Media Image
31.03.2026 8

«Ұлттық бірлік – Әлихан көзқарасында» тақырыбында интерактивті байқау өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде қазақтың мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі, ғалым және аудармашы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Ұлттық бірлік – Әлихан көзқарасында» тақырыбында интерактивті байқау өтті.

Шараның мақсаты – Әлихан Бөкейхановтың идеяларын студенттерге заманауи тілде жеткізу, ұлттық бірлік құндылықтарын ғылыми әрі шығармашылық тұрғыда түсіндіру және жастардың ғылыми ойлауын, шығармашылық қабілетін, медиа сауаттылығын дамыту.

Фестиваль форматында өткен байқау ғылым, өнер және медианы тоғыстырған үш кезеңнен тұрды:

 Quote Battle – студенттер Әлихан Бөкейхановтың қанатты сөздерін талдап, оның қазіргі қоғамдағы өзектілігін дәлелдеді

Poster Challenge – «Ұлттық бірлік» тақырыбында заманауи постерлер әзірлеп, ғылыми ойды визуалды түрде жеткізді
Video Pitch – қатысушылар 2 минуттық бейнеролик арқылы өз көзқарастарын ұсынды

 Байқауға Көптілді білім беру, Экономика және құқық, Физика, математика және ақпараттық технологиялар, Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеттерінің студенттері қатысты.

 Әділқазылар шешімімен:
* «Үздік ғылыми интерпретация» – Экономика және құқық факультеті
* «Үздік мазмұнды шешім» – Көптілді білім беру факультеті
* «Үздік креативті шешім» – Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
* «Үздік медиа жоба» – Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

 Жеке номинациялар:
* «Үздік сөз шебері» – Қапсалым Бірғаным
* «Үздік идея және жаңашыл көзқарас» – Абашева Аңсағаным

Аталған байқау студенттердің ғылыми ізденісін арттырып қана қоймай, олардың өз ойын еркін жеткізіп, заманауи форматта ұсына алу қабілеттерін көрсетті.

📷 Дополнительные изображения