Ғылым даму жолында
Қазақстан халықаралық ғылыми белсенділік рейтингінде 64-ші, Орталық Азия елдері арасында бірінші орынды иеленіп, ұлттық ғылымның тұрақты дамуы мен жарияланымдық белсенділіктің артқанын көрсетті.
Бұл елдегі ғылым саласына көрсетіліп отырған жүйелі мемлекеттік қолдаудың және ғылыми қауымдастықтың табанды еңбегінің нәтижесі. Мемлекет басшысының бастамалары мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің тиімді саясаты ғылымның қарқынды дамуына жол ашты.
Университетімізде соңғы жылдары ғылыми жобалар саны едәуір артты. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясындағы зерттеулер көбейіп, халықаралық ғылыми ынтымақтастық нығайды, жас ғалымдардың бастамаларына қолдау күшейтілді. Ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру және өндіріске енгізу бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Бұл жетістіктер – ортақ еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да ғылым мен инновацияны дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз.
Ғылым департаменті.
📷 Дополнительные изображения