялар жұмыс істейді:
-
Білім беру бағдарламаларының сапасын тексеру;
-
Бағалау мен оқыту әдістері қадағалау;
-
Оқу-әдістемелік шығарымдар;
-
Білім беруді, ғылымды және бизнесті интеграциялау;
-
Білім алушылардың контингентін қалыптастыру.
Құрамы
ОӘК төрағасы қызметін Төраға – оқу – ісі жөніндегі проректор жүзеге асырады.
ОӘК құрамы факультеті кафедраларының, сайланады мүшелері, оқу бөлімшелерінің басшылары, оқу - әдістемелік жұмыстарды атқаратын білім бөлімдерінің бастықтары және жоғары білім берудің педагогикасы мен жоғары білім әдістемесі бар өзге университет қызметкерлері. Тізім тіркелген
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес
▶ Мұхамбетқалиев Шыңғыс Нұржанұлы
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі
Байланыс нөмірлері: +77772223030
Қабылдау күндері: бейсенбі, сейсенбі 09:00-18:00
Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212, 2 қабат, 260 кабинет
Эл почта: ch.mukhambetkaliyev@asu.edu.kz
«Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі»
- университеттің қабырғасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау, сондай – ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу;
- студенттермен қызметкерлер, профессор – оқытушылар құрамының «Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» және «Академиялық адалдық кодексін» сақтау;
- АтУ-нің қызметкерлер, профессор – оқытушылар құрамының заңсыз сыйақы алуын жоюға бағытталған;
- АтУ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
АтУ-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы:
Руководитель Антикоррупционной комплаенс службы МУХАМБЕТКАЛИЕВ Чингиз Нуржанович
Ұялы тел: +7 777 222 30 30
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес құрамы:
Идрисова Тамара Аманжолқызы
Құқықтану кафедрасының оқытушысы, кеңес мүшесі
Шұғаева Гүлшат Қоңыратқызы
Психология және арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі,
кеңес мүшесі
Сулейменова Жанаргул Уразовна
академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры,
кеңес мүшесі
Ахмет Аққали Қабижанұлы
кәсіподақ төрағасы, кеңес мүшесі
Қойшығұлова Ляйля Ерболатқызы
Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректор,
Кеңес төрағасы
Кайыргалиева Гулфайруз Кайыргалиевна
ректор аппарат басшысы, кеңес мүшесі
Нагимов Шахман Нагимович
ардагерлер кеңесінің төрағасы, кеңес мүшесі
Тыныбаева Баянсулу Кудасовна
ғалым хатшы, кеңес мүшесі
Сапаров Қадыржан
«Физика» мамандығының 1 курс студенті, кеңес мүшесі
Бақтыгереев Нұрбай
Педагогика және Психология мамандығының 1 курс магистранты,
кеңес мүшесі
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес:
Білім беру саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және сақтандыру, сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтау, ұжымда моральдық-этикалық нормаларды қамтамасыз ету, еңбек тәртібін нығайту мәселелерін қарастыратын, консультативтік-кеңесші функциясына ие болып табылады;
-университеттің ішкі тәртібін бұзушыларға қарсы күресті ЖОО құрылымдық бөлімінің басшыларымен ынтымақтастықта жүзеге асырады;
-қызметкерлер мен білім алушылар, профессор-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімшелердің лауазымдағы адамдарының тәртіптік терiс қылықтарына қатысты және оқытушылармен өзара және білім алушылармен арада болған келіспеушілік жағдайларды қарастырады.
Кеңестің мақсаты мен міндеті
Кеңестің мақсаты университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру бойынша шаралардың субъективтік іс-әрекеттерін ұйымдастыру және үйлестiру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған (алдын алу) және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілерін анықтау, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылыққа төзімсіздік жағдайын университетте құру, Жарғыны және ішкі тәртіп Ережесін бұзушыларға қарсы күресте университеттің әкімшілік, қоғамдық ұйымдарымен арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларды және Университет Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін бұзушылық фактілерін анықтауға көмектесуді қамтамасыз ету.
Ғылым және инновация саласындағы, білім беру саласындағы құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша университет ұжымын хабардар етуге;
Университеттің жоғары кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды анықтау;
Университетте сыбайлас жемқорлықты туындататын себептер мен жағдайларды зерттеу;
Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетің әдістемелік негіздерін әзірлеу;
Білім беру мекемесі ретінде университеттің қызметкерлігінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жоюды практикада пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Университеттің қызметкерлері студенттері магистранттары, білім алушыларының қызметтік тәртіптерінің жалпы принциптерінің практикада қолданылуына байланысты мәселелері бойынша университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының субьектіліеріне кеңестік көмек көрсету;
Университетте таза моральдық климат құруға және оның құрылымдарында сапалы білім және тәрбие үдерістеріне мүмкіндік туғызу.
Кеңестің құқығы:
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша университет қызметін ұйымдастыруда, үйлестіруде және жетілдіруде өз құзыреттілігі шеңберіне қатысты шешімдер қабылдап, сонымен қатар осы шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
Өз мәжілістерінде, университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының субъектілерін, проректорларды, соның ішінде құрылымдық бөлімшелердің басшыларын, университет профессор-оқытушылар құрамын, білім алушыларын тыңдауға;
Комиссияның қызметіне қатысты мәселелерді зерттеу үшін, сондай-ақ комиссияның шешімдеріне сәйкесті жобаларды дайындау үшін жұмысшы тобын құруға;
Оқытушылар мен білім алушылар арасындағы келіспеушілік жағдайларды тексеруге;
Кеңестің жұмыс тәртібі
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кенес университеттің лауазымдық тұлғаларының қатарынан құрылып, оқу орнымен жасалған шарттардың барлық пункттерінің, университет Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін сақтаудағы профессор-оқытушылар құрамының және қызметкерлер мен студенттердің қызметтерінің сәйкестілігін бақылау, олардың міндеттері болып табылады.
Оқытушылар мен білім алушылар арасындағы болған келіспеушілік жағдайлар соның ішінде университтеттің профессор-оқытушылар құрамының, қызметкерлерінің, студенттерінің, магистранттарының және докторанттарының пікірлері немесе хабарламалары келіп түскен уақыттан 7 жұмыс күнінен кешіктірілмей қаралады.
Оқытушылар мен білім алушылар арасындағы болған келіспеушілік жағдайлар тараптардың қатысуымен шақырылған кеңейтілген мәжілісінде қаралады;
Тәртіптік іс өндіріске енгізілген күннен бастап, бір ай ішінде қаралады. Тәртіптік істі Кенес мәжілісінде алдын-ала мүшелерінің қарауына дейінгі бір ай ішінде (жауапты адамды төраға анықтайды) тексеріс жүргізіліп, іс барысындағы жағдай зерттеліп, анықталады, іске қатысты тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамнан жазбаша түсініктеме талап етіледі (бас тартқан жағдайда акт жасалады).
Кеңес мәжілісіне қатынасушы мүшелердің жалпы санының басым даусымен шешiм қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық дауыс басым күшке ие болады.
Кеңес төрағасы мәжілісте қабылданған шешімнің мазмұнын университет ректорына мәлімдейді.
Кеңес мәжілісі емтихан сессияларының қорытындысы бойынша қажет болған жағдайда, кем дегенде тоқсанына бір рет (жылына төрт рет) өткізіледі. Кенес төрағасының шешімімен немесе комиссия төрағасының орынбасары комиссияның кезектен тыс мәжілісін өткізуге құқылы.
Кеңес мәжілісінің күн тәртібін және ондағы қаралатын мәселелерді комиссияның төрағасы бекітеді.
Кеңес я мәжілісін кенес төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның тапсырмасымен орынбасары жүргізеді.
Мәжіліске барлық Кеңес мүшелерінің қатысуы міндетті болып табылады.
Кеңес мәжілісіне қатысты қаралатын мәселелерге байланысты кеңес төрағасының келісімімен университеттің құрылымдық бөлімінің басшылары мен қызметкерлері тартылуы мүмкін.
Қажет болған жағдайда, кенес шешімі университет ректорының бұйрығымен рәсімделуі мүмкін.
Кеңес ұсынылған сипаттағы шешімімен, әрект жасаған адамға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкесті белгіленген тәртіптік жаза қолданылады.
Студенттік кеңес
▶Студенттік өзін-өзі басқару құрылымының 2021-2022 оқу жылындағы президенті – Жұмабаев Ерқанат Ғазизұлы. 15 - 29 қыркүйек аралығында өткен президенттік сайлау барысында 383 дауыс жинап, жеңіске жетті.
Жұмабаев Ерқанат Ғазизұлы – Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылының тумасы. Қазіргі таңда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті физика, математика және ақпараттық технологиялар факултетінің 3 курс студенті.
● 2019 жылдан бастап "Ақтаңгер" ақындар клубының мүшесі.
●2021 жылдан бастап "IG group" студенттер клубының ақпараттық координаторы - баспасөз хатшысы
Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы – студенттердің оқуын, тұрмысын, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызметінің ерекше үлгісі.
Студенттік өзін-өзі басқару құрылымының мақсаты
● ЖОО студенттік ұйымдарды дамыту
● Студенттердің көкейкесті мәселелерін шешу
● Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау
● Студенттердің шығармашылығын шыңдау
● Жастардың бойындағы ұйымдастырушылық һәм көшбасшылық қасиетін дамыту
2021-2022 жылғы студенттік өзін-өзі басқару ұйымының тізімі
1. Жұмабаев Ерқанат Ғазизұлы – президент, физика, математика және АТ факултеті 3 курс
2. Мусағалиева Айдана – премерь-министр, көптілді білім беру факултеті 3 курс
3. Науан Аманжан – президент көмекшісі, физика, математика және АТ факултеті 3 курс
4. Талғат Алтынзер – білім министрі, көптілді білім беру факултеті 3 курс
5. Қисымова Альбина – ұйымдастырушы, гуманитарлық ғылымдар және өнер факултеті 3 курс
6. Әлібекқызы Парасат – ақпарат министрі, көптілді білім беру факултеті, 2 курс
7. Насимуллина Азиза – мәдениет министрі, көптілді білім беру факултеті 3 курс
8. Қуанғанов Нұрсұлтан – ғылым министрі, гуманитарлық ғылымдар және өнер факултеті 3 курс
9. Сатай Ұлжан – инновациялық жобаларды ұйымдастырушы, гуманитарлық ғылымдар және өнер факултеті 3 курс
10. Жұбанов Есімхан – спорт министрі, Инновациялық білім беру факултеті 2 курс
11. Айтимова Аружан – ұйым мүшесі, физика, математика және АТ факултеті 2 курс
12. Атшыбай Гүлфайруз – ұйым мүшесі, физика, математика және АТ факултеті 2 курс
13. Сарғожа Аружан – ұйым мүшесі, физика, математика және АТ факултеті 2 курс
14. Оралбай Салидад – ұйым мүшесі, физика, математика және АТ факултеті 2 курс
15. Каман Аңсар – экономика және құқық факултеті 1 курс
16. Талғат Альмерей – физика, математик және АТ факултеті 1 курс
17. Ермұханов Керімжан – ұйым мүшесі, физика, математика және АТ факултеті 1 курс
Жатақхана студенттік кеңесі
▶Жатақхана студенттік кеңесінің құрылымы
Жатақханадағы студенттердің бос уақытын ұйымдастыруға, тек жатахана ішінде емес олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, жатахана студенттерінің бастамаларына қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызмет атқарады, Жастар саясаты департаменті басшылығымен жүзеге асады.
1-ші жатақхана студенттік кеңесінің төрайымы- Ибрашева Аружан Ажгалиевна
№ 1 студенттер үйінің 2022 – 2023 оқу жылының студенттік кеңес құрамы
№ |
Аты - жөні |
Қызметі |
Факультеті |
Курс |
1 |
Ибрашева Аружан Ажгалиевна |
Төрайым |
Көптілді білім беру |
2 |
2 |
Ислямғали Нұрсұлтан |
Төрайымның орынбасары |
Жаратылыстану және ауыл шаруашылық факультеті |
1 |
3 |
Ганиева Альбина Ақылбекқызы |
1 қабат старостасы |
Көптілді білім беру |
1 |
4 |
Хайреден Адэлина |
2 қабат старостасы |
Көптілді білім бері |
3 |
5 |
Адильбаева Диана |
2 қабат старостасы (кіші) |
Көптілді білім беру |
3 |
6 |
Тоқтамыс Балғын |
3 қабат старостасы |
Көптілді білім беру |
1 |
7 |
Ерсайынова Жанель |
3 қабат старостасы (кіші) |
Көптілді білім беру |
1 |
8 |
Нұрлыбекова Мадина |
4 қабат старостасы |
Жаратылыстану және ауыл шаруашылық факультеті |
3 |
9 |
Мағпорова Ғазиза |
4 қабат старостасы (кіші ) |
Экономика және құқық қорғау факультеті |
2 |
10 |
Орынбасар Ұлту |
СММ |
Көптілді білім беру |
1 |
11 |
Манергейм Гүлжайна |
Мәдени іс – шаралар ұйымдастырушысы |
Көптілді білім беру |
2 |
2-ші жатақхана студенттік кеңесінің төрағасы-Сапаров Қадыржан
№ 2 студенттер үйінің 2022 – 2023 оқу жылының студенттік кеңес құрамы
№ |
Аты – жөні |
Қызметі |
Факультеті |
Курс |
1 |
Сапаров Қадыржан Асхатұлы |
Төраға |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
4 |
2 |
Ілес Құдайберген |
Төрағаның орынбасары |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
1 |
4 қабат старостасы |
||||
3 |
Нұрлыбекқызы Бөбек |
Төрағаның орынбасары |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
3 |
4 |
Жұмақұлов Сабыржан |
Төрағаның орынбасары |
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті |
4 |
5 |
Аманбаев Ақылбек |
Кеңесшісі |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
4 |
6 |
Тәңірберген Аяулым |
2 қабат старостасы |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
1 |
7 |
Заев Рашид |
2 қабат старостасы |
Инновациялық білім беру факультеті |
1 |
8 |
Бисенов Данияр |
3 қабат старостасы |
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті |
4 |
9 |
Жұбатқанқызы Нұрсая |
3 қабат старостасы |
Инновациялық білім беру факультеті |
2 |
10 |
Жақыпбек Балнұр |
4 қабат старостасы |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
4 |
11 |
Тұрсынәлі Шолпан |
4 қабат старостасы |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
1 |
12 |
Тағайбек Еркебұлан |
5 қабат старостасы |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
4 |
13 |
Кеңған Дильназ |
5 қабат старостасы |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
1 |
14 |
Джумадинова Назерке |
СММ |
Көптілді білім беру факультеті |
1 |
15 |
Сабитов Батыржан |
Мобилограф
|
Инновациялық білім беру факультеті |
1 |
16 |
Амангелдиев Рамазан |
Мобилограф |
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті |
1 |
17 |
Айжарық Алихан |
Мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы |
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті |
1 |
18 |
Бисекен Дана |
Мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы |
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті |
1 |
19 |
Әмірғалиева Айым |
Мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы |
Экономика және құқық факультеті |
1 |
20
|
Алимжанова Амина |
Мәдени іс-шараларды ұйымдастырушы |
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті |
1 |
21 |
Ғайнуллин Алмас |
Шаруашылық қызметін және инфрақұрылымды дамыту |
Физика, математика және ақпараттық технологиялар |
1 |