Media resources
9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ!
News

9 МАМЫР – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ!

Бүгін Атырау қаласында Ұлы Жеңіс күніне арналған тағылымды шаралар өтіп, майдангерлердің ерлігі мен ел үшін еткен еңбегіне құрмет көрсетілді. Жеңіс саябағында батырлар рухына тағзым етіліп, мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.

Аталған іс-шараға Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері белсене қатысып, ардагерлерге деген ізгі ниеттерін білдірді.

Ұлы Жеңіс – ел тарихындағы өшпес ерлік пен бірліктің символы. Біз батырларымыздың жанқиярлығын әрдайым жадымызда сақтап, кейінгі ұрпаққа өнеге етуді басты парызымыз деп білеміз.

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті барша ардагерлерді, тыл еңбеккерлерін және қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!

Ерлік ешқашан ұмытылмайды! Мәңгілік тағзым!