Media Image
19.03.2026 19

«Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығымен» меморандумға қол қойылды

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасы  Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығымен» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандум аясында білім беру бағдарламаларын жетілдіру, студенттердің өндірістік тәжірибесін нақты кәсіпорындарда ұйымдастыру, дуалды оқыту элементтерін енгізу және бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

Меморандумға Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті ректоры Саламат Идрисов, ал серіктес ұйымдар тарапынан Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне қарасты Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығының» Батыс өңірі бойынша бас директоры Еркебұлан Тұрсынбаев қол қойды.

Бұл серіктестік студенттердің кәсіби дамуына кең мүмкіндік беріп, оларды еңбек нарығында сұранысқа ие маман ретінде қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, өндіріс мамандарының қатысуымен семинарлар мен тренингтер өткізу көзделген.

📷 Дополнительные изображения