Кафедра тарихы
ФИЗИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ
Физика және техникалық пәндер кафедрасы физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетіндегі жетекші кафедралардың бірі.
1950 жылы Гурьев қаласында мұғалімдер институты ашылған кезде бірінші физика -математика кафедрасы құрылды. Кейін халық ағарту жүйесіндегі өзгерістерге орай кең жүйелі мамандар дайындау үшін 1955 жылы педагогика институты болып қайта құрылған соң да, жеке физика кафедрасы жұмыс істеді. Сол жылдар аралығында физика кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істегендер: Қ.Ахметжанов 1955–1958жж., П.М.Иванов 1958–1959жж., Б.Уразгалиев 1959-1960жж., М.Д.Джумашев 1960–1969жж., К.Г.Габдуллин 1968–1972жж., А.Ж.Жалғасов 1972-1977жж., Сейтов Х.С. (1977-1987г.) болды.
1961 жылы физика кафедрасы физика жалпы техникалық пәндер кафедрасы болып екі кафедраға бөлінді. Кафедра меңгерушісі болып Е.Макеев тағайындалды. 1964 жылы бұл кафедралар қайтадан біріктірілді. 1973 жылы бұл кафедра физика және теориялық физика кафедрасы болып екіге бөлінді. Теориялық физика кафедрасын физика – математика ғылымдарының кандидаты Б.С.Сулейменов басқарды (1973-1984г.). Жалпы физика кафедрасын 1977 жылға дейін, физика- математика ғылымдарының кандидаты А.Жалғасов басшылық жасап, 1977 жылдан 1987 жылға дейін физика – математика ғылымдарының кандидаты, доцент Х.С. Сейтов кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
1987 жылы екі физика кафедрасы бірігіп, жалпы физика кафедрасы болып аталды. Оның меңгерушілігіне химия ғылымдарының кандидаты, профессор Ж.С.Сериков тағайындалды.
1990 жылы физика кафедрасы - жалпы техникалық және теориялық физика кафедрасы болып, қайтадан екі кафедраға бөлінді . Меңгерушісі физика - математика ғылымының кандидаты , доцент А.К.Ахметов болды.
Жалпы физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасы меңгерушісі педагогика ғылымы кандидаты, профессор Ғ.И.Имашев 1993-1995 ж.ж., 1995 –1997 жылдары доцент М.Н. Наубетжанов басқарды. 1997 жылы екі кафедра қайта бірігіп, физика кафедрасы болып аталды, оның меңгерушісі болып, профессор Ж.С. Сериков тағайындалды.
Әр жылдары кафедра жаңа кадрлармен толықтырылып отырды, ғылым докторлары, профессорлар: Ж.Е.Есмуханов, А.К.Ахметов, О.С.Нурсултанов, Ж.С.Ақылбаев, Н.Г.Жумамухамбетов, Қ.Ш.Шункеев, Д.О.Құлжанов, Р.Б.Ахметқалиев, ғылым кандидаттары және доценттер: Михальман И.М., Черников Ю., Кириллов В.В., Ахметкалиев Р.Б., Амандыков К., Сейкетов Р., Дуйсенбаев Б., Тажигулов Б., Сухарев Б.С. және аға оқытушылар мен оқытушылар: Тналиев О., Чейдуков И.Г., Тян В.Н., Ли Б., Айсиев М., Сапаров А., Глебов В.А., Кибасов О., Канашкин Е., Жакипова Г., Карпеков М., Кульжанов К., Хайрошева Г.Г., Калиманов А т.б.
Кейінгі жылдары кафедра меңгерушілігін қауымдастырылған профессор, п.ғ.к. Б.У.Қуанбаева (2005-2010), қауымдастырылған профессор, п.ғ.к. Абыканова Б.Т. (2010-2013 жж.), доцент, п.ғ.к. Сырбаева Ш.Ж. (2013-2017 жж.), ф.м.ғ.к. Джумамухамбетов Ж.Г.(2017-2025жж.) атқарды. Осы кезеңде факультеттің дамуында үлкен өзгерістер болды: физика кафедрасының бірінші меңгерушісі Х.Ахмеджанов атындағы «Электротехника» кабинеті ашылды. 2024 жылы ғалым-ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы Ғ.Имашев атындағы «Физиканы оқыту әдістемесі және STEM» кабинеті ашылып, «Электротехника және микропроцессорлық жүйе» зертханалары жаңа құралдармен жабдықталды.
2025 жылдан бастап кафедра меңгерушілігі қызметін магистр, сеньор-лектор Рахметова М.Т. атқаруда.
Қазіргі таңда кафедрада: ф-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ж.Г.Джумамухамбетов, п.ғ.к., п.ғ.к., профессор Абыканова Б.Т., профессор Б.У.Қуанбаева, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.К.Жусупкалиева, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сырбаева Ш.Ж., х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Амангосова А.Г., магистр, сеньор-лекторлар: Рахметова М.Т., Джугембаева Б.А., Джумагельдина А.Б. Тумышева А.А., Р.А.Мутигулла, аға оқытушы С.О.Амиргалина, оқытушы Бейімбет Ү.Б., Бактыгереев А.Ғ., Қайыржан М.Б. жұмыс істейді. ПОҚ ғылыми әлеуеті 40 % құрайды.