Әскери кафедра

18.03.2026 356

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің әскери кафедрасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 344 қаулысы негізінде құрылған.

Әскери кафедра бастығы болып ең алғаш полковник Бердығалиев Қуандық Амангелдиевич тағайындалды. Одан соң кафедра бастығы қызметін запастағы әділет подполковнигі Абсаматов Серік Акирович атқарды. Қазіргі уақытта әскери кафедра бастығы - запастағы полковник Наурзбеков Руслан Жалгасович.

Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша студенттерді әскери қызметке әскери даярлау ҚР Әскери резервін қалыптастыру, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің офицерлік және сержанттық құрамының бастапқы лауазымдарын қосымша жасақтау мақсатында алынатын жоғары кәсіптік білім негізінде әскери-есептік мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Әскери кафедра келесі бағыттар бойынша дайындық жүргізуде:

  • «Жалпыәскери бөлімшелерді, бөлімдер мен құралымдарды жауынгерлік қолдану»;
  • «Әскерлер қызметін ұйымдастыру және қауіпсіздікпен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бөлімшелерін қолдану»;
  • «Аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру»;
  • «Атқыштар»

Университеттің әскери кафедрасында жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттерімен қатар С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің де студенттері  әскери кәсіби маман ретінде даярланып, жыл сайын 200-ден аса түлектер дайындықты аяқтап, алған кәсіби мамандықтарына сәйкес еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға ҚР Қарулы Күштері қатарында әскери қызмет өткеруде..      

Әскери кафедра Азаттық даңғылы, 1Б мекен-жайында орналасқан ғимараттың 3-ші, 4-ші қабаттарында орналасқан.