Media Image
19.03.2026 11

Ұлттық ойындар – ұрпақ мұрасы!

19 наурыз – Ұлттық спорт күні! Наурыз мерекесінің алтыншы күні – «Ұлттық спорт күні» аясында дәстүрлі спорт түрлерін дәріптейтін ерекше шара өтті.

Мерекелік шара инновациялық білім беру факультетінің ұйымдастыруымен өтіп, ұлттық ойындар арқылы ата-бабамыздан қалған асыл мұра кеңінен насихатталды.

Шара барысында садақ ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, асық ату секілді ұлттық ойындар ойналып, қатысушылар өзара бақ сынасты.  Күмбірлеген домбыра үнімен әсем ән шырқалып, мың бұрала билеген бишілер көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар қазақтың әшекей бұйымдары мен тоқымадан жасалған әсем қолөнер туындылары ұсынылған жәрмеңке ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында жасанды интеллект көмегімен жасалған видеолар арқылы қазақтың ұлттық ойындары таныстырылды.

📷 Дополнительные изображения