11-сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өтті
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті ұйымдастыруымен математика, физика және информатика пәндері бойынша облыстық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға Атырау облысы мен Атырау қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары қатысып, байқау қазақ және орыс тілдерінде өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлеріне жоғары білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес университеттің білім гранттары ұсынылды.
Шара соңында екі турдан тұратын олимпиададан жүзден жүйрік шыққан оқушылар университет атынан арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Университет басшылығы тарапынан олимпиада жеңімпаздарына Атырау университетіне оқуға түсуде:
3 оқушыға – 100%,
7 оқушыға – 50%,
8 оқушыға – 30% жеңілдіктер ұсынылды.
🏆 Олимпиада жеңімпаздары:
✅ Математика пәні бойынша:
I орын – Тлепкалиев Акежан
II орын – Хамидуллин Дамир; Магпар Тахмина
III орын – Лез Ельназ; Бауыржанұлы Нұрхан
✅ Информатика пәні бойынша:
I орын – Саулебай Асылай
II орын – Есентайұлы Әзімхан; Ануарбек Жеңіс; Бұрхан Қарақат
III орын – Сахтаганов Аршат; Кахарман Нұрлыхан; Ерікұлы Бекарыс; Аманбайқызы Дильяра
✅ Физика пәні бойынша:
I орын – Бағытжан Алмаз
II орын – Жылтыхаев Бек; Ырыстан Ерасыл
III орын – Мырзақуат Назарбек; Хасанов Жанарыс
📷 Дополнительные изображения