11-сынып оқушылары арасында пәндік олимпиада өтуде
Бүгін Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті ұйымдастыруымен математика, физика және информатика пәндері бойынша облыстық пәндік олимпиада өтуде.
Олимпиадаға Атырау облысы мен Атырау қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып оқушылары қатысуда. Байқау қазақ және орыс тілдерінде өтуде.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлеріне жоғары білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес университеттің білім гранттары ұсынылады. Атап айтқанда, «В009 – Математика мұғалімдерін даярлау», «В010 – Физика мұғалімдерін даярлау», «В011 – Информатика мұғалімдерін даярлау», «В054 – Физика», «В055 – Математика және статистика», «В057 – Ақпараттық технологиялар», «В076 – Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)» білім беру бағдарламалары бойынша гранттар беріледі.
📷 Дополнительные изображения