Кафедра тарихы
Математикалық талдау кафедрасы 1956 жылдан бастап «математика» кафедрасы деген атпен жұмыс жасай бастады. Кафедраның алғашқы меңгерушісі болып аға оқытушы М.Н.Саламатин қызмет атқарды. Факультетте студенттер құрамы көбейіп (күндізгі және сырттай оқу бөлімдері ашылып) математика кафедрасы екіге бөлінгенде оның біреуі математикалық талдау кафедрасы деп аталды. Әрбір жылдары кафедра меңгерушілері болып профессорлар Қ.Қамматов (1971-1976ж.ж.), Ғ.Даиров (1976-1986ж.ж.), И.Тәжімұратов, Р.Шәкібалиев (1986-2003ж.ж.), Ғ.Тұржігітова (2003-2011) жұмыс атқарды.
1994 жылдан бастап Алгебра және геометрия кафедрасы жұмыс жасап, т.ғ.д., профессор Б.Кенжегулов(1994-2000ж), х.ғ.д., доцент Г.Шамбилова (2000-2001) , ф.-м.ғ.к. Қ.Утеулиева(2001-2011) кафедра ұжымына жетекшілік етті.
2011 жылы университеттің жарлығына сәйкес «Математикалық талдау» және «Алгебра және геометрия» кафедрасы біріктіріліп «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы болып қайта құрылды. Осы жылдар аралығында кафедраға ф.-м.ғ.к., доцент Н.Қ. Шаждекеева, Phd С.Г.Каракенова, Phd А.Ғ.Тайшиева жетекшілік етіп, 2024 ж бері магистр, аға оқытушы З.Ж.Жанузакова қызмет атқарып келеді.